97
Қарағай – судан қашып,
Шөлге біткен бір дарақ.
Шортан – шөлге шыдамсыз,
Балықтан шыққан бір қарақ, –
деп келетіні де сондықтан. Бұхардың жеке эпитет, метафора, теңеулерін
алсақ та, осы тәрізді ылғи жұмбақталған, ұшығын көрсете сөйлеген
образдар боп келеді. Бұхардың ізін баса шыққан Махамбетті алсақ,
оның тілі Бұхардан өзгеше. Ол өз кезіндегі үстемдік етуші тапқа қарсы
шықты. Езуге шыдай алмай хан, патша, төре, сұлтан, билерге қарсы
көтерілуші шаруалардың жыршысы болды. Поэзиясының тілі – халық
тілі, сондықтан да оның тілі әрі өжет, өткір, көпшілікке түсінікті.
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғың жоғалмай...
Қасарысқан жауыңа
Қанды көбік жұтқызбай, –
деп көтерілуші еңбекші шаруалардың не істеу керектігін қолға
ұстатқандай етіп сөйлейді. Оның әрбір образдары да сол күрес тілегіне
бағыныңқы түрде жасалады. Тап осы тәрізді, әр таптың жазушыларының
тіл өзгешеліктері болатындығын орыс әдебиетінен де анық көруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: