48
алғашқы кезінде мың басы болған, Аманкелдінің жақсы серігінің
бірі болған Кете февраль революциясынан кейін, Совдеп құрыльп,
кешегі сарбаз еңді солдатқа айналғанда, ендігі кезде әскер басқару
оның шалғайынан алыс жатқанын сезінбеген аңғал батыр Аманкелдіге
мың басы етпедің деп өкпелеп, әуелі одан іргесін аулақ салады. Елге
барып, еш нәрсеге қатыспай жатпақ болған Кете Аманкелді әскерінің
ішінде тыңшылық, бүліншілік жұмыстарын жүргізуші Кенжеқараның
шырмауына ілігіп, қаладағы Совдеп өкіметін өз қолына алып, бас
бұзарлық жасайды. Байлардан алған жерді өздеріне қайтарып береді,
Совдеп әкелген бостандық, теңдікті ыдыратпақшы болып, ел басына
әңгір таяқ ойнатады.
Кете сол істері үшін кейін ауыр жазаға бұйырылады. Оны сол дәрежеге
жеткізген өзі көп айта беретін – қараңғылық. «Қайран қараңғылық!» оған
күні өтіп кеткенін аңғартпайды, «Қайран қараңғылық!» оны Аменкелдіге
кектендіреді, «Қайран қараңғылық!» жерді байларға қайтып бергізеді,
«Қайран қараңғылық!» әйел бостандығына қарсы етеді, «Қайран
қараңғылық!» оған жуан жұдырықтық жасатады ең ақыры, «қайран
қараңғылық!» оның түбіне жетеді.
Қорыта айтқанда, тас қараңғы адамның басқалар туралы: «қайран
қараңғылық-ай!» – деп қынжылуы күлкімізді келтірсе, сөз астарында
Кетенің мінез-құлқы, іс-әрекеті, наным-сенімі жатыр. Олар сол сөздің
сыртқы құрылысына сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: