Оңтүстік ауданда ұзақ уақыт плантациялық шаруашылықтың үстем болуына байланысты, оның интенсивті дамуы солтүстікпен салыстырғанда тым баяу жүрді. Мұнда Майами қаласы аса ірі дүние жүзілік шипажай, дәл осы Флорида штатында АҚШ-тың басты ғарыш айлағы орналасқан. Рңтүстіктің ең ірі қалалары – Даллас пен Хьюстон, олар әуе-ғарыш және химия өнеркәсібінің орталығы.
Батыс аудан АҚШ-тың кейіннен игерілген және жер аумағы жөнінен ең ірі ауданы. Көп уақыт бойы Батыс аудан өндіруші өнеркәсіп пен жайылымдық мал шаруашылығына маманданды. Мұнда Лос-Анджелес қаласы елдің кинематография астанасы болуымен қатар, аса ірі әуе-ғарыш жәнеэлектрондық өнеркәсіп орталығы да болып табылады.. Батыс аудан құрамына – жаңадан игерілген Аляска мен кейіннен қосылған Гавайи штаты да кіреді. Аляска мұнай-газ өндірумен, балық және аң терісі кәсіпшілігімен, алтын және ағаш дайындаумен көзге түссе, Гавайи аралдары туризм орталығы. Мұнда қант құрағы мен ананас өсіріледі, ол теңіз және әуе жолдары тоғысатын аса маңызды көлік торабы.
АҚШ-тың экологиялық саясаты, ұлттық деңгейді ғана емес ғаламдық қауіпсіздік мәселесін де қамтиды. Елде қоршаған ортаны қорғау негізгі 3 түрлі бағдарлама аясында: 1) ерікті бағдарлама; 2) әкімшілікжүйедегі экологиялық реттеулер; 3) экономикалық механизмдер арқылы жүргізілуде. Дүние жүзі халқының бар-жоғы 5%-ын құрап отырған АҚШ халқы, жыл сайын дүние жүзінде өндірілген энергияның 25%-ын тұтынады. Аса жоғары тұрмыс деңгейінежетіп отырған Ақш тек энергетикалық секторда ғана емес, аса ірі қызмет көрсетуші әрі тауар өндіруші және тұтынушы ретінде Жер шарындағы зор көлемдегі қалдық беруші ел. Сонымен қатар ол дүние жүзіндегі мол мөлшердегі ел. Осы себепті климаттық өзгерістердің алдың алу туралы АҚШ іс-әрекетінің жоспары жасалынған. Аталмыш жоспарың басты мақсаты – өндірістің тиімділігін арттыру және «жылыжай газдарын» шығаруды қысқартып, оның ауаға таралуына жол бермеу. Эксперттердің ойынша оған АҚШ-тың жылдық ЖІӨ-нің 7%-ы жұмсалуы тиіс, бұл өз кезегінде оның халқының жан басына шаққандағы табысын 5-10%-ға кемітуі мүмкін. Осыған орай АҚШ-тың өзінде екіұдай көзқарас қалыптасып отыр. Олар: осы жоспардың іске асырылуын жақтаушылар мен ел тұрғындарының мүдделеріне қайшы келетін бұл жоспар үшін АҚШ әкімшілігін айыптаушылар. Ендігі кезек сенат пен конгресте, олардың ұстанған позицияларынан АҚШ-тың ғаламдық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарының іске асуы мен халықаралық келісімдерінің болашағы көп үміт күттіреді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Е.В. Вавилова. Экономическая и социальная география мира. М, Гардарики, 2006
2. А.Ю. Скопин. Введение в экономическую географию. М, 2001
3. М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович. Экономическая и социальная география России и новых независимых государства. М, 2001
4. В.П. Желтиков. Эконмическая география. (Высшее образование). Ростов- на- Дону, Феникс, 2004
5. Экономическая и социальная география стран ближнего зарубежья. (Под ред.М.П. Ратоновой) М, 2004
6.И.А. Родинова, Т.М. Бунакова « Экономическая география », М.2003
7.В.И. Бутов. Экономическая и социальная география: зарубежного мира и РФ, М, 2003.
8.Ю.Г.Липец и др. География мирового хозяйства, М, Владос, 1999
9.М. Байгісиев. Халықаралық экономикалық қатынастар.Алматы, 1998
10.М.М. Голубчик, Э. Л.Файбусович, А.М. Носов. Экономическая и социальная география. М, Владос, 2004
11. Н.Н. Петрова. География. Современный мир. М, Форум- Инфра-М, 2007
12С.Ю.Корнекова, С.П. Семенов. Социально- экономическая география (Пособие для подготовки к экзамену). С- Петербург/Москва/ Харьков/ Минск, Питер, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |