Табиғи – биологиялық фактор. Адамның тууы мен өлуі – биологиялық құбылыс. Сол сияқты халықтың ұдайы өсуіне әр түрлі климат және табиғат жағдайлары үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық қартаюмен емес, негізінен олар аурудан немесе басқа да себептерден өледі.
Әлеуметтік-экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық хал ақуалы, деңгейі, денсаулық сақтау шараларының дамуы, әйелдердің қоғамдық жағдайы, халықтың мәдени және білім деңгейі, шұғылданатын кәсібі, т.б.
Табиғи өсімнің мөлшеріне әсер етуші факторладың келесісі – демографиялық топқа біріктіріледі. Бұларға: халықтың жастық және жыныстық құрамы, некелесу,ажырасу факторлары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |