Құбыр көлігі. Дүниежүзілік энергетиканың дамуына сәйкес мұнай және газ құбырларының арақатынасы өзгеріп отыр. Сонымен қатар мұнай және газ құбырларымен қоса, қатты өнімдерді таситын құбыр көлігі пайда бола бастады. Олармен, негізінен, көмір және темір кендері тасымалданады. Дүние жүзіндегі мұнай құбырының қазіргі кездегі жалпы ұзындығы 400 мың км-ден астам, ал газ құбыры желісінің ұзындығы одан да көп (900 мың км).
Құбырмен тасымалдау теміржолмен тасымалдауға қарағанда (өзіндік құны) 3 есе арзан және онымен дүниежүзілік жүк тасымалының 11 %-ы тасымалданады. Көліктің бұл түрінің ерекшелігі – ол жүкті тасымалдауда тұрақты және сенімді көлік саналады және қоршаған ортаны ластамайды.
Солтүстік Америкада құбырлар мұнай мен газды өндіретін аудандардан құрлықтың шығыс индустриясы дамыған аудандарына тартылған. Батыс Еуропада олар теңіз порттарынан өнеркәсіпті орталықтарға және құрлықтың шеткі аудандарына жүргізілген.Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларына Дружба – Ресей – Батыс Еуропа (5,5 мың км), Канададағы Редуотер – Порт-Кредит (4,8 мың км) т.б. жатады. Америкалық Хьюстон – Нью-Йорк қатты өнім тасымалдайтын құбырының ұзындығы – 2,5 мың км.
Достарыңызбен бөлісу: |