38
Бөгеттің бәрін бүгін үйіп, төгіп,
Еңбегін
кәрің отыр жандырғалы, –
деп ән салады. Алды-артын болжамастан, дегенім болады деп ұғады.
Ақырында, Айманды Әлібек, Шолпанды Арыстан алады да, Көтібар бос
қалады. Баяғыдан бергі үміті босқа кетеді. Ең аяғында, «жұрттың бәрін
қиратамын» деп жүрген батырға Теңге былай дейді:
Шабарсың, иә шабарсың.
Ұқтың ба, анау хабарын?
Мұнда тұрған күйеу – біреу емес, екеу.
Арыстан
Шолпанды алатын бопты,
Сүйінші, міне, сүйінші!
Саған енді дым жоқ-ты,
Бұйырған мына тоқалың (өзін көрсетіп) мен
бопты!
Сонда Көтібар:
Шабармын!
Сірә, шабармын! – дейді.
(Айман – Шолпан», бірінші басылған варианты.)
Пьесада Көтібар өзінің сөзімен де, ісімен де, әрекетімен де,
басқалардан өзгеше, бір бөлек, оқшау тұрады.
Автор оны жекелеп
көрсетеді. Оны қуыс, кеуде, күні өткен, күнінің өткенін өзі де білмейтін,
тарих сахнасынан шығып бара жатқан, күші жоқ феодалдық қоғамның
өкілі етіп алады.
Көтібар да – бірнеше адамдарда болатын мінез-құлықтың жиынтығы.
Қазақ еліндегі феодалдық дәуірдің әлсіреп азып ба ра жатқан кезіндегі,
алды-артын байқамайтын, аңқау аңғырт батырлардың барлығының
орнына алынған, феодал табының өкілі.
Солардың әрқайсысының
басында болған мінез-құлық, іс-әрекеттерін жинастырып әкеледі де, бір
Көтібардың басында болды ғып көрсетеді. Сондықтан ол ерекше, оқшау,
жеке тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: