130
XVII-XVIII ғасырда ертедегі Грек және Рим үлгісіне сүйеніп жазатын
жаңаша бір бағыт туды. Бұлар өзгеше творчестволық бағыт ұсынды
(ертедегі Рим, Грек әдебиетін олардың көпшілігі өзінше талқылады және
көп мәселені теріс түсінді). Бұл бағытты жасаушылар дворянство және
дворянствоға жақын сауда буржуазиясының жоғарғы топтары болды.
Классицизмге тән ережелерге көркем шығармалардың бағынуы шарт
еді. Көркем творчество сарай маңындағы жоғарғы қауымның ұнатуына,
солардың қалауларына бейім болуы керек болды.
Тақырып таңдап алу және шығармаға қатысушыларын іріктеу
мәселелері классицизм тәртібіне бағынып отырады. Әдебиетте
суреттелетін адамдар үстем таптан алынды. Төменгі таптардан шығармаға
адам кіргізуге тек комедияларда ғана рұқсат етілді. Тақырыпты және
шығармаға қатынасушы геройларды осылай таңдап алудың салдарынан
ол кездегі әдебиеттің үстем түрлері:
трагедия, комедия, батырлықты
суреттеген поэмалар
. Поэзияның лирикалық түрлерінен
ода
ғана (бұлар
туралы кейінірек айтамыз) болды. Көркемдігі жағынан құнды трагедия
жазушы Францияда Корнель, Расин, Англияда Шекспир, ал комедияның
үздік авторы Мольер болды.
Классицизм
бағытындағы шығармалардың өзінше өзгешеліктері
тек тақырып пен қатысушыларды таңдап алуда ғана емес, сонымен
қатар қатынасушы адамды суреттеуінде де өзгешеліктер болды.
Қатысушылардың мінезі бір жақты суреттелді. Қатысушылардың
қайсысы болсын, оларда психологиялық қасиет (батылдық,
қайырымдылық, серттен таймаушылық, т.б.) үстем болып алыңды.
Бұлар шындық өмірдегі адамдардан гөрі, әртүрлі киім кигізіп, қиялдан
жасап шығарған адамдарына жақын. Қатысушылардың мінез-құлығы
өмір шындығынан алшақ жатты. Өз бастарындағы күйініш-сүйініштер
жөнінде көп ойланып, ұзын-ұзын монологтар сөйлейтін болды.
Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын
бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды «үш бірлікті»
сақтай отырып жазу керек. Бұл «үш бірлікті» caқтамаса, жоғарғы
ережеден шетке шыққан болып саналады. «
Достарыңызбен бөлісу: