Умумий билим бериш мәһкимилириниң 1- 4 синиплирида «Сават ечиш», «Уйғур тили» вә «Оқуш» пәнлирини оқутуш алаһидиликлири һәққидә
Бүгүнки күндә саватлиқ пухраларниң болуши жәмийитимизниң тәрәққияти, ихтисатниң гүллиниши үчүн әһмийити зор екәнлиги шүбһисиз. Мәлумки билим бериш жәрияниниң мәхсити түп асасидин өзгириши, униң шәхскә, әмәлиятқа һәм нәтижигә йүзләнгәнлиги вақит тәләвидур. Башланғуч билим бериш мәзмунини һазирқи заман тәләплиригә лайиқлаштурулған болуп, йәни нәтижидарлиққа йүзләнгән билим бериш мәзмуни асасида өзгәртиш мәсилиси көтирилмәктә. Билим мәзмуниниң нәтижигә йүзләнгәнлиги – айрим оқуғучиниң бәлгүләнгән мәлум бир нәтижиләргә йетишишиға асасланған билим бериш жәриянидур. Нәтижигә йүзләнгән билим бериш жәрияни – оқуғучиниң келәчигигә йол-йоруқ көрситишкә қаритилған болуп, уни мустәқил издинип оқушиға, алған билимини кәңәйтишкә дәвәт қилип, уларни әмәлиятта пайдилинишқа тәйярлайду. Билим бериш мәхситини, мәзмунини нәтижисигә қарап баһалайду.
Сават ечиш интеграцияләнгән (оқуш һәм йезиш) пән болғанлиқтин, оқуғучи биринчи йерим жиллиқта – «Елипбә» дәрислиги, иккинчи йерим жиллиқта – «Ана тили» дәрислиги билән тонушиду. Саватини ечиш ихтидариға егә болған һәр бир оқуғучи иккинчи синипта язмичә вә еғизчә нутуқниң қир-сирлирини алаһидә йәни, «Уйғур тили» вә «Оқуш» пәнлири арқилиқ үгиниду.
2010-2011 – оқуш жилида Уйғур мәктәплириниң башланғуч басқучида «Сават ечиш», «Уйғур тили» вә «Оқуш» пәнлирини оқутуш Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 09.07.2010ж. №367 буйруғи билән тәстиқләнгән Қазақстан Жумһурийитиниң Дөләтлик Умумий Мәжбурий Билим Бериш Стандарти, шундақла 09.07. 2010-жилиниң. № 367 буйриғи билән тәстиқләнгән программилириға асаслиниду.
Қазақстан Жумһурийитиниң Билим вә пән Министриниң 5 апрель 2010 жилиниң №152 буйруғи (2010 жилиниң 9 апрель № 160 буйриғи, 2010 жилиниң 1 июнь № 268 буйриғи) билән тәстиқләнгән дәрисликләр вә оқуш-методикилиқ қураллар билән оқутулиду. «Сават ечиш», «Уйғур тили» вә «Оқуш» пәнлирини оқутуш арқилиқ оқуғучи тоғра, саватлиқ йезиш. Өсмүрниң оқуш, сөзләш, йезиш маһаритини ашуруш арқилиқ тилниң муамилә васитиси екәнлиги вә ана тилиниң бай һәм эстетикилиқ жәһәттин қиммәт екәнлигини чүшәндүрүш тәләпкә мувапиқтур. Уларниң әдәбий әсәргә болған қизиқишини, инсаний вә адәмгәрчилик һис-туйғулирини ойғитип, мустәқил ойландуридиған әсәрләр, парчилар, хәлиқ еғиз ижадийити һәм классик нәмунилири, қериндаш хәлиқләр әдәбиятидин елинған әсәрләр билән тонуштуруш арқилиқ оқуғучиниң һәртәрәплимә мәлумат елип чиқишиға, аң-сезими вә ой-параситиниң өсүшигә мүмкинчилик яритиду.
Йеңи 2010-2011- оқуш жилида заман тәливигә бенаән йеңи сүпәткә, шәхскә вә униң һәртәрәплимә тәрәққиятиға, билим беришниң әмәлий тәрипигә қаритилған башланғуч басқучида «Сават ечиш», «Уйғур тили» вә «Оқуш» пәнлирини оқутуш алаһидиликлири төвәндикиләрдин ибарәт:
- балиларниң физиологиялик вә психологиялик саламәтлигини сақлаш вә мустәһкәмләш;
- өсмүрләрниң шәхсий өзгичиликлирини етиварға елиш, қоллап-қувәтләш вә уни тәрәққий әттүрүш;
- оқуғучиларниң билимгә болған қизиқишини ойғитиш һәм мустәқил билим елишқа интилдүрүш, билим елиш жәриянини уюштурушни, тәкшүрүшни һәм баһалашни билишкә үгитиш.
1.2. «МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
Математика
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Сонымен бірге ол негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде “Математика” пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны 1) теріс емес бүтін сандар арифметикасы; 2) алгебра элементтері; 3) геометрия элементтері деп аталатын үш блоктан тұрады.
Бастауыш сыныптарда оқыту барысында әрбiр жаңа ұғымды енгiзгенде оның маңызы мен мазмұнын ашып-көрсетуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр iс-әрекет (практикалық жұмыс, есеп шығару) жүзеге асырылып отырады. Осы мақсатта бастауыш математикалық бiлiм мазмұнында мәтiндi есептер жүйесi қамтылды. Есеп шығарудың әртүрлi тәсiлдерiмен таныстыру - олардың ең тиiмдiлерiн оқушылардың өздерi өз беттерiмен iздестiрулерiне жағдай жасайды.
Математиканы оқытуда жинақталған бiлiмдi, бiлiктердi өзгертiлген жағдайда қолдана алу маңызды рөл атқарады. Ол үшiн тапсырмалар жүйесi алдымен жеңiлдеулерiн, одан кейiн бiртiндеп күрделiлерiн орындауда оқушылар сәйкес бiлiм мен бiлiктердi меңгеретiндей, оларды есеп шығаруға жаттықтыратындай етiп құрылуы қажет. Сонымен бiрге оқушылардың өз ұсыныстарын негiздеуiне, өз ойларын дәл, түсiнiктi және тиянақты етiп жеткiзе алуына үлкен мән берiлуi тиіс.
Мәтiндi есептердi шығаруда белгiлілер мен белгiсiздердi салыстыра отырып, оқушылар олардың арасындағы негiзгi байланысты түсiнулерi және оны математикалық қатынастар тiлiне ауыстыра алулары, есептердiң шығарылуын математика тiлiнде рәсiмдей алулары қажет.
Периметр, аудан және көлем жөнiндегi геометриялық материалдарды оқып-үйренуде сандық және құрамында бiр ғана әрпi бар әрiптi өрнектердi құруға, оқуға, түрлендiруге, есептеуге қатысты бiлiктер мен дағдылар белсендi пайдаланылады. Бұл алгебра мен геометрия элементтерiнiң арифметикалық материалдармен табиғи бiрлiгiн тиiмдi жүзеге асыру жолдарының бiрi болып табылады.
Негiзгi бақылау объектiлерi мыналар:
- 1 000 000 көлемiндегi сандарды оқу, жазу, және салыстыру;
- жазбаша амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бiр және екi таңбалы сандарға қосу және азайту, көбейту мен бөлу);
- жүз көлемiндегi сандарды қалдықпен бөлу;
- 2-3 амалдан тұратын санды өрнектiң мәнiн табу (жақшалы және жақшасыз);
- арифметикалық тәсiлмен мазмұнды есептердi шешу;
- тiктөртбұрыштың (шаршының ) периметрi мен ауданын есептеу.
Білім берудің бастауыш деңгейінде математиканы оқыту барысында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оқушылардың білім, білік және дағдыларының сапасын бақылау және бағалау жүйесін жетілдіру үшін бақылаудың белгілі нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттары, бақылау бөліктері және т.б.) оқушылардың жетістіктерінің деңгейін нысаналы анықтауға мүмкіндік беретін аралық және қорытынды бақылаудың тестілік формаларын енгізу ұсынылады.
1.3 «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүние тану
2010-2011 оқу жылында «Дүние тану» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Дүние тану пәнi – оқушының қоршаған орта жөнiндегі бiлiмiн кеңейтуге, заттарды және қоршаған ортадағы өзгерiстердi бақылау дағдыларын қалыптастыруға негізделген. “Дүние тану” пәнiнiң ерекшелiгi оқу процесiнде оқушының адамды қоршаған ортамен байланыста тануында. Пәннiң мазмұнына "Табиғат", "Адам", "Қоғам" өзара байланысты бiлiм блоктары енедi. Әрбiр блоктың мазмұны бiрiншi сыныптан төртiншi сыныпқа дейiн үздiксiз оқытылады және сыныптан сыныпқа тiзбектi күрделене түседi.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға адам, табиғат, қоғам және олардың байланысы туралы білім беру арқылы қоршаған ортадағы өз орнын ұғынуға көмектесу, негізгі және орта мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалап, келешекте сол пәндерді ғылыми тұрғыдан меңгеруге дайындау, сонымен қатар оқушылардың заттар мен қоршаған ортаны бақылау дағдыларын және тәжірибе жасау дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
«Дүние тану» пәнін оқытудың басты міндеттері:
Оқушылардың дүние туралы ғылыми түсініктерін қалыптастыру;
Денелер, нәрселер, құбылыстар, олардың қасиеттері мен өзара байланысы туралы ұғымдарды түсіндіру;
Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту;
Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру;
Табиғатты қорғау, сақтау, қамқорлық жасау және үнемдеудің жолдарын үйрету;
Қоршаған орта жайлы білімді оқушылардың өздігінен меңгеруі және оны қолдана білуі
Пәннiң мазмұны оқушыларға ғылыми бiлiмнiң әртүрлi салаларынан мағлұмат бере отырып, дүниенi танудың әдiстерiмен (бақылау, тәжiрибе, эксперимент, моделдеу, сараптау, салыстыру, синтездеу және т.б.) таныстырады.
Пән мазмұнының жан-жақтылығы, толыққандылығы, оқу материалының теориялық деңгейiнiң жеткiлiктiлiгi және оның оқушылардардың психологиялық және жас ерекшелiктерiне сәйкестiгi сол пән мазмұнының мектептiң кейiнгi сатыларында география, биология, химия, физика, тарих және қоғам тану курстарын оқып үйренуге мүмкiндiк беретiн пропедевтикалық сипатын анықтайды.
Оқушыларды практикалық iс-әрекетке тарту тәсiлдерi қоршаған орта объектiлерiмен өзара әрекеттесудi, оларды түрлендiрудi және жаңғыртуды ұйымдастыруға көмектеседi. Практикалық пәндiк iс-әрекет оқушылардың дамуына мүмкiндiк беретiн практикалық қимылдарды ойлаумен өзара байланыста дамытуды көздеуi қажет. Дүниетану пәнiн оқытуға 1-4 сыныптарда аптасына 2 сағаттан уақыт бөлiнген.
Оқушылардың пән бойынша білімін тереңдету мақсатында таңдау пәндерін ұйымдастыруға болады. Мысалы: «Адам және табиғат». «Менің отбасымның тарихы». «Табиғатты қорғау». «Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы». «Таза табиғат – халық байлығы». «Экологияның басты проблемалары және оны шешу жолдары». «Қорға, Сақта, Көбейт». «Мені қоршаған әлем».
1.4 «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
«Өзін-өзі тану» оқу пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.
1-4 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).
Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.
Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығының негізінде 2009-2010 оқу жылында 4 сыныпқа «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» интеграцияланған оқу курсы енгізілді.
Берілген оқу курсы «Өзін-өзі тану» (4-сынып) оқу пәнімен интеграциялау арқылы оқытылады.
Осы курс бойынша күнтізбелік жоспар құруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19 тамыз 2009 жылғы № 456 бұйрығымен бекітілген 4-11- сыныптарға арналған «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» оқу бағдарламасы пайдаланылады.
Аталған курс мазмұны келесі базалық ұғымдарды оқып-үйренуді көздейді: ақша, ұлттық валюта, бюджет, жинақ, тұтынушы, қажеттіліктер, шығындар мен кірістер, ресурстар, отбасы, менің қалам, біздің ел, еліміздің шаруашылық кешені, мамандықтар.
1.5 «ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка
Музыка пәнiн оқытудың мақсаты – оқушылардың музыкалық мәдениетiнің негізін қалыптастыру, музыка өнері арқылы әсемдікті, сұлулықты сезіне білетін рухани-адамгершiлiгі мол тұлға тәрбиелеу, оқушылардың дара қабілеттерін және олардың ассоциативтi қиялын дамыту.
Шығармашылық әдiс-тәсiлдер принциптерi дамыта оқыту идеясымен тығыз байланысты және сабақта музыкалық ойындарды, суырып салмалықты, шығармаларды, әуендердi, әндердi кеңiнен белсендi пайдалануды, орындалған музыкаға тембрлiк-ритмдiк аккомпанементтi құруды, өнердiң басқа түрлерi (сурет салу, билеу және пантомимо, ертегiлер мен өлеңдер шығару) арқылы музыкалық әсерiн бейнелеудi көздейдi.
«Музыка» пәнiн оқытып, үйретудiң алғашқы кезеңдерінде оқушылар әдемiлiктi сезiнуге, музыкаға деген эмоционалдық қатынас жасауға тәрбиеленедi; халық музыкасы туралы және олардың халықтың қазiргi өмiрiмен байланысы туралы бiлiмі қалыптастырылады; музыка тілі, жанрлар, аспаптар, музыка өнеріне байланысты мамандықтар жайлы біліп үйренеді, аспаптық музыка және әртүрлi халықтардың музыкалық аспаптары, отандық және шетелдiк композиторлардың шығармалары мен шығармашылықтары туралы бiлiм берiледi. Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлі мәдениетімен, қазіргі таңдағы Қазақстан музыка өнерімен, республикамыздағы өзге халықтардың музыкалық мұрасымен танысады. Пәннiң бiлiмдiк мiндеттерi балалардың музыкалық тұрғыда дамуына, орындаушылық бiлiктерiнiң қалыптасуына мүмкiндiк беруi тиiс.
2010-2011 оқу жылында «Музыка» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Бейнелеу өнері
Өнер атаулының табиғаты мен оның дамушы бала тұлғасына әсер ету ерекшеліктерінен шыға отырып, «Өнер» білімдік аймағына кіретін пәндерді оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттерін төмендегідей айқындалды:
рухани бай және эстетикалық тұрғыдан дамыған, өз халқын, оның мәдениеті мен өнерін сүйетін, өзге халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтейтін адам тәрбиелеу;
оқушылардың бойында білім мен нақты өнер түрлеріндегі қалыптастыру, әртүрлі өнер түрлерінің тілін меңгеруге көмектесу.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерi пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – оқушылардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, қоршаған орта әсемдігін сезіну және өнер шығармаларын бейнелi қабылдау қасиетін, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Бастауыш деңгейінде композициялық шешім негізінде бейнелеу, безендіру, құрастыру, живопись, графика, жапсыру және сәндік-қолданбалы өнер бойынша қарапайым бiлiктер мен дағдылардың негiзi қаланады.
Пәннiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:
- оқушылардың көркем-шығармашылық қабiлеттерi мен бейiмдерiн, фантазиясын, көру-бейнелiк жадысын дамыту, шығармашылық даралығын қалыптастыру;
- композициялар, гүлтану, пропорция, көлем, перспектива, көлеңке түсiру, техникалардың әрқилылығы заңдары туралы алғашқы бiлiмнiң қажеттi көлемiн қалау;
- кеңiстiктiк түсiнiктi, болмысты көркем-бейнелi қабылдауды, түстiк байлықтардың үйлесiмдiлiгiне деген сезiмд i қалыптастыру;
- отандық және әлемдiк өнер мұраларымен таныстыру.
2010-2011 оқу жылында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1.6 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
Еңбекке баулу
«Еңбекке баулу» оқу пәні бастауыш білім беру деңгейінде оқытылады және «Технология» білім беру саласына енеді. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің нысаны оқушының көркем безендіру, бейнелеу, құрастыру сияқты негізгі көркемдік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Еңбекке баулу тұлғаның эмоционалды-құндылық және сенсорлық мәдениетін дамытып, қоршаған орта мен өнердегі әсемдікті көру, бағалау және оларды өз қолымен жасау қабілеттіліктерін арттырады.
«Еңбекке баулу» оқу пәні әртүрлі өнер түрлері мен көркемдік әрекеттер мазмұнының кешені. Оқушылар «Еңбекке баулу» сабағында әртүрлі өнер шығармаларын көріп, қабылдау, зерделеумен қатар, дербес көркемдік шығармашылық әрекеттермен айналысады. Оқу материалына халықтық дәстүрлі және заманауи сәндік қолданбалы өнердегі ұлттық мәдени мұралар тәжірибесі негіз болып табылады. Мектептің бастауыш деңгейінде еңбекке баулу пәнінің басты мақсаты - оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
Бұл мақсат мынадай міндеттерді анықтайды:
- еңбекке баулу сабағында оқушылар жұмыс орнында материалдар мен құралдарды дүрыс орналастырып қоя білуге үйрету;
- жұмыста қолданылатьш материалдарды үнемді жұсауға үйрету;
- әртүрлі бүйымдарды дайындау барысында эстетикалық талғамын қалыптастыру, оларды құастыруға жөне безендіруге үйрету;
- сәнді-қолданбалы қолөнер туралы түсінік қалыптастыру.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытылатын «Еңбекке баулу» оқу пәнінің мақсаты – оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады. «Еңбекке баулу» оқу пәнінің міндеттері:
- бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;
- оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;
- оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;
- көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгі ережелерінің Типтік оқу жоспарында «Еңбекке баулу» оқу пәніне 1-4 сыныптарда оқу жылында 68 сағат, аптасына 2 сағат көлемінде уақыт бөлінген.
2010-2011 оқу жылында «Еңбекке баулу» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
1.7 «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» оқу пәні ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін баланың дамып келе жатқан организмі.
«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.
Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – қозғалыс белсенділігінің заңдылықтары, дене дамуының, жеке гигиенаның ережелері, дене және психикалық саулықты нығайту мен салауатты өмір салты қағидаларына үйрету жөніндегі білімге ие болу.
Пәннің мақсаты оқушылардың физикалық, психикалық және моральдық саулығын нығайту, ақыл-ой және физикалық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуда кешенді тұрғы негізінде жеке тұлға қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі мен оның тарихы туралы және олардың денсаулығын нығайту, күн тәртібін ұйымдастыру, организмді шынықтыру, жеке гигиенаны сақтаумен байланысты қарапайым білімдерді қалыптастыру;
- оқушы ағзасының функционалдық жай-күйінің деңгейін көтеру;
- қозғалыс қасиеттерін дамыту;
- қозғалыс дағдыларын меңгеру, жүйке жүйесі мен тұтас организмді дамытуға көмектесу;
- сенсомоторлық дамуды жандандыру, оңтайлы тұлға мен негізгі қозғалыстарға ұқсас қимылдарды қалыптастыру.
Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады
Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады.
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
- жеке адамға бағытталған тәсіл бала организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;
- әрекет ету тәсілі бала қозғалыс арқылы дамитындығын қарастырады;
- құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;
- денсаулықты сақтау тәсілі үйрету процесінде баланың денсаулығын міндетті түрде сақтауды қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |