Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет153/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

әйел портреті
лирикалық өлеңдердегі 
портреттен әлдеқайда толық, көлемді келетінін атап айту ке рек. 
Ақжүністің «Бұхар барсаң, қолаң бар» деп басталатын толғау-монологын 
алайық.
Бұхар барсаң, қолаң бар, 
Зергер барсаң қасыңда 
Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де, қасым көр;
Немран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де, мұрным көр;
Әр шәһәрға қарасаң, 
Құрулы тұрған күзгі бар. 
Күзгіні көр де, көзім көр;
Самарқан барсаң, мендал бар.
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр,
Молда барсаң, қасында
Мендалді көр де, тісім көр,
Ұсталар барсаң, қасында
Тартулы жатқан сымдар бар,
Сымды көр де, қолым көр:
Тоғайға барсаң, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр,
Мұнда қазақ халық поэзиясына тән 
әйел портреті
барынша толық және 
адамның кескін-тұлғасын бөлшектеп, саралап, талдап суреттеу секілді 
ерекшеліктер айрықша жарқын көрініс тапқан. Кейіпкердің портреті 
оның өз аузымен айтылған сөздермен мүсінделуі де назар аударарлық. 
Толғау-монологты сөз кестесі жағынан алсақ, адам мүшесі мен әртүрлі 
нәрселердің сырт қалпы, пішінінің ұқсастығына қарап, кейбірі олардың 
түсінің бірлігіне қарап алынғанын көреміз. Суреттеу әдісі бастан аяқ 
біріне-бірі жалғасып, тізіліп тұрған теңеулерге негізделген. Монологтың 
композициялық құрылысы да осыған әбден сәйкес. Ой жүйесі қатар-
қатар келген ыңғайлас бөлшектерден құралғандықтан, белгілі бір 
синтаксистік кестенің қайталанып отыруы да орынды көрінеді. Кейбір 
сөздердің, соның ішінде ұйқасатын сөздердің қайталануы толықтыра 
түседі. Бұл жәйттер яғни толғау-монологтың композициясына тән бір 
өрнекті қайталау, үстемелеу
жаңағы әшекейленіп жасалған теңеулердің 
іріленіп, әрі шоғырланып, ерекше жарастық табатынына себепші.


273
Эпоста портреттің әрбір бөлшегінің өзі әдетте жеке бір теңеу, метафора 
не эпитет арқылы сипатталып отырады. Осы тұрғыдан қарағанда халық 
поэзиясының маржаны «Қыз Жібек» дастаны айрықша назар аударарлық. 
Бұл дастанды Мұхтар Әуезовтің аса жоғары бағалауы тегін емес:
«Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем 
болып жасалуында. Сан алуан әсірелеу, көріктеу, ұқсатулардан басқа 
кейбір жеке-жеке сөздердің шеберлігі де сұлу, жатық»
79
. «Қыз Жібек» 
жырында сұлу қыздың бейнесін суреттеп беру үшін өте ұтымды 
композициялық әдіс қолданылған. Жібекті іздеген Төлеген бір көштен 
асып, тағы бір көшке келіп, көш алдында келе жатқан қыз ол болмай 
шыққан соң, одан ары өтіп, өз ғашығын тауып алуға ынтық күйінде ұзақ 
жол шегетіні белгілі. Осылай баяндаудың өзі жырда бірінен-бірі асқан 
жеті қыздың портретін жасау үшін қажет болғаны айқын. Сондай-ақ, 
басқа қыздардың бәрін жаннан асқан көрікті, керемет сұлу етіп сурет теу 
де Жібектің сымбатын солардың бәрінен артық қып көрсе ту мақсатынан 
туған. Жырдағы осы тізбектеле жасалған қыз бейнелері қазақтың 
халық әдебиетінде әйелдің дидарын, ажар-көркін сипаттау өзгешелігі 
жайлы толық түсінік бере алады. Қыздардың портретін суреттегенде 
қолданылатын бейнелі сөздер мағыналық сипаты, құрылыс-бітімі, 
жасалуы жағынан да алуан түрлі болып келеді. Мұнда әйел тұлғасын 
түгелдей мүсіндеп-суреттейтін теңеу, салыстырмалар да, сонымен 
бірге арудың бет-бейнесін, дене мүшелерін, сын-сымбатын, қимыл-
қозғалысын нақтылы, айқын елестететін теңеу, эпитет, анықтамалар да 
көптеп кездеседі. Және нағыз халықтық көркемдік, эстетикалық ұғым-
түсініктерді айқын танытатын, ешбір қоспасы жоқ, мөлдір, таза бейнелі 
сөздердің молдығы назар аударады. Жас арудың ғажайып көркемдігін таң 
жұлдызы Шолпанмен салыстырудан да, оның ақ бетінің ажарын айдын 
көлдің қуындай, құбылған көз қарасын желбіреп, жайнаған батырдың 
алтын туындай, жалтылдаған танадай, лебізін сары алтынның буындай 
деп бейнелеуден де халықтық сипат-белгілерді айқын көреміз.
Осы секілді теңеу-салыстырулар өмір шындығынан туатын нақытлық 
сипатымен де, заттық мағынаны білдіретін қасиетімен де көз тартады. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет