Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында



бет1/9
Дата12.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60017
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ерекшееліктері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

2010-2011 ОҚУ ЖЫЛЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЖАЛПЫ БIЛIМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА

ҒЫЛЫМ НЕГIЗДЕРIН ОҚЫТУ

ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

АСТАНА

2010
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА Мектепке дейінгі және орта білім беру ғылыми-зерттеу институтында С.Д.Мұқанова, Қ.Л.Қабдолова, Ш.Ш.Карбаеваның жетекшілігімен дайындалды.


2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдістемелік нұсқау. - Астана, 2010. – 102 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 1-11 сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.


МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................................................................................4
1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері

1.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы ............................................................7

1.2. «Математика» білім саласы...................................................................13

1.3 «Жаратылыстану» білім саласы............................................................14

1.4 «Адам және қоғам» білім саласы...........................................................15

1.5 «Өнер» білім саласы...............................................................................17

1.6 «Технология» білім саласы.....................................................................19

1.7 «Дене шынықтыру» білім саласы.........................................................20


2. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері

2.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы ...........................................................22

2.2. «Математика және информатика» білім саласы .................................35

2.3 «Жаратылыстану» білім саласы............................................................39

2.4 «Адам және қоғам» білім саласы .........................................................50

2.5 «Өнер» білім саласы................................................................................55

2.6 «Технология» білім саласы ....................................................................57

2.7 «Дене шынықтыру» білім саласы ........................................................58



3. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері

3.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы............................................................60

3.2. «Математика және информатика» білім саласы..................................69

3.3 «Жаратылыстану» білім саласы............................................................73

3.4 «Адам және қоғам» білім саласы..........................................................84

3.5 «Өнер» білім саласы ...............................................................................94

3.6 «Технология» білім саласы.....................................................................94

3.7 «Дене шынықтыру» білім саласы ........................................................96


4. Шағын жинақталған мектептерде оқытудың ерекшеліктері........99
5. Байқоңыр қаласы мектептеріндегі оқыту ерекшеліктері ............101
КІРІСПЕ
2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінің 19-тармағына сәйкес Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) білім беру ұйымдарының таңдау мүмкіндігін көздейді.

Осы ретте орта білім беру ұйымдары үшін бір пән бойынша бес оқулық, оқу әдебиеті, оқу-әдістемелік кешені мен құралдарынан артық болмайтындай оқу әдебиеті тізбеге енгізіледі.

2010-2011 оқу жылында оқу-тәрбие процесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), 20072009 жылдардағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтарымен бекітілген Тізбелерге сәйкес сатып алынған оқу әдебиетін қолдану ұсынылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 20 бұйрығымен, «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарымен анықталған.

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр сатысында оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.

Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалімге қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.

2010-2011 оқу жылында шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес және қайтадан өңделген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты негізінде ҚР МЖБС(2.3.4.01–2010), 9 шілде 2010жылғы, № 367 тілдерді (қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілдері) меңгертудің деңгейлік моделі енгізілді. Деңгейлік әдіс-тәсілге негізделген деңгейлік тіл үйретудегі жаңа жүйенің ерекшелігі - оқытудың соңғы нәтижесіне бағытталғандығында белгілі бір оқыту деңгейіне мақсатталып, нәтижеге жету.

Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім берудің жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту жатады. Бұл процестің нормативтік жақтары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелерінде ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) көрсетілген.

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім беру деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. 2006-2007 оқу жылынан бері Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлы оқыту 1011 сыныптарда екі бағыт бойынша: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылып келеді. Мектеп бұл екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылардың қажеттілігі мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдап алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық, т.б. бағдарларда білім ала алады.

Жалпы орта білім беру деңгейі мектеп пен кәсіби білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, оқушылардың өзіндік әлеуетін анықтауына және олардың әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін - өзі байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдай туғызу қажет. Бұл шара жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстары аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ), (09.07. 2010ж. № 367 бұйрық) сәйкес типтік оқу жоспарының вариативті компонентінде екі бағыт бойынша (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар) қолданбалы және таңдау курстарына 3 сағаттан уақыт бөлінген. Бұл курстар оқу жоспарының мектеп және оқушы компоненттері есебінен оқытылады және олардың авторлық сипаты болады. Вариативті компоненттің оқу курстары бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу жүргізілмейді.

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі бағдарлы оқытуды жүзеге асыруға негізгі орта білім беру деңгейінде (89-сыныптар) ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық негіз болып табылады. Бағдаралды дайындық құрамдас үш бөліктен тұрады:

1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.

2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.

3. Психологиялық көмек беру.

Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушы жалпы орта білім беру деңгейінде оқу бағдарын немесе орта кәсіби білім беру жүйесіндегі мамандықты саналы да сенімді түрде таңдап алуына мүмкіндік туады.

Орта білім берудің негізгі мақсат-міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады. Бұл міндеттер 2010 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады:

1. Бастауыш, негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. № 367 бұйрығы).

2. Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарлары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

3. Бастауыш білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

4. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

5. Жалпы орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

1. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ПӘНДЕРДІ

ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 «ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ мектептерінде «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиет» пәндерін оқыту туралы

Қазақ мектептерінде «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынылған ағылшын тілі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 20 бұйрығы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі № 152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.

Мектептiң бастауыш білім беру деңгейіндегі «Тіл және әдебиет» бiлiм саласына «Сауат ашу», «Қазақ тiлi», «Әдебиет» пәндерi оқытылады. Бастауыш мектептің «Тіл және әдебиет» бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк – iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асырады.

Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

Бастауыш деңгейде тiлдiң қызметi қарым-қатынастың, қоршаған ортаны танудың, жеке тұлғаның өзiндiк қызығушылықтарын, қажеттiлiктерiн және қабiлеттерiн дамытудың құралы ретiнде қарастырылады.

Сауат ашу  1-сыныпта оқу жылы көлемінде (аптасына 7 сағаттан, барлығы 238 сағат) жүретiн оқу пәнi. Бұл пән дәстүрлі түрде әлiппеге дейiнгi кезең, әлiппе кезеңi және әлiппеден кейiнгi кезең деп аталатын үш кезеңге бөлiнген.

Пәннiң негiзгi ерекшелiгi  әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдықтың өн бойында жалғастырылып оқытылуы.

«Сауат ашу» пәнi интеграцияланған (оқу мен жазу – «Әлiппе» оқулығы; тiлдiк және оқу материалдары – «Ана тiлi» оқулығы) мазмұнда оқытылады.

Сауат ашудың басты мақсаты  тiл дамытумен өзара байланыста оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру (I жартыжылдықта «Әлiппе» оқулығының материалдарында) және байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту (II жартыжылдықта «Ана тiлi» оқулығының материалдарында).

«Сауат ашу» пәнiнiң кiрiктiрiлген сабақтарының мiндеттерi:

– әлiппеге дейiнгi кезең: 1) сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 2) дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; 3) жазуға даярлау (әр түрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазу;

– әлiппе кезеңi: 1) құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; 2) жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); 3) сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; 4) буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; 5) байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 6) байланыстырылған мәтiндi оқу; 7) жазу;

– әлiппеден кейiнгi кезең: 1) оқу; 2) жазу; 3) тiл дамыту; 4) алғашқы грамматика.

Сабақты ұйымдастыру түрi: сауат ашудың мазмұнына мейлiнше сәйкес келетiн модульдiк құрылым. Кiрiктiрiлген сабақтардың құрылысы оқу уақытын барынша үнемдеуге, әрбiр сабақтың мақсатын айқын анықтауға және мазмұнын таңдауға мүмкiндiк туғызады.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Әсіресе, сауат ашу пәнінің әдістемелік ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл кезеңде сауат ашу жұмыстарымен қоса тілдік грамматикалық ұғымдар да қоса меңгертіледі. 6 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту – олардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз ететін үдеріс. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет.



Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілген, интеллектісі мен шығармашылығы, қатысымдық дағдылары дамыған, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.

Қазақ тілі пәнін оқытудың басты міндеттері:

– сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

– тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру;

– орфографиялық дағдыларды қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;

– сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

– ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қазақ тiлiн оқытуда сөйлеу туралы түсiнiк беру, ауызекi және жазба тiлде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тiлдiк құбылыстарды талдау, орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелердi практикалық тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетiлдiру, сөйлеу мәдениетiн дамыту мiндеттерi қойылады.

Бағдарламалық материалдардың «Тiл және сөйлеу», «Фонетика», «Лексика», «Сөзжасам», «Морфология», «Синтаксис», «Мәтiн», «Пунктуация» бөлiмдерiнен құрылуы негiзгi тiлдiк ұғымдарды бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастыруға мүмкiндiк бередi. Осы арқылы теориялық бiлiмдi ұғыну мен оны сөйлеу әрекетiнде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдiстерiнiң бiрлiгiне қол жеткiзiледi.

Бастауыш мектепте оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталған. Сыныптар сайын тілдік ұғымдар біртіндеп күрделене түседі. Тілдік материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тілдік фактілерді байқату, салыстыру, жаттығу және көрнекілік әдістері арқылы түсіндіріледі. Бұл әдістер қазіргі дамыта оқыту талабына сай қолданылады.

Пәнді оқытуда оқушылардың білімдерін одан әрі жетілдіре түсу мақсатында таңдау пәндері қосымша пайдаланылады. Білім алушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында сынып оқушыларының сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыруға болады.

Мәселен:

1-сынып «Әріптер сыры», «Тіл дамыту».

2-сынып «Сөздер сыры», «Сауаттылық елінде».

3-сынып «Қызықты грамматика», «Грамматика еліне саяхат».

4-сынып «Грамматика әлемі», «Мәтін және грамматика».

«Қазақ тiлi» пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.



«Әдебиет» пәнi. Пәннің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді.

Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары қарастырылып, олардың оқырмандық біліктерін мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды.



«Әдебиет» пәнінің мақсаты. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

«Әдебиет» пәнінің міндеттері:

– оқушылардың оқу дағдыларын (дауыстап, іштей, дұрыс, саналы, мәнерлеп оқу) қалыптастыру;

– қазақ және әлем әдебиетінің балаларға арналған озық шығармаларымен таныстыру;

– көркем шығарманы оқуға сүйіспеншіліктерін ояту, шығарманың мәнін түсінуін қамтамасыз ету, оқырмандық қабілетін қалыптастыру;

– сөйлеу және жазба тілдерін жетілдіру, шығармашылық әрекетке баулу.

Пән мазмұнында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру, оқырмандық мәдениетке баулу, қазақ және әлем балалар әдебиетiмен таныстыру, әдебиет теориясынан бастапқы мәлiмет беру мен шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, елжандылыққа, отансүйгiштiкке тәрбиелеу мiндеттерi қарастырылады.

«Әдебиет» пәнiнiң мазмұны тақырыптық-блоктiк, көркемдiк-эстетикалық ұстанымдарға негiзделедi және ауыз әдебиетi үлгiлерi мен классикалық балалар әдебиетiнiң жанрлық ерекшелiктерiнен қарапайым түсiнiк қалыптастыру, авторлар өмiрiнен қысқаша мағлұмат беру көзделедi.

«Әдебиет» – 2 сыныптан басталатын пән. Алғашқы кезеңде оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, әдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды.

2 сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиетті» ұғынуға тірек болатындай жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады.

«Әдебиет» пәні ары қарай оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді.

4 сынып – бастауыш білім беру деңгейіндегі «Әдебиет» мен жоғарғы сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» курсы арасындағы жетекші буын, жалғастырушы кезең.

Оқу бағдарламасында оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің тарихпен байланысын, үздіксіз дамуын, көркемдігін ұғындыру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері, әр дәуірдегі жазушылардың балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ әлем әдебиетінің кейбір классикалық үлгілері сұрыпталып алынған.

Пәннің мазмұнын толықтыруға, оқушының пән бойынша білімін көтеруге, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында таңдау пәндерін мектеп, сынып ерекшеліктерін ескере ұйымдастыруға болады. Бұл пәнді тереңірек білуге ықпал етері сөзсіз. Мысалы:

2-сыныпқа: «Ертегілер еліне саяхат»;

3-сыныпқа: «Ұлттық шешендік өнер», «Сөздер сөйлейді»;

4-сыныпқа: «Фантастикалық әлем», «Өлең - сөздің патшасы» және т.б.

«Әдебиет» пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Русский язык для школ с нерусским языком обучения

В 2010–2011 учебном году обучение русскому языку в начальных классах общеобразовательных школ с нерусским языком обучения Республики Казахстан осуществляется на основе Государственного общеобязательного стандарта среднего общего образования РК, утвержденного приказом Министра образования и науки Республики Казахстан за № 367 от 09.07.2010 г. (ГОСО РК 2.3.4.01–2010).

Перечень учебных изданий, разрешенных к использованию в организациях образования, определен приказами Министра образования и науки Республики Казахстан № 152 от 5 апреля 2010 и дополнениями к приказу (приказ № 160 от 9 апреля 2010 года, приказ № 268 от 1 июня 2010 года).

Основные цели обучения предмету «Русский язык» в начальных классах школы с нерусским языком обучения – это формирование коммуникативных умений учащихся в повседневной жизни, развитие готовности и способности к речевому взаимодействию, взаимопониманию на языке международного общения.

Главная задача – вооружение учащихся общеучебными навыками и умениями: чтение, письмо, восприятие речи, говорение, умение участвовать в беседе, вести наблюдения, делать выводы, выражать их в словесной форме.

Изучение русского языка в школах с нерусским языком обучения как учебного предмета должно способствовать воспитанию личности, владеющей всеми видами речевой деятельности – говорением, слушанием, письмом, чтением; формированию его духовно-нравственных и гражданских качеств, казахстанского самосознания, развитию творческих способностей обучаемых, формированию навыков самостоятельной деятельности.

Основные объекты контроля:

Развитие речевой деятельности обучающихся и усвоение грамматического материала; выработка орфографической зоркости, применение правил орфографии на практике; владение навыками грамматического анализа, знание видов текстов, умение их составлять и анализировать; способность к творческому осмыслению тем сочинений и изложений как показателю лингвистического развития учащихся уровня начального образования.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет