121
Айырмасы жалғыз-ақ буын санында. «Аттың сыны»
өлеңінен
алған, «Аяңы тымақты алшы кигізгендей» деген үзінді 11 буыннан
тұрса, мына үзіндінің әр жолы 7 буыннан тұрады, ұйқасы жағынан
ешбір айыр масы жоқ.
2. Шұбыртпалы ұйқас.
Махамбет, Абай, Жамбыл, т.б.
халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін ұйқастың
түрі. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолы ұйқасады.
Ұйқаспайтын жол не бір не екі, онда да, ой
бітер жердегі аяққы
жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдың бәрі бір
ұйқаспен келеді. Мысалы:
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі
найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай
Тебіңгі
терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен
туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі
талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебіңгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу
толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
(Махамбет)
Осы үзіндіде 19 жол бар, бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде
ұйқассызы тек екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей бо-
лып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды
шұбыртпалы ұйқас
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: