Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет90/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Социалистік реализм.
Искусство мен әдебиеттің өмірге қатынас, 
бай-ланысын белгілеуде, оның әр алуан құбылысын дұрыс көрсетуде ең 
негізгі, ең биік сатыдағы әдеби метод – социалистік реализм. 
Социалистік реализмге тән кейбір ерекшеліктер марксизм 
классиктерінің еңбектерінде ертеде айтылған. Про летариат революциясы 
жеңіп, жұмысшы табы өкімет тізгінін өз қолына алғанда, ол қандай 
әдебиеттік принциптерді ұсынуы жайлы Ф.Энгельс әлденеше құнды 
пікірлер айтқаны бізге мәлім десек, В.И.Ленин өзінің «Партиялық ұйым 
және партиялық әдебиет» атты мақаласында социалистік реализмнің 
негізгі принциптерін айқын көрсетеді.
1932 жылғы КПСС Орталық Комитетінің қарарынан екі жыл кейін, 
1934 жылы Совет жазушылары одағының бірінші съезі болып өтті. 
Съезде Совет жазушылар одағының уставы қабылданды. 


136
VIII ТАРАУ
 ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Көркем әдебиетті 
эпос, лирика, драма
деп үш топқа жіктеуге болады. 
Бұлай жіктеуді 
әдебиетті тегіне қарап бөлу 
деп атайды. Ғылыми 
зерттеулерде әдебиет тектерін (литературные роды) 
жанр
36
деп те атайды. 
Эпос 
(грекше
 
– 
epos
 – 
сөз, әңгіме). 
Эпос
– көркем әдебиеттің негізгі 
жанрының бірі. Әдебиеттің басқа жанрларына (тектеріне) қарағанда 
эпос жанрына жататын көркем шығармаларда оқиға, адамдардың 
араларындағы қарым-қатынастар біртіндеп дамиды. Қандай өмір 
құбылысын суреттесе де, әр жағдайдағы адамдардың арасындағы 
тартысты баяндаса да, не олардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сипаттаса 
да, жазушы өзінің оларға қалай қарайтынын аңғартпайды. Тек көруші, 
бақылаушы, біреулерден естіп, сол естігенін, объективтік қалыпта 
суреттеп айтып беруші дәрежесінен аспайды. Міне, осы әдіс негізінде 
берік сақталып жазылған көркем шығармалар, мейлі өлеңмен, мейлі қара 
сөзбен жазылсын, эпостық жанрға жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет