Әдеби типтердің мәні.
Дүние жүзінің әдебиетіне көз салсақ, үздік,
шебер жасалған және талай ғасырлардан бері ұмытылмай келе жатқан
тип – образ аз емес. Грек мифологиясындағы Прометей, Антейлер
күні бүгінге шейін үлгілі, тамаша шебер жасалынған образдардың бірі
саналады.
Грек ертегісі бойынша қатал тәңір Зевстің тыйым салуына қарамастан,
Гефестің көрігінен адам баласына от ұрлап беріп, оларды искусствоға,
ғылымға, егін егу, мал қолдану, малдың күштерін қалай пайдалану тағы
басқа да адам тұрмыстарын жақсартудың бірінші рет әр алуан жолдарын
көрсеткен Прометейді қатал тәңір Зевс қатты жазалап, жартасқа
41
кеудесінен, қол-аяғынан шегелеп керіп қояды. Сонда да Прометей Зевске
бас имейді. Өзімен дос тәңірлері, өзіндей алыптар (титандар) келіп,
Зевстің айтқанын жасап, ауыр азабыңнан құтыл деп қаншама жалынса
да, Прометей өзінің адам баласына жақсылық жасауын ең ізгілік іс деп
ұғады да, бетінен қайтпайды. Жылдар, ғасырлар бойы жан түршігерлік
азап көріп жатса да, Зевстің түбіне жететін баласының кімнен туатынын
біле тұрып, ол қанша сұраса да айтпайды; сен ылғи жауыздық жасай бере
алмайсың, тәңірлердің тәңірі болу. Өкімің жойылады деп Прометей Зевске
үрей туғызады. Прометейдің азабын ауырлату үшін Зевс алып қарақұсқа
күнбе-күн оның бауырын жұлдырып жегізеді. Күндіз жеп кеткен
бауырдың орнына түнде бауыр қайта бітеді. Алып қарақұс Прометейге
жан түршігерлік ауыр азапты бір күн емес, жыл дар, ғасырлар бойы
көрсетеді. Бірақ қанша қиналып, қанша ауыр азап көрсе де, Прометей
шыдайды. Зевске құл болудан гөрі, жан шошырлық азаптарын ол артық
санайды.
Сөйтіп, грек ертегісі адам баласының игілігі, алға басуы үшін
күрескен, ол үшін қара күштерден қатал соққы, ауыр азаптар шексе де,
алған бетінен қайтпаған және бұл іске солай болатұғынын біле тұрып,
саналы түрде кіріскен Прометейдің тамаша образын жасады. Прометей
образы – мейірбандық, беріктік, жауыздыққа жаны қастық, көпшілік үшін
қандай қиыншылыққа болсын төзе білушіліктің тамаша үлгісі болды.
Зұлымдық, жауыздық иелерімен, дәулер, мыстандар мен
қаһрмандардың ерлік күрестерін суреттейтін қазақтың да сандаған
ертегілері бар. Солардың ішінен, мысал үшін, «Ер Төстікті» алалық.
Ер Төстік қара күш иесі емес, оның барлық қасиеті нар тәуекел
жүректілігінде, қиыншылыққа төзімділігінде. Малды қыстан аман сақтап
қалу үшін табиғаттың дүлей, мылқау күшімен күресіп, елінен, жұртынан
адасып кеткен ағаларын жалғыз іздеп шыққан жас Ер Төстік талай
азапты шегіп оларды тапқаннан кейін де, сан алуан бөгеттерге кездеседі.
Жердің, үсті ғана емес, астына да түсіп кетіп, бұрынғыдан әлдеқайда
қиын жағдайларға ұшырайды. Адам баласына тек қана жауыздық, зиян
ойлайтын Бекторы, Темір, Шойынқұлақ, мыстан, дәу тәрізді жаулармен
белдескен тартыстарда Ер Төстік жеңіп шығады.
Ертегінің негізгі идеясы – мылқау табиғаттың өлі сырын ашып,
мәлімсіз, жасырын күштерін өздеріне бағындырсақ деген халықтың
оптимистік тілек, мүддесін қамтушылық болғандықтан, оның жауыз
иелері – пері, жын, мыстандар қаншама күшті болса да, ақыры оларды
Ер Төстікке жеңгізеді. Оның күші жетпейтін жағдайларда әртүрлі өнер
иелері, қиял арқылы жасалған адамдарды көмекке әкеледі: жел жетпес
жүйрік, жеті қабат жер астындағыны еститін саққұлақ, қиядағыны көзі
шалатын көреген, екі қолына екі тауды көтеріп, біріне-бірін соғыстырып
ойнайтын алып, т.б. Ер Төстікке жер астында кездесіп, оның қиындықты,
бөгеттерді жеңіп шығуына көмектеседі.
42
Қандай ауыр жағдайда, қандай қиыншылықта өмір сүрсе де, халық –
оптимист. Табиғаттың, мылқау күштерін жеңіп, оны өздеріне бағындыруда
жақсылықты алдан күтіп, болашақта осылай болуы керек деп қиял етеді
де және оған өздері нық сенеді. Міне, мұның тәрбиелік мәні – қиындық,
бөгеттерді жеңіп шығудағы халықтың оптимистік сенімін көрсетуінде.
Ауыз әдебиетінің кешірек туған түрлерінде шығармалардың оқиғасы
да, қаһармандардың күрестері де анағұрлым тұжырымды, шындыққа
жақындай түседі. Қазақтың не басқа елдердің эпостық жырларын алсақ,
оларда өз елі, өз отанын басқалардың шабуылынан қорғау күресі негізгі
мәселе болып суреттеледі.
Ел қорғау санасы ерте оянып, өзінің азаматтық міндеті халқына
жұмсалуын жастай сезінген батыр ұл бүкіл өмірін жорықта өткізеді.
Эпостық жырларда олар қиыншылық көрсе де, төзімді, өз Отаны үшін
елімізге де, жеңуге де әзір, халықтық адал ұлдары болып суреттеледі.
Жазба әдебиеттердің нұсқаларында тәрбиелік мәні зор та маша
шебер жасалған ұнамды образдардың талай үлгілерін табуға болады.
Олардың көбі өмір құбылысының әр алуан жағына үңіле қарап қандай
мәселе болсын терең толғап, кеңінен шешуге тырысады. Абайдың
«Ескендір» поэмасын алсақ, Арис тотель мен Ескендір (А.Македонский)
патшаны бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы әділдік пен жауыздықты
шендестіріп, қан құмарлық, ашкөздікті әділдікке жеңдіреді. Ақыл иесі,
дана, адамгершілікті, тыныштық-бейбітшілікті қолдайтын Аристотель
образын көріп біз сүйінсек, адам өлімін түкке санамайтын шапқыншы
бейнесіндегі Ескендірден жерінеміз.
Көркем образдардың қоғамдық, тәрбиелік мәнін сөз еткенде, әңгіме
тек ұнамды образдар туралы ғана деп түсіну жеткіліксіз. Әрине,
қаһарман ерлік, тамаша әділдік, адал сүйіспеншілік, патриоттық, ақылды,
айлакерліктерді бейнелейтін және олардың барлығы адам баласы
көпшілігінің игілігі үшін істелетін, ұнамды образдың іс-амал, мінез-
құлықын көріп, біз де сондай болғымыз келеді. Адал ниет, идеясына
берік, жаны сұлу кейіпкер әрдайым ой-сезімімізге жақсы әсерлерін
тигізіп, өмірімізге жетекші тәрізденеді.
Өмірдегі жаман мінез-құлықтарды қамтитын ұнамсыз образдың –
типтің үлкен мәні бар. Жалқаулық, еріншектік, бойкүйездікті бейнелейтін
Обломов образы, мақтаншақтың ең жоғарғы түрін аңғартатын Ноздрев,
сараңдықтың қыртысы айналған түрін меңзейтін Плюшкин, жұмыртқадан
жүн қырыққан ұсақтық, пайдакүнемдік, ездікті бейнелейтін Чичиков;
күні өткенін сезбейтін көр көздік, даңғой, құр кеуделіктің образы Дон-
Кихоттардың іс-әрекеттері тәрізді жаман мінездерден біз қашамыз. Ешбір
есі дұрыс адам не Обломов, не Плюшкин, не Дон-Кихот болғысы келмейді.
Жақсы мінез, жақсы іс-амалдардан үлгі алудың мәні зор десек, жаман
мінез, жаман іс-әрекеттен оқушыларын безіндірудің де өзінше мәні
болатындығы сөзсіз.
|