Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі24,15 Kb.
#27603
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәннің аты: Ритмика

Сыныбы: 4 «ин»

Мұғалім: Сатбаева М.Б.

Күні, айы, жылы: 09.10.2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:

  • Сабақ бойынша алған білімі: Ырғақты – қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып, бұлшықеттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал ету..

  1. Түзетушілік:

  • Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.

  • Дидактикалық ойын арқылы зейінін дамыту.

  • Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау процестерінің жетілуіне ықпал ету..

  1. Тәрбиелік:

  • Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдептілікке татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: доп, шарлар, үнтаспа.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Баланы психологиялық жағынан дайындау.

Оқушылардың назарын аудару.



  • Қазір қай мезгіл?

  • Күз мезгілінде неше ай бар? Атап шығайық.

  • Бізде қазір қандай сабақ?

  • 4 –ші сағат – ритмика сабағы

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Жаңа сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру

  2. Дидактикалық ойын:

І. Кеңістікті бағдарлауға үйрету. Залға саппен кіргізу.

ІІ. Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек –кезек лақтырып жылы лебіздерін білдіреді.



  • Аспанымыз ашық болсын!

  • Елімізде бейбітшілік болсын!

  • Барлық бала бақытты болсын!

ІІІ. Тыныс алуға арналған жаттығулар.

  • Балалар, қазір бойымызды тік ұстап,демді мұрынмен ішке тартып, ауызбен ауа шығарамыз.

  • Қоңыз жаттығуы. Балалар тұрып, қолдарын жанына қояды. Енді қолымызды көтеріп демаламыз. Тынысымызды шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетеміз. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіріп, ж-ж-ж деп айтады.

Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.

  • Шеңбер бойымен жүру.

Дөңгелегі дөңгелеп,

Біздің поезд келеді.

Балаларды алысқа,

Апарғысы келеді.

Гу – гу, Гу –гу, Гу-гу

Жүгіреді паравоз

Балаларды алысқа

Апарады паравоз.



  1. Сергіту сәті: Мен қазақпын биі

  2. Бекіту: Доп кімде ойыны

Шеңбер болып отырып, допты бір-біріне жылдам береді. Кенет әуен тоқтағанда, доп кімде болса, сол өз айыбын өтеуі тиіс.

Шарлар ойыны.

Көк шар – шапалақтау

Жасыл шар – тебіну

Сары шар – үндемеу

Қызыл шар – алақай! – деп айқайлау.



  1. Қорытынды : Оқушылар, бүгін не істедік? Қандай жаттығулар жүргіздік? Ойын түрлері ұнады ма?

  2. Үйге тапсырма: Дене қимылдарына арналған жаттығуларды үйде қайталаймыз

  3. Бағалау: Мақтау, мадақтау.

Каталог: uploads -> doc -> 00b1
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00b1 -> Сыныбы 7 Пән аты Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы
00b1 -> Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Күні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет