Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет67/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Өлеңнің әлеуметтік рөлі.
Көркем әдебиет не өлеңмен, не көркем 
қара сөзбен жазылады. Бір елдің әдебиетінің ер жеткендігінің
профессионалдық әдебиет дәрежесіне көтерілгендігінің негізгі 
бір белгісі деп поэзиясымен қатар, үлкен прозасы, бойжеткен 
драмасының барлығы саналады. Ол дұрыс, бірақ көп елдердің 
тарихын алсақ, прозаның да, драманың да жұмысын көп ғасырлар 
бойы өлең – поэзия атқарып келген. Көркем әдебиет дегенде тек 
поэзияны ғана атауға болатын дәуірді де көркем әдебиет бастан 
кешірді, өйткені проза, драмалар одан анағұрлым кеш туды.
Қазақ халқының тарихында өлең тек қана көркем қара сөздің
драманың жұмысын атқарып қана қойған жоқ, ой-пікірді өрістету, 
халықтың өткен тарихтағы ерлік істерін жырлау, патриоттық 
тәлім-тәрбие беру тағы басқа да толып жатқан әлеуметтік мәні зор 
жұмыстар атқарды.
Өлең құрылыстары. 
Әр елдің өлең құрылысы, тіршіліктеріне, 
әртүрлі шаруашылық сатысына, тіл ерекшеліктеріне қарай әртүрлі 
болады. Дауысты дыбыстары ұзын, қысқалы болатын тілдер бар. 
Бұл тілдерде дауысты дыбыстың ұзыны, жай дауысты дыбыстың 
екеуіне тура келеді. Мұндай тілдердегі өлең құрылыстары, созымды 
дыбысы бар сөздер мен созымсыз дыбысы бар сөздерді реттеп 
құрастыру арқасында жасалады. Мысалы, араб, парсы, латын 
тілдері сияқты тілдер. Мұндай өлең құрылысын 
метрикалық өлең 
құрылысы
дейді.
Екінші бір тілдерде буын екпін заңымен құралады. Мысалы: 
орыстың өлең құрылысы. Орыс тілінде екпінді буын (екпін тұрған 
буын) бір сөздің басында келсе, екінші сездің ортасында, үшінші 
сөздің аяғында, тіпті бір сөздің өзінде де бір жерде тұрмай, әр буынға 
көшіп жүреді. Мұндай тілдерде екпінді буын, екпінсіз буындарды 
реттеп орналастыру арқасында құралады. Мұны 
тоникалық 
өлең құрылысы
дейді. Орыс өлең құрылысын тоникалық немесе 
силлабо-тоникалық өлең құрылысы деп атайды.
Үшінші бір тілдерде екпінді буындар сөздің бәрінде де, 
көбінесе бірыңғай баста, не аяқта келеді. Мұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет