Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды)
ұйымдастыру тәртібі
Балалар ата-аналардың қалауы бойынша кезекші топтарға бара алады
немесе қашықтан оқи алады.
Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу
ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты
орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы
тәрбиеленушілердің
ата-аналарын
консультациялық
қолдауды
қанағаттандыруға бағытталған.
Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым
басшылары ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын
қамтамасыз ету мақсатында және ересектер тобы, мектепалды тобы
балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша:
-қашықтан
оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер,
балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересектер тобы, мектепалды тобы
балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін
көрсете отырып хабардар болуы;
- қашықтан оқытуды өткізу үшін әр отбасында қолжетімді
байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау;
-
«Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен
танысу» бойынша (күніне бір сабақ) қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін
құруы;
-
педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық
ойындарды және т.б. кеңінен қолдана отырып, қашықтан оқыту
сабақтарының конспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі;
-
ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету;
-
топтардың контингентін бекіту, сабақ кестесін, жұмыс кестесін, күн
тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:
-
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын
ересек, мектепалды жастағы балалардың меңгеруіне бағытталған қашықтан
оқытуды ұйымдастырады;
-
педагогтермен бірге ересек, мектепалды жастағы балаларды
қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
12
-жұмысты
ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға
қатысушылардың (педагогтер, балалардың ата-аналары/заңды тұлғалар)
белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
-
қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен
бейне талқылау педагогтермен өткізеді;
-
ҰБДҚ мәліметтерін, тәрбиеленушілердің ауысуы, педагогтерінің
сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы
ақпарат базасын толтырады;
-
сабақ кестесін құрады;
-
педагогтердің қызметін ұйымдастырады;
-
тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге
асырады;
-
тәрбиеленушілердің ата-аналарын (заңды өкілдерін) білім беру
платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді.
Педагогтер:
-
әдіскерлермен және басқа да педагогтермен бірге жас топтарына
перспективалық жоспар құрастырады;
-
сабақтарды өткізу жоспарын құрады;
-
демонстрациялық материалдар (слайдтар, бейне, аудио, көрсетуге
арналған заттар (ойыншықтар, муляждар, тұрмыстық заттар және т. б.)
дайындайды;
-
бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар өткізеді;
-
ата-аналармен кері байланыс орнатады;
-
ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар
өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |