128
салмайды.
Әуелі ағым, бағыт дәрежесінде болып басталады да, кейін
дами, өсе келе әдеби стиль әдеби метод
34
дәрежесіне көтеріледі.
Біз XVIII-XIX ғасырлардағы әдебиет бағыты дегенде, әдебиетіміздің
(қазақ әдебиеті) даму процесін әдеби стиль
35
методқа айнала бастау
ұғымында айтып отырмыз. Әдеби стиль өзгермейтін тас боп қатып қалған
нәрсе емес, қоғамдағы
таптың өзгерген жағдайына, әр дәуірдегі күрес
тартыстардың кезеңіне бағыныңқы түрде стиль де өзгереді. Қоғамдағы
жаңа тап өзімен бірге жаңа мазмұн, жаңа мүдде, жаңаша құралған ой-
сезімдерді ала келеді. Жаңа мазмұн, әдебиет өзіне лайық түр, үлгі
туғызады.
Әрбір жаңа тап өзінен бұрынғы таптың мұрасын пайдалана отырып,
біртіндеп өзінің суреттеу құралдарын бір жүйеге салады. Әрбір жаңа
стиль, метод басқа стильден төмендегілер арқылы айырылады.
1) Өмірге жаңа көзкарас, жаңаша дүние танушылық, 2) су реттеу
үшін
өмірдің жаңа, басқаша бір жағын таңдап алып, ескі тақырыпты
жаңаша көрсету, 3) дүниеге жаңа көзқарасты айтып беру үшін суреттеу
құралының жаңа жүйесін табу, 4) әдебиет мұраларына жаңа қатынас,
жаңа көзқарас.
Әр жазушының өзіне тән ерекшелігі.
Стиль
– әр жазушының өзіне
тән шығармалық ерекшелігі. Бұл ерекшеліктер сюжет, композиция, тіл,
сөз, сөйлем құрылыстарында айқындалады. Шығармасына желі етіп
алған оқиғасын қалай суреттеу әдісінен белгілі болады. Біреу – лирик,
екіншісі – эпик, үшіншісі – юморист, төртіншісі – сатирик.
Абай мен Махамбет екеуі де халық ақыны, бірақ екеуінің де өзінше
суреттеу әдісі бар. Абай негізінде сатирик, Махамбет са тирик емес.
Феодалдық көзқарастағы ақындар әдеби бір стильге жатады. Мұрат пен
Шортанбайдың суреттеу әдісінде басқашалық бар, бірақ шығармаларында
айырма
болғанмен, белгілі бір таптың жазушысы. Шындық болмысқа
жалпы көзқарасы бір. Өмірге өз көзқарасымен қарайды, сондықтан
жазушылардың суреттеу жүйелерінің түрі бір болады.
Қазақ совет поэзиясының ірі өкілдері Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Сәбиттер бәрі де
социалистік реализм методының, стилінің өкілдері.
Әрқайсысының өзіне тән, басқаларда жоқ ерекшеліктері бар. Мұны
олардың стильдік (екінші мағынасындағы) ерекшелігі дейміз.
Сәкен қазақ совет поэзиясына жаңа
тыныс
(интонация), жаңаша
ырғақ, жаңаша түр енгізді және көпшілік өлеңдерінде соны берік сақтап,
белгілі бір жүйеге айналдырды
34
Метод (грекше – methodos) – зерттеу, зерттеудің әдісі, принцип.
35
Стиль (грекше – stilos) – бір жазушының өзіне тән идеялық-көркемдік ерекшелігі (стиль –
адам)
немесе бірнеше ақын, жазушылардың шығармаларында кездесетін идеялық-көркемдік
бірлік, жақындықтарын да бұрынғы стиль, әдеби стиль деп атайды. Қазір бұл ұғымда әдеби
метод қолданылады.
129
Бейімбет қазақтың ескі поэзиясындағы юморлық әдісті жаңа идеялық
мазмұнға сәйкес ілгерілетіп дамытты. Қарапайым жай сөздердің өзін
шебер қиюластыруы, ирония, сарказмді іскерлікпен пайдалану арқылы
өмір құбылысын көркем бейнелеп, Мырқымбайдай
ауыл еңбекшісінің
өлмес образын жасады.
Ілияс өлеңдеріне инверсия, үздік образдар тән. Өзіне шейінгі поэзияда
болмаған сөз образы (теңеу, эпитет, метафора, ме тонимия), жаңаша
құрған сөз тіркестері Ілияс өлеңдерінде жиі ұшырайды.
Сәбит өзінің творчестволық өсу жолдарының әсіресе соңғы
кездерінде өлеңді мазмұнға құруға, сөйлемде ойға қатысы жоқ сөз
болмау
керектігіне, өлеңнің тақпақтап айтуға лайықталуына көп көңіл
бөлді. Өзінің өлеңдерінің бір ерекшелігі есебінде берік ұстап қалды.
Осындай ерекшелік таза қара сөзбен айналысатын жазушыларда да
бар. Қай елдің тарихын алсақ та, әдебиетінің даму жолдарында жеке
жазушылардың үлкен мәні болғанын білеміз. Халық ақындары, оның
ішінде Абай да қазақтың жазба әдебиетін,
әдеби тілін жасаушы, қазақ
әдебиетін тақырып, түр жағынан байытқан. Қазақ оқушыларын шығыс,
батыс, орыс әдебиеттерімен таныстырып, ақындардың (Пушкин,
Лермонтов) шығармаларын қазақ даласына таратты.
Достарыңызбен бөлісу: