300
Абайдың өнегесін оның жолын қуған талантты әдебиет қайраткерлері
жан-жақты байытып, өрістетті. Ой сойылығы, Сөздің қарапайымдылығы
мен мағыналылығы жағынан Абайға ілесе шыққан ақындардан
Сұлтанмахмұт үндес сезіледі. Сұлтанмахмұт заман шындығын, сол
кездегі өмірді көркем айқындаулар арқылы айрықша ұтымды етіп көрсете
алған.
Дүние – алдау екен, алдасуда,
Өз
обалым өзіме, қалсам кейін.
Дүние – жеу, жегізу майданы екен,
Жеңе алсам, жеймін демей мен не дейін.
Әділдік болады деп тоса берсем,
Өзімді жеп қоятын оған дейін.
Байып алып, біреуді мен де жекпей,
Неге өгіз боп оларға жегілейін?!
Ақын дүниені, айналасындағы өмірді біреудің біреу түбіне жетіп
тынатын «
жеу, жегізу майданы
» деп сипаттап, дүние,
заман сияқты
ұғым мен сол ортада өмір кешкен жеке адам тағдырын қатар алып айтып
отыр. Байып алып, басқаны жегу әркімге тиесілі үлес емес екенін ақын
жақсы түсінеді және ол осыны мұрат етіп отырған да жоқ. Тек заманның,
ортаның, әділетсіздік, зорлық-зомбылық бел алған қоғамның адамның
ой-санасына қандай әсер ететінін аңғартып отыр. Ақын тағы бір тұста
дүниені, заманды, же ке адамды қарама-қарсы қойып сипаттағанда
әсіресе анық байқаймыз:
Жан иесі жегелі бірін-бірі
Өлмеу үшін ауызын ашқан заман.
Дүние – өзен, ағысын кім тоқтатар.
Ағып кете баратын мен бір салам.
Қанаушылар үстемдік еткен қоғамда қарапайым адамның халы
қаншалықты аянышты екенін бұдан айқын,
әсерлі етіп айту қиын-ақ
болар.
Мынау төрде ишандар,
Аузы-басы қисаңдар.
Ат, тоныңмен жұтады,
Аузына егер сисаңдар.
Сұлтанмахмұт дін адамының бет-жүзіндегі қозғалыс-белгіні алып,
сол арқылы есте қаларлықтай бейне жасаған. Одан арғы сипаттауы сырт
301
қарағанда әсірелеп айту секілді. Дүниеқор ишандардың аузы атты кісі
сиярлықтай көзімізге елестеп өткенімен, осы сөздердің ауыспалы мағына
береді. Барыңды түгел жалмап-жұтып қоюға дайын ынсапсыз, жемқор
осылайша өткір әшкереленуі сыйымды. Оқуышыны елең еткізетін бұл
суреттеме мал құмар ишанның мінез-кейпін ашып көрсететін бірден-бір
типтік сипат-белгі болып шыққан. Абайдың жас қыз бен оны мал беріп,
зорлықпен алмақшы болған кәрі шалдың бейнесін бір-біріне қарама-
қарсы қойып, шендестіру тәсілімен өте әсерлі суреттегенін білеміз.
Сұлтанмахмұт «Кедей» поэмасында «жексұрын шал» мен оған малға
сатылып, еріксіз қосақталған жас қызды суреттеген де шендестіру,
қарама-қарсы қойып сипаттау тәсілін үлкен шеберлікпен қолданады.
Жастық
қызу шөлдеткен жас ерінге
Көк мұртты кепкен ерін тұрды-ау тиіп.
Кәрі қол талдай нәзік белді қысып,
Үлбіреген жас тәнді зорлап, құшып,
Қуарған, кепкен тәнін жылытпақшы,
Сәулелі қара көздің нұрын ішіп...
Сәбидің білегіндей торғын тамақ,
Тікенектей көк сақал соны қадап...
Міне, мұнда балғын жас сұлу мен шал үнемі бір-біріне қарсы
қойылып, салыстыра бейнеленген. Қыздың кескін-келбетін,
сымбатын
танытатын сипат-белгілер –
қас ерін, нәзік бел, үлбіреген жас тән,
сәбидің білегіндей торғын тамақ
деген секілді бо лып келсе, шалдың
сиқын
көк мұрт, кепкен ерін, кәрі қол, қуарған, кепкен тән, тікенектей
көк сақал
деген сияқты сипаттамалар арқылы байқатады.
Сұлтанмахмұт – ақындық тұлғасы мүлде басқаша, өзіне тән
дарыны бар суреткер. Бұл жерде сөз әдеби дәстүр жалғастығы туралы.
Сұлтанмахмұттың кейде Абайша толғaп,
өмір құбылыстарын Абайша
бейнелеп көрсететін кездері бар, бірақ онысы ұлы ақынның сөз үлгісін
құр қайталау емес, суреттеу тәсіліндегі кейбір ұқсастықтар ғана.