134
Реализмнің элементі ауыз әдебиетінде де, классицизм, ро мантизм
методымен жазылған шығармаларда да кездеседі. Романтизм методымен
жазылған шығармалардың кейбіреуінде
реализм элементтері мидай
араласып, жігін ашу қиынға да түсетін жайттар кездеседі. Әйтсе де
айыруға, негізінде, қай методқа жататындығын білуге болады.
Реализмнің дамыған, толысқан кезі – XIX ғасыр. Қай елдің әдебиетінде
болсын реализм методының XIX ғасырда дамуы кездейсоқ емес, қоғам
өмірінің даму жолдарымен нық байланысты. Европада Бальзак, Флобер,
Диккенс,
орыста Пушкин, Турге нев, Л.Н.Толстой, Гоголь, Гончаров
тәрізді бүкіл дүниежүзі әдебиетіне үлгі
болған ұлы реалистер, қазақ
әдебиетіндегі Абай – бәрі де XIX ғасырдың төлдері.
Қазақ әдебиетінің тарихында біз Абайды ең үлкен реалист ақын
деп танимыз. Бұдан Абайға шейін бізде
реализм болмады деген ұғым
тумасқа керек. Болды. Махамбет, Алтынсарин сықылды талантты ақын,
жазушылар да өз кезіндегі өмір шындығын шебер көрсете де білді, бірақ
Абай өмірге реалистік көзқарасты олардан гөрі де тереңдете түсті. Өмірдің
әр алуан жағына көз тігіп, типтік мінезді, типтік жағдайға дәл, сайма-сай
етіп іс- керлікпен суреттей білді. Ол басқалар аңғармастай, кейбір ұсақ
жайттарды да көреді. Суреттеген өмір құбылысы, адамдардың іс-әрекеті,
психологиялық жағдайларды көрсетуі, тіпті жеке сөз образдары бәрі де
өмір шындығына дәл, соның бір жанды бөлшегі тәрізденді.
Абайдың «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Жаз»,
«Қыс» тәрізді табиғат лирикаларын мысалға алалық. Бұл өлеңдердегі
сөз болып отырған күз, қыс, т.б. құбылыстардың өмірдің өзінде қандай
болса, ақынның суреттеуінде дәл со лай болып шығуының өзі шындықты
көрсетудің тамаша үлгісі, сол өмірдің кейбір көзге ілінбестей жақтарын,
бөлшектерін
көре біліп, оның егжей-тегжейіне шейін қалдырмай жете
су реттеу арқылы оған оқырманның көңілін аудару және сол шындықтың
ішкі астарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі жатқандығын аңғартуында.
XIX ғасырда реализмнің бір түрі
Достарыңызбен бөлісу: