Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шжқ рмк


Дәріс. Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының географиясы



бет3/71
Дата19.06.2020
өлшемі207,23 Kb.
#74016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
лекция

2.Дәріс. Тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының географиясы.

1.Халық – қоғамның басты өндіргіш күші. Халықтың саны, оның ұдайы өсуі, типтері.

Жоспары:

1. Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы.

2. Халықтың ұдайы өсуі.

3. Халықтың орналасуы мен тығыздығы.

4. Қала мен ауыл село халқы.Урбанизация ұғымы.

Адамзат факторының қоғам өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Тұрғындар (халықтар) географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, орналасуы мен ырғақты түрдегі ұдайы өсу режимі жатады.

Қазіргі кезде адамдар тұруға жарамды жерлерге толықтай қоныстандырылған. Бірақ та барлық тарихи уықытта планетамыздың мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті» бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше адамдар белгілі бір үлкен аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік –Шығыс пен Орталық Африка және Оңтүстік –Батыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Бірақ алғашқы адамдардың санын білу мүмкін емес. Ғалымдар болжаммен біздің жыл санауымызға дейінгі 17 ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн адам болған дейді. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлер – Ніл аңғары, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік – Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына айналды.Біздің жыл санауымыздың бас кезінде халықтың санын анықтауға мүмкіндік туды. Біздің жыл санауымыздың басында жер шары хақының ¾ бөлігі осы жерлерде мекендеген. Ал халықтың саны сол кезде дүние жүзінде шамамен 230 млн адамға жетті. Осы уақытқа дейінгі кезеңді адамзаттың демографиялық дамуының алғашқы немесе аграалық өркениет кезеңі деп атаймыз. Халықтың тұрақты өсуі 16 ғасырдың екінші жартысынан басталды. Тек 20 ғасырдың 40-шы жылдарының соңынан бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын білген жөн. Олар: Қытай (1282 млн.), Үндістан (1046 млн.), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн.), Пәкістан (148 млн), және Ресей (145 млн.), Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр. (2002 жылғы дерек бойынша).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет