Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет81/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

7. Аралас келетін ұйқас. 
Бір шумақтың бірнеше тармақтары ша лыс 
ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не 
басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп бір шумақтың өзінің ішінде басқа 
ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады. Осы 
сықылды ұйқастарды 
аралас келетін ұйқас
деп атайды. Мысалы:
Ата, анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірегіне көп жұбаныш
Гүлденіп ой өлкесі.
Еркелік кетті, 
Ер жетті,
Не бітті?
(Абай)
Бұл үзіндінің өзі бір шумақ, 7 тармақтан тұрады. Ұйқас түрлері жоғары 
біз келтірген өлең ұйқастарынан бөлегірек. Әйтсе де, байланысы бар. Бұл 
шумақтың алдыңғы 4 жолы шалы ұйқастан, соңғы 3 жолы шұбыртпалы 
ұйқастан құралған. Шалыс ұйқас пен шұбыртпалы ұйқастан жаңаша 
ұйқасты өлең жасалып отыр. Жалғыз ғана бұл екі ұйқас емес, басқа 
ұйқастардың да осылай араласып келуі мүмкін. 
Қазақ өлеңіндегі ұйқастың негізгі түрлері 8, дей тұрсақ та қазіргі бұл 
айтылғандармен ұйқас түрі түгелденбейді, өйткені орыс не басқа тілдерден 
қазақшаға аудару мәселесімен байланысты әртүрлі ұйқастардың кіруі 
мүмкін. Ол заңды нәрсе. Кейде оны ақындар аударып отырған тіліндегі 
өлең құрылысының ерекшелігін сақтау үшін, кейде онсыз мағынасын 
толық беруге болмайтындықтан қолданады. Кейбір ұйқастар тұрақталып 


124
та келеді. Мысалы, орыс өлеңдерін аударумен байланысты 
қаусырмалы 
ұйқас
(а 

 в 

 в
 

 
а)
ене бастады, бірақ бұл айтылған жаңа ұйқастар әлі 
тұрақталып, қазақ өлеңдерінің байырғы ұйқастарына айналған жоқ
әзірше кітапқа енген жоқ.
Ұйқас мәселесін сөз еткенде, айрықша тоқталуды керек ететін 
жайттың бірі – 
ішкі ұйқас
(внутренняя рифма). Ішкі ұйқасты сөз етудің 
әрі теориялық, әрі практикалық мәні бар. Орыс тіліндегі әдебиет 
теориясы кітаптарында, жеке зерттеулерде де бұл ұйқастың өзіне тән 
ерекшелігі де, өлеңнің көркемдік қасиетін арттыруда қандай мәні 
барлығы да әлдеқашан айтылып, белгіленген. Біздің теориялық кітаптар, 
әдеби зерттеулерімізде ішкі ұйқас туралы еш сөз болмайды. Ішкі ұйқасты 
оқырман жұртшылықтың көбі мүлде білмеуі де мүмкін, сондықтан ол 
жөнінде біраз тоқталу қажет тәрізді.
Ұйқастың өлең жолдарының тек аяғында ғана емес, басында да, 
ортасында да кездесетін жерлері болады. Мұны өлеңнің 
ішкі ұйқасы
деп атайды. Ішкі ұйқас белгілі мөлшерде қолданылса, табиғи дәрежеде 
болса, өлеңнің музыкалылығын күшейтеді. Оқуға жеңіл әрі тартымды 
болады: 
Ән салсаң Әсеттей сал 
әсемдетіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет