98
көкшіл
– эпи тет;
көк шатырдай
– теңеу,
бірақ жай теңеу емес,
көріктеліп барып теңелген теңеу. Бұл сықылды эпитет пен теңеулер
аралас келе береді.
Эпитет пен метафораның байланысы.
Метафора мен теңеу
тығыз байланысты, бір-біріне жақын. Теңеудің
жұрнағын метафораға
қосса метафора теңеуге айналады. Теңеудің жұрнағын қысқартқанда
теңеулік мағына бермей, балаулық мағына берсе, метафора болады деп
біз жоғарыда айтқанбыз. Енді эпитет пен метафораның,
кейіптеу мен
теңеудің қандай байланысы барлығына тоқталық. Ме тафора теңеудің
қысқарған түрі болғандықтан, эпитет,
метафорамен де аралас келіп
отырады. Мысалы:
Бала – бауыр, бал бауыр,
Бала, ана – зор бауыр, –
(Ж. Сыздықов)
деген үзіндідегі бірінші
жолдағы бауырдың алдындағы
бал,
екінші
жолдағы бауырдың алдындағы
зор
– эпитеттер, бірақ өлең – метафоралық
өлең. Мағына жағынан алғанда, автор айтайын дегенін эпитет арқылы
емес,
бала
мен
ананы
әртүрлі
бауырға
балап, метафора жасау арқылы
көрсеткен. Сол нәрсені ашығырақ, жанды, өткірірек етіп көрсету үшін
эпитетті жәрдемші ретінде қолданады.
Эпитет, теңеулер олицетворениемен жазылған шығармаларда да
аралас келе береді. Мысалы, Абайдың «Қыс» деген өлеңінен келтірген
осы үзінді –
Достарыңызбен бөлісу: