14
қызығушылықты дамыту, оларды ойын, бейнелеу, музыкалық және басқа да
әрекетке ауыстыру;
түсінінетін сөздер қорын кеңейту және белсенді сөздік қорды байыту;
заттық әрекеттің алуан түрлілігі: жақын маңдағы заттармен, олардың
қасиеттерімен, атқаратын қызметімен және олармен әрекет ету тәсілдерімен
таныстыру, қасиеттері бойынша заттарды таңдауды және топтастыруды
көрсету; өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша қарапайым әрекеттерді орындауға
(киіну, шешіну, ойыншықтарды жинау) жағымды эмоционалдық ынталандыру
және қолдау, еңбек әрекеттеріне қызығушылықты тәрбиелеу, оларды өз
бетінше орындау ниетін ынталандыру.
баланың тұлғасын дамытуға ықпал ету: әрекет түрлерінде оның
дербестігін дамытуға, өзін – өзі құрметтеу және қадірлеу сезімін әрекетте және
қарым-қатынаста табысты бағалау арқылы дамыту үшін жағдай жасау;
ұқыптылық пен тазалықты сақтау дағдыларына баулу;
баланы ересектермен және құрдастарымен мейірімді қарым-қатынасқа
ынталандыру;
барлық тіршілік иелері (жануарлар, өсімдіктер) мен заттар әлеміне
сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Үлгілік оқу бағдарламаның мазмұны балалардың өзара әрекеті бойынша
әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, бейімделуіне, баланың тұлға ретінде
қалыптасуына, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа), қауіпсіз
мінез-құлық
негіздеріне
ізгілікті
қарым-қатынасын
қалыптастыруға
бағытталған.
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет»
білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың
мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің
түрлері (ойын, қимыл, дербес) арқылы іске асырылады.
«Әлеумет» білім беру саласында дербестікті тәрбиелеу, әлеуметтік-
тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту,
балаларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекет
дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері көрсетілген.
Мектепке дейінгі ұйымға бейімделу кезеңінде балалардың өмірін дұрыс
ұйымдастыру оларды тәрбиелеудің маңызды сәті болып табылады.
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту міндеттері:
1 жас-1 жас 6 ай:
-
түсінетін сөздер қорын адамның және жануарлардың дене мүшелерін,
заттар мен ойыншықтарды, жақын адамдарды білдіретін зат есімдердің
есебінен кеңейту;
-
белсенді сөйлеуді дамыту;
-
заттарды көлемі, түсі, пішіні бойынша ажырата білу;
-
заттармен әрекет ету үшін көмекші құралдарды қолдана білуді дамыту
(тарту, домалату, қозғалу және т. б. );
-
балаларды заттардың пішінімен және көлемімен таныстыру.
1 жас 6 ай-2 жас:
-
қоршаған орта заттарын білдіретін зат есімдердің, заттардың жағдайын
15
және белгілерін, қимылдарын білдіретін етістіктердің, сын есімдердің есебінен
пассивті сөздік қорды кеңейту;
-
диалогтік сөйлеуді дамыту;
-
заттар туралы жалпы түсінік қалыптастыру: заттарды тану үшін жағдай
жасау, заттарды топтастыру, түсі, пішіні, көлемі және т. б. бойынша
сәйкестендіру;
-
төрт негізгі түсті ажырата білуді дамыту: қызыл, сары, жасыл, көк;
-
қарапайым заттарды меңгеруге жаттықтыру, оларды күнделікті өмірде
қолдану.
2 жастан 3 жасқа дейін:
-
түсті, көлемді, пішінді, сапаны, әрекетті және т. б. білдіретін сын
есімдермен, етістіктермен, үстеулермен байыта отырып, белсенді сөйлеуді
дамыту;
-
баланы заттар әлемімен таныстыру кезінде жарқын әсерлермен
байытуды жалғастыру;
-
әрекетте заттармен түрлі қимылдарды дамыту үшін жағдай жасау;
-
түс туралы түсініктерді кеңейту (қызғылт сары, көк, қара, ақ);
Достарыңызбен бөлісу: