50
эпизод, көріністер қосылып, кеңейтіліп баяндалса,
онда ол шегініске
айналып кетеді. Осы романның ішіндегі сол адамды қайдан көргендігі
туралы Асқардың өткен бір оқиғаны еске түсіруі экспозициядан гөрі
шегініске жақын. Бұл екеуін шатастырмауымыз керек.
Байланыс.
Шығармадағы оқиғаның неден басталуы және келешектегі
оқиғалардың үзіліп қалмай, бірі мен екіншісінің жалғасып отыруларын
байланыс
(завязка) деп атайды
«Шұғаның белгісіндегі» оқиғаның бірінші байланысы –
Әбдірахманның
Есімбек аулына келуі, Шұғаның оны сыртынан көріп
ұнатуы. Екінші байланыс – алтыбақан ойынында кездесіп,
екеуінің
жақын танысуы, т.б.
Сюжет
– қатысушылардың, өзара қарым-қатыс, күрес, тартыстары,
бірақ тартысушылар шығармаға бір уақытта емес, әр кезде келіп
араласады. Сол жаңа адамдардың бұрынғылармен
алғашқы кездесуі
келешектегі жаңа оқиғаның байланысы да бо лып саналады.
Дәлелдеу.
Сюжетте кездесетін композициялық элементтердің негізгі
бірі –
дәлелдеу
(мотиви ровка). Оқиғаның неге олай болуы, кейіпкерлердің
іс-әрекет, амал, айла, күрес, тартыстары, күйініш-сүйініштері, қайғылы
халдерге ұшырауы – бәрі де көркем шығармада дәлелделініп отырады.
Шын мәніндегі көркем шығармада дәлелделінбейтін бір амал, әрекет
болмайды. Ең ақыры қатысушылардың
сөйлеген сөздерінің өзі де
дәлелденеді. Көркем шығармаларда біреудің жұпыны, қарапайым
сөйлеушілігі, екінші бір қаһарманның әдемі,
мәдениетті сөйлеушілігі
кездейсоқ емес, белгілі себебі барлығын, автордың олай сөйлетуге дәлелі
молдығын көреміз.
Көркемдік – шындықта. Қандай шығарма өмірдегі болған не болуға
мүмкін шыңдықты дәл көрсетсе, сол шығарма көркем. Ал шындықтың
негізі – іс-амал өмір құбылысына сай дәлелденуде. Қаһармандардың іс-
әрекетіне, күрес-тартысына, күйініш-сүйінішіне, мінез-құлқына, наным-
сеніміне оқушылары шек келтірмей, сенерлік дәрежеде дәлелденбесе,
оған ешкім нанбайды. Демек, ондай шығармада шындық жоқ, соңдықтан
ол көркемдіктен де аулақ.
Қорыта айтқанда, шығарманың көркемдік ерекшелігін дұрыс түсіну
оның мазмұнына
сай дәлелдеулердің бар, жоқтығын дәл айқындай
алғанда ғана мүмкін деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: