Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет154/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Алтын шыны кеседей, екі көздің шарасы
» немесе: «
Сымға тартқан 
күмістей, он саусақтың саласы
» деген сияқты сипаттамалардағы 
адамның сын-сымбатын, көркін кесемен, күміспен салыстырудан анық 
байқаймыз. Халық ұғымына сіңісті болған бойжеткен қызды толған аймен 
теңеу де мұнда дараланып, түрленіп шыққан: «Толған айдай толқысып, 
Ақ сазандай бұлықсып» деген секілді салыстырма суреттеулер сұлу 
қыздың әсем қимыл-қозғалысын, жүрісін өте шебер бейнелейді.
Жырда Қыз Жібектің кескін-келбеті, көркі айрықша толық, әдемі 
бейнеленген.
79
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Жазушы. 1959. 315-б.


274
Қыз Жібектің құрметі, 
Жиһаннан асқан сәулеті, 
Ләйлі-Мәжнүн болмаса, 
Өзгеден артық келбеті. 
Үш қызы бар қасында-ай, 
Өзі он төрт жасында-ай. 
Кебісінің өкшесі, 
Бұхардың гауһар тасындай. 
Ақ маңдайы жалтылдап, 
Алтын шашбау шашында-ай, 
Қыз Жібектің шаштары – 
Қоғалы көлдің құрағы, 
Көз сипатын қарасаң, 
Сегіз бейіш ішінде, 
Хорлардың жаққан шырағы, 
Дүррі-гауһар сырғасын 
Көтере алмай тұр құлағы. 
Қыз Жібектің ақтығы 
Наурыздың ақша қарындай. 
Ақ бетінін қызылы 
Ақ тауықтың қанындай. 
Екі беттің ажары 
Жазғы түскен сағымдай, 
Білегінің шырайы 
Ай балтаның сабындай. 
Төсінде бар қос анар, 
Нар бураның санындай. 
Оймақ ауыз, құмай көз 
Іздеген ерге табылды-ай, 
Өткірлігін байқасаң, 
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап,
Қалмайын деп ұялып,
Жан-жағын қарап байқастап. 
Кер маралдай керіліп, 
Сары майдай еріліп, 
Тәңірі берген екі аяқ 
Бір басарға ерініп.
Ауылдың алды бел еді,
Белден кешкен ел еді, 
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ығысып,
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Тау суындай қылтылдап,
Сүмбідейін жылтылдап,
Мықындары бұлтылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек 
Отауға қарап жөнеді.
Сол уақытта қараса,
Қыз Жібектің дидары
Нұр ішінде піскендей,
Ұжмақтан самал ескендей,
Сол уақытта бір көрген
Шыбын жаннан кешкендей.
Осындағы Қыз Жібектің жүзінің ақтығын айтқандағы наурыздың 
ақша қарындай, бетінің шырайын сипаттағандағы ақтауықтың қанындай, 
ажарын-нұрын бейнелегендігі жазғы түскен сағымдай, білегінің 
сұлулығын, сымбаттылығын айтқандағы айбалтаның сабындай деген 
секілді теңеулер, сондай-ақ төсіндегі қос анар нар бураның санындай 
деген сияқты салыстырулар – халықтың тұрмыс жағдайына, өмір 
сүрген ортасына тікелей бай ланысты туған бейнелі сөздердің тамаша 
үлгілері. Олардың өзіне біткен айрықша сипатын белгілейтін де осы 
ұлттық бояу-бедерінің айқындығы және мазмұны мен айтылу қалпының 
мейлінше қарапайым, келісті болып келуі. Қыз Жібектің өткірлігін, 
өжеттік-алғырлығын айтқандағы ұсталар соққан кетпендей де ген теңеу 
де дәлдігімен, айқындығымен, тұрмыстағы нақтылы жағдайға қабысып 


275
жатқандығымен ерекше мәнді. Осы тұста нұр тұқымын сепкендей деген 
сипаттаманың жалғас айтылуы тегін емес. Бұл жерде екі нәрсенің – кетпен 
мен тұқым себудің арасындағы әсердің, 
ой жалғастығы
(ассоциация) 
бар екенін еске алуымыз керек: «
Жүйрік аттай ойқастап, құнан қойдай 
бой тастап
» деген салыстырма сипаттамалар халықтың көшпелі өмір 
жағдайында қалыптасқан көркем ой ерекшеліктерін жақсы таныта ды. 
Әйелдің кербез, сәнді жүрісін осылай етіп бейнелеу – аттың, қойдың 
жайына өте қанық, әбден сыр мінез болған қазақ халқына айрықша хас 
жағдай. Бұған қоса: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет