ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
көрінісі. Халықтың игі әдеттері дағдылана
келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет – ғұрыптар
салт-дәстүрлерге айналып, халықтың
өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-
сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-
дәстүрлері рәсімдер мен жөн жоралғылар,
рәміздер, ырымдар мен тыйымдар, түрлі
сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып
келеді. Оның бәрі толысып, дамып, жаңарып
отырады [3].
Салт – дәстүр дегеніміз – халықтардың
кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне
байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып отыратын қоғамдық құбылыс
[4]. Халықтың игі мәдени дәстүрлері:
ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік,
қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік –
барлық мәдени үлгі өнегелі іс-әрекеттердің
көрінісі - әдеп деп аталады. Қазақ халқының
осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей
келе, халықты рухани тазалығы жағынан
алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды,
мейірімді халық деп атауға әбден болады.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің
ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы
– салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға
сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол
ұлттың ой санасының дәрежесін көрсетеді.
Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық
намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың
перзенттік борышты өтеу дәрежесіне
сай өмірден өз көріністерін байқатады.
Халықтық педагогиканың құрамдас
бөліктері: әдет-ғұрып, таным, наным, ұғым,
салт, сана және дәстүрлер.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің
міндеттерін шешу үшін халықтың осы
уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру
қажет. Мәдени құндылықтарды жасауда
әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Халық
әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады
және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге
тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын
жасауынан және оны әсемдікті сезінудегі
тәрбие құралы ретінде пайдалануынан
көруге болады.
«Педагогикалық үрдіс барысы кезінде
жинаған іс-тәжірибелерге сүйене отырып,
қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мына-
дай мүмкіндіктерін аштық.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
жастарға ұлттық құндылықтарды
бойына сіңірте отырып, оны меңгерген,
жас ерекшеліктеріне сай өмірде жүзеге
асыра білетін шығармашылық тұлға
қалыптастырудың кепілі.
Халық педагогикасы – адамгершілік,
ақыл-ой, еңбек, дене және эстетикалық
тәрбиенің жүзеге асыру құралы.
Халық педагогикасының мазмұны оқу-
тәрбие, тәлімдік жұмыстардың негізі бола
алады» [5. 45 б.]. - делінген, Ұлттық тәрбие
(салт-дәстүр, әдет-ғұрып негізінде) оқу
құралында.
Сонымен, болашақ мамандардың
рухани-адамгершілік болмысын
этнопедагогика құралдары арқылы
қалыптастыруда ғылыми сарапталған
ғалымдардың еңбектерін пайдаланып,
еліміздің ертеңіне нық қадам басқан тұлға
дайындауды мақсат тұтуымыз керек. Ол
үшін этнопедагогика ғылымында іргелі білім
құралдарын орынды пайдалана білгеніміз
абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |