9.Дәріс. Дүние жүзінің аймақтарына сипаттама. Дамыған елдер.
Жоспар:
-АҚШ және басқа да капиталистік елдердің дүние жүзілік шаруашылықтағы орны. Ішкі айырмашылықтары, басты орталықтары, аймақтық сипаттары, ТМД елдерімен, Қазақстанмен арадағы байланыстары және т.б.
-АҚШ-тың саяси және экономикалық географиялық жағдайлары,табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрылыс, ресурстық потенциялы мен даму ерекшеліктері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салалардың орналасуы мен дамуы, экономикалық аудандары, экологиялық проблемалары, сыртқы экологиялық байланыстары, АҚШ-пен Қазақстан арасындағы қатынастар.
-Батыс Еуропа, оның саяси және экономикалық географиялық жағдайлары, табиғаты, халқы мен мемлекеттік құрылыс, ресурстық потенциялы мен даму ерекшеліктері. Халықтар географиясы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық салалардың орналасуы мен дамуы, экономикалық аудандары, экологиялық проблемалары.
-АҚШ дүниежүзілік экономикада ең жетекші орындағы ел, шаруашлықтың ауқымы мен көлемі жағынан дүние жүзінің бірде-бір мемлекеті теңдесе алмайды. САҚП бағалауы және валюталық курс бойынша ЖІӨ жөнінен аса дамыған келесі елдерді АҚШ-пен салыстырсақ, Жапония 2/3-сін, Германия ¼-ін, Ұлыбритания 1/6-ін ғана құрайды. ХХІ ғасыр басында АҚШ-тыңдүние жұзілік ЖӘӨ үлесі ағымдағы валюталық курс есебімен 25,3%-ды, ал доллардың сатып алу қабілеті негізіндегі есептеу бойынша 21,0%-ды құрады. Экономикалық көрсеткіштердің кейбір тұстары жағынан (мысалы, жан басына шаққанда ЖІӨ жағынан дүние жүзі елдері ішінен 6-орында) бірлі-жарым қалыс қалғанымен, АҚШ дүние жүзінде аса жоғары тиімділіктегі шаруашылығы бар мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |