51
жағдайларға
ұшырайды, әр алуан қарым-қатынастарда болады. Кейде
жағдайдың өзгеруі қатысушылардың арасындағы байланыс қарым-
қатынастарды өзгертіп жібереді. Өмір бойы Итбайдың атарман-
шабарманы болып келген Бүркітбай 1916 жылғы көтеріліс кезінде халық
жағына шығады, өйткені жағдай солай болады.
Майданға баратын
жігіттердің тізімінде Бүркітбайдың да болуы, оны Итбайға қарсы шығуға
мәжбүр етеді.
«Шұғаның белгісінде» Әбдірахманның әкесі үйіне пішен сұрай
келгенде, әйелі қос қазыны бұзбай салып, ақысыз бір шана шөпті
шанасына
тиетіп жіберген Айнабай, жағдай өзгеріп, Әбдірахман
оның қызына үйленбейтіндігіне көзі жеткеннен кейінгі жерде, ол
Әбдірахманның қас жауының бірі болып шыға келеді. Әбдірахманға
бұрынғы
көзқарас, қарым-қатынастары мүлде өзгереді.
Көркем шығармадағы ситуация осылар тәрізді болып келеді.
Шиеленісу (
латынша
– intrigare – шиеленіс)
–
көркем әңгіме роман,
поэма, драма сюжеттеріндегі оқиғаның шытырманданып, қиыннан
қиысуын, қатысушылардың араларындағы тартыстардың бірден
асқынуы.
Көркем шығармалардың
сюжеттері қызықты, тартымды болуының
шын сыры оқиғаның шиеленісуінде. Егер тартыс басталғанда-ақ
оқиғаның қалай өрістейтіні, шешуі немен
тынатындығы белгілі болса,
ондай шығарма оқушысын қызықтырмайды. Сондықтан жазушылар
оқиғаның шешуіне жеткенше немен тынатындығын аңғартпай, өзінің
ойлаған бағытына
оқушыларын еріксіз жетелеп, қаһармандарының
соңынан ертіп отырады. Кейде әңгіменің бас жағында, ұнамсыз бейнеде
суреттелген қаһармандарды көріп, «Мынау түзелмейтін бір қу шығар?» –
деп отырсаң, белгілі бір жағдай, себептердің арқасында түзеліп, ұнамды
қаһарманға айналады, алғашқы соғыста қорқақтық көрсеткен солдаттың
кейін асқан батырлық істеуі де мүмкін. Қысқасы, жазушылар алуан
әдістерді қолданып, шығармаларының сюжетін тартымды, қызғылықты
етіп шығаруға күш салады.
Көркем шығармалардағы суреттелетін оқиға, адамдардың
араларындағы қарым-қатынастардың
қиыннан-қиынға, соқпақтан-
соқпаққа ұшырап отыруларын
шиеленісу
дейді.
Оқиғаның сыртқы көрінісін қызық,
тартымды етіп беру арқылы,
өмірдің өзіндегі шындық болмыстан алыстап, оқушыларын әдейі басқа
жаққа жетектеуді мақсат ететін буржуазиялық детективтер аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: