Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет105/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Аспан күлімсіреп тұр
дегенде Абай, әрине, аспанның ашық, нұрлы 
екенін айтып отыр. Бірақ, 
аспан ашық
деген сөздің әсері 
аспан күлімсіреп 
тұр
дегендей болмас еді. Өйткені алдыңғысы әншейін хабар, ауызекі 
айтыла салған сөз ғана да, соңғысы – сөзбен салынған сурет. Бұл әрі 
нақты, әрі затты. Бұл – бедерлі бейне, көркем образ. Сөз зергерлері 
көркем сөз арқылы бұлайша өрнек төгіп, айшық жасамаса, әдеби 
шығарма да тумас еді. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде 
әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-ақ көркем әдебиеттің 
жалпы «әдебиет» атаулыдан айырмашылығын да, артықшылығын да 
қоса танытып тұр.
Әдеби шығарма, оның ішінде өлең арқылы жасалған көркем бейне 
болмаса, мысалы, даланың селеуі, шеңгелі мен шиі дәл мынадай тірлікке, 
әрекетке ие бола алмас еді:
Елсіз жер... еңіреген інгенде күй,
Селеулер жел оятқан билеген би.
Аулақта қорқақ қоян зар тыңдаған,
Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.
(І.Жансүгіров)
Жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет! Кең дала күйге толы. 
«Еңіреген інгеннің» қасіретін, «зар тындаған қоянның» қайғысын өз 
алдына қойғанда, өлі ұйқыдан елгезек «жел оятқан селеудің биін», әрі 
назға, сазға елтіп, әрі ойға, мұңға батып, тым-тырыс «тұқырып қалған 
шеңгел мен шидің» күйін қараңыз...


169
Лириканы әркім өзінше ұғып, оңаша тұшынбаса, оны ежіктеп 
түсіндіріп жату ағат. Өлеңге қара сөзбен комментарий беру келіспейді.
Тек мынаны білу керек: көркем әдебиеттің оқыған адамды 
баурап алар, оның жан дүниесіне әсер етер құдіретті күші осынау 
образдылығында жатады. Образдылық – суреттілік, сөздегі сурет. 
«Әр сөз, – дейді Потебня, – қалай болғанда да, өзінің поэтикалық 
шығарма қалпын бастан кешіреді»
39
. Бұған қарағанда, әр сөздің түп 
төркіні – зат, сурет, образ. Орысша защита деген сөз бар. Қазақшасы 
– қорғау. Осында не тұр? Әншейін бір ұғым ғана. Ал осының байырғы 
тегіне қарасақ, 
Стоять за щитом
деген бейнелі сөзден шыққанын 
білеміз. 
Қалқалап тұрды қалқанды
деген тіркес, шынында да, біздің 
көз алдымызға образ, сурет болып елестейді. Дәл осы секілді, қазақ 
сөздерінің қай-қайсысы да, Потебня айтқандай, бір кезде өзінің 
бейнелі «қалпын бастан кешіргені» даусыз. 
Тастау 
деген сөз тасқа 
байланысты қимылдан, 
тонау
– тонға байланысты әрекеттен, 
қолдay 
– қолға байланысты бейнеден, 
бүйрек 
– бүйірге байланысты суреттен 
шыққан. Айталық, 
тулау
деген сөз әлгі 
қорғау
деген сияқты әншейін 
бір ұғым ғана. Ал осының түп төркінін байқасақ, жылқының әбден 
торалып, семіріп, тусырауы екен. Ту жылқы жалына қол апартпайтын 
мінезсіз, асау болатын көрінеді. Сөйтіп, 
тулау
деген ұғым да затты, 
нақты бейнеден шыққан.
Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әp сөз өзара 
қатар түзеп, тіркес құрағанда, бір түрлі бір қиял жетпес қызық айнаға 
айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық-өрнегі, 
сурет-сәулесі түсетін тәрізді. Образдылық осылай пайда болады.
Гималай – көктің кіндігі,
Гималаи – жердің түндігі.
(І.Жансүгіров)
Бұл – метафора тәсілімен жасалған сурет: екі нәрсе қатар қойылып, 
бір-біріне (силлогизмдегідей бағындырылмай) баланады, өзара «сәуле 
түсіреді», сол арқылы оқырманның көз алдына үшінші нәрсенің суреті 
жайылады. Байқап қарасақ, образдылық дегеннің өзі әр сөзге оның 
о бастағы заттылығын қайтып беретін секілді, сөйтіп, затты сөзді 
нақты суретке айналдыратын тәрізді. Бұл – аса қызық процесс және 
П.В.Палиевский айтқандай, дәлелдеуге келмейтін, анықтауға көнбейтін
40
аса қиын процесс.
39
Потебня А.А. Из записок по теории словесности. Харьков, 1894. стр. 114.
40
Теория литературы. Основные проблемы в историческом освещении. М., АН СССР. 
1962. т. 1. стр. 80.


170
III
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі 
суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды 
жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Шындықты көркем жинақтау жайлы әр тарап пікірлер бар. Жинақтау 
дегеннің өзі – әдеби тип жасау әрекеті. Ал типтендіру турасындағы 
пікірлер тіпті қым-қиғаш. Әдебиет пен өнердегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет