Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет141/227
Дата09.02.2023
өлшемі3,11 Mb.
#168140
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   227
Байланысты:
әдебиет теориясы

Бейнелі сөздердің
басым көпшілігі – теңеу, метафора, мето нимия, 
аллегория, символ, эпитеттің ауыспалы мағынасы бар мол тобы 
(мысалы, қанды көз деген сияқты) – екі нәрсені, екі құбылысты бірімен 
бірін салыстыруға, бірінің сипатын біріне алмастыруға негізделеді. 
Поэзиядағы осындай салыстырудың өзі жайдан-жай тумайды, көп ретте 
әртүрлі құбылыстардан белгілі бір ұқсастық табумен ғана іс бітпейді. 
Құр салысты руда тұрған айтарлықтай ештеме болмауы да мүмкін. 
Екі нәрсені жанастыру, жақындастыру үшін олардың қасиетін, 
76
Толстой Л.Н. Собрание сочинений в 20 томах. М., 1948. т. 15. стр. 140.


251
ерекшелігін түсіне білу, олардан бір не бірнеше ортақ белгі, ұқсастық, 
қарама-қайшылық сипат табу керек. Ендеше салыстыру дегеніміз көреген 
ойдан, өткір сезімнен шығады.
Салыстыру, ұқсату, балап айту, тұспалдау
тәсілі солай етсем 
деген жалаң тілектен ғана тумай, өмірден алынған нақтылы әсерлер 
негізінде, яғни екі нәрсенің, құбылыстың ұқсастығын, жалғастығын 
айқын байқап-сезіну негізінде пайда болатынын, сөйтіп, табиғи түрде 
жасалатынын айтқанда, осылай бейнелеп су реттеу көркем ой жүйесіне 
тән басты ерекшеліктің бірі демекпіз. Ұқсатып отырған нәрсенің 
қасиет-ерекшеліктері салыстыра сипатталып отырған нәрсеге үнемі 
ауыстырылып, оған да қатысты, оған да тән болып көрінеді; соған орай 
жарыса туып жатқан бейне, сипат және мол болады. Соның нәтижесінде 
біздің көз алдымызда, ой-сезімімізде екі түрлі сурет, екі түрлі көрініс 
жалғаса қабаттасып, алмасып, бірін-бірі толықтыра түседі. Осының бәрі 
салыстыра суреттеп отырған жәйдің, құбылыстың сипат-белгілері жаңа 
бір қырынан жарқырай, ерекше айқындала көрінуіне себепші болады. 
Салыстырудың өзі екі нәрсені теңестіру арқылы айтылып, баяндалып 
отырған өмір құбылысының қандай да бір құпия сыры, жасырын сипаты 
аңғарыла алатындай болса ғана құнды, бағалы.
Салыстыру, теңестіру
– ойлау, сезінудің нәтижесі болғандықтан, 
оған негізделіп жасалған астарлы мағынасы бар көркем бейне 
оқушының ой-сезімін қозғап, күшті әсер етеді. Са лыстыру негізінде 
айтылған, көрсетілген жайларға жалғаса туатын ой-сезім, сурет, елес 
өзінен-өзі өрбіп, өздігінен пайда болып жатқандай көрінеді. Және сол 
салыстырудың негізі болған ой неғұрлым өткір, терең болса, көркем сезім 
неғұрлым нәзік, күшті, әсерлі болса, салыстырмалы бейненің, балама, 
тұспал бейненің оқушының жан-жүйесін тебірентіп, ойын өрістетіп, 
сезімін оятып, тұтандырып, ұшқындатып тұратын қуаты да соншалық 
зор болады.
Поэзиялық шығарманың бір бөлегінде, не тұтас бір өлеңде екі нәрсені 
бір-біріне ұқсату, көрінеу тұрған салыстыру болмауы да ықтимал, өйткені 
өлең тілінің суреттілігін, ұтымдылығын арттыратын одан басқа да амал-
тәсілдер аз емес. Оның үстіне са лыстыру, ұқсатудың өзі де үнемі айқын, 
айшықты түрде көрінбейді. Кейде басты, түйінді бір ой, сурет, бейне 
біздің ой-сезімімізге әртүрлі әсер беріп (ассоциация туғызып), содан 
тұтанып, қоздап, туындап жатқан көп елес, суретті көз алдымызға алып 
келеді.
Бұл поэзияға ғана тән құбылыс емес, адамның ой-сезіміне түгелдей 
қатысты ерекшелік. Поэзияда басқаша сипат алып, басқа тұрғыдан 
көрінеді яғни өлең тілінің, сан алуан өрнекті, нақышты сөздердің 
суреттілігін, көркемдігін, орамдылығын күшейте түседі. Поэзиядағы 
суреттеу әдісін танып-білуде үлкен мәні бар осы айтылып отырған 


252
ерекшелік те, сөзсіз, әр қилы нәрсені, ұғым-түсінік, көрініс, бейнелерді 
түйістіріп, байланыстыратын, сол арқылы не нәрсенің болсын өзінен-өзі 
байқала бермейтін мәнін, сипат-қасиеттерін айқындап беретін қабілеттен 
туады. Бірақ мұнда салыстыру тікелей бой көрсетпей, негізгі ұғым, негізгі 
бейнеге кірігіп кетіп, астарлы ой, астарлы сурет қалпында көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет