Қала мен село халқы . Урбанизация.
Осы заманда адамзат қоныстануының ең басты формасы қалалар болып табылады. Жаңа ғасырымыздың басында қала халқы планета тұрғындарының жартысынан астамын құрап отыр және тез өсу үстінде. Әсіресе дамушы елдерде оның қарқыны аса жоғары. Дамыған елдер халқының ¾ бөлігінен астамы қалалы жерде тұрады.
Урбандалу (кенттену) дегеніміз – қалалар мен оның халқының санының өсуі, олардың рөлі мен салмағының артуы және қалалық өмір салтының кеңінен таралуы. Соңғы уақытта дамыған елдерде кері жағдай қалыптасып отыр. Яғни ауасы ластанған әрі шулы қаладан оның маңындағы ауасы тазалау әрі тыныш елді мекендеоге қала тұрғындарының қоныстану процесі етек алуда.Бұны субурбандалу деп атаймыз. Қазіргі урбандалу (кенттену) процесінде көпшілік елдерге тән ортақ үш белгі бар: қала халқының тым аз қарқынмен өсуі; материалдық және өндірістік емес экономика салаларының қалаларда шоғырлануы; қалалардың жер аумағының кеңейіп, қала маңындағы қоныстармен бірігуі және аса ірілерінің осы агломерацияның ядросына айналуы. Агломерация – ірі қаланың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы. Урбандалудың (кенттенудің) жоғары сатыдағы буыны – мегаполис. Бұл бір-бірімен тізбектеліп, қосылып кеткен агломерациялар мен қалалардың алып шоғыры.
Елді мекеннің қала аталуы мазмұнында әлем елдері арасында ортақ белгі жоқ. Ең негізгі белгі – халық саны болып табылады. Мұның төменгі саны әрбір елде әр түрлі. Адам саны Данияда – 200, Францияда -2000, АҚШ-та – 2500, Ресейде 12000, ал Қытайда -100000 нан асса ғана қала деп саналады.
Дүние жүзі халқының жартысына жуығы ауылдық жерде тұрады. Дүние жүзі бойынша ауылдық елді мекендердің нақты санын білу мүмкін емес. Болжаммен 20 млн шамасында деп есептелінеді. Селолар бір-бірінен географиялық орнасасуы, тұрғындар саны, кәсібі т.б. жағынан әралуандығымен ерекшеленеді. Көбінесе ауылдық елді мекендер топтасып немесе шашыраңқы түрде орналасады. Көбінесе мал, омарта және кәсіптік аң шаруашылығымен айналысатын аудандарда тұрақты қоныс ьолмайды. Ауылдық елді мекендерді атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлеміз: елді мекен халқының басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысатын; ауыл шаруашылығынан басқа салаларда жұмыс істейтін; аралас, яғни ауыл халқы аграрлық, өндірістік және өндірістік емес, сол сияқты қала маңы шаруашылығы салаларында қызмет істейтін елді мекендер.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006
2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001
3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001
4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004
5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004
6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003
7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.
8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999
9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998
10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004
11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007
12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |