Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет13/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Аймақ / облыс

Мектептер саны (қалалық және ауылдық)

Ақмола

50 ауылдық мектеп

Алматы

50 ауылдық мектеп

Шығыс-Қазақстан

65 (15 - қалалық, 50 – ауылдық)

Ақтөбе

50 (10 - қалалық, 40 - ауылдық)

Оңтүстік-Қазақстан

80 (20 - қалалық, 60 – ауылдық)

Астана қ.

12 қалалық мектеп

Алматы қ.

20 қалалық мектеп

Одан басқа, жүргізілген зерттеудің репрезентативтілігі зерттеу нәтижесінің дәйектілігін қамтамасыз ететін, талаптарына сәйкес келітірілген:



  • бас жиынтықтың әр элементі таңдалған жиынтыққа түсу мүмкіндігі бірдей болды;

  • бас жиынтық біртекті болып табылады;

  • бас жиынтық құрылымы және оның ерекше белгілері туралы алдын-ала мәліметтері болды.

Мониторингпен қазақ және орыс тілінде оқытатын қалалық, ауылдық, шағын жинақталған мектептер қамтылды.
Мониторинг жүргізу барысында келесі әдістер қолданылды:

  • бірнеше мектеп негізінде мониторингтің технологиялық картасын апробациялау;

  • ХСЗ қатысуға дайындалу мәселелері мектеп жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен дөңгелек столда талқыланды;

  • практик-мұғалімдермен бірге математика, биология, химия бойынша оқулық экспертизасы жасалды;

  • оқушылардан, студенттерден, мұғалімдерден, ата-аналарынан экспресс-сауалнама алынды;

  • статистикалық мәліметтерді жүйелендіру;

  • зерттелетін проблема бойынша теледидар бағдарламаларының мерзімділігін талдау;

  • жинақтау және қорытындылау.

Дайындалған технологиялық карталар Алматы, Астана қалаларының және Алматы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының білім беру мекемелерінің жетекшлерімен және мұғалімдерімен семинар-кеңестерде апробацияланды. Талқылаудан кейін технологиялық карталарға статистикалық мәліметтерді дәлелдеуге қатысты TIMSS және PISA типі бойынша пән мұғалімдері оқу тапсырмаларын пайдаланатын сабақтардың (оннан кем емес) сабақ жоспарларын және талданатын оқу әдебиеттер тізімі түрінде қосымшалар келтірді.
Технологиялық карталарды таратуға дейін PISA, TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне қатысуға қазақстандық оқушыларын даярлау проблемаларын талқылау бойынша математика, химия, биология мұғалімдерімен дөңгелек стол жүргізілді. Талқылау нәтижесінде дөңгелек стөлге қатысушылар ҚР БҒМ ұсынылған, оқулықтардағы, оқу тапсырмаларының жүйесі TIMSS және PISA біздің оқушылардың сәтті тестіленуінің факторы болып табылатынына бірден келісті. Осыған орай, математика, биология, химия пәндері бойынша қолданылатын оқулықтарына толық және қосымша талдау жасау шешімі қабылданды.
Бұл ретте берілген талдау PISA және TIMSS типі бойынша оқу тапсырмаларының үлесін анықтауға, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен, бастауы және негізгі орта мектептерінің оқушыларына «Білім», «Қолдану», «Ойлау» осы үш көрсеткіштері бойынша топтастырылды. ҚР БҒМ ұсынылған, биология бойынша оқулықты талдау барысында, бірінші топ бойынша оқу тапсырмаларының үлесі орта есеппен алтыншы сыныпта 41,2%, жетінші сыныпта 75%, сегізінші сыныпта 41%, ал екінші топта – 30%, 19% бен 30% және үшінші топ бойынша – 28%, 4,6% бен 28% (12-кесте).
7-суреттегі гистограмма алынған білімі практикада қолданылуы бекітілмеген, оқу материалдарында білімдік құрылымның басым маңыздылығы туралы куәлік етеді. Аса қауіпті жағдай оқушылардың пайымдау мен толғанушылық қабілеттерін дамытуға оқу материалының бағытымен туындап отыр. Бұл ретте көрсеткіштердің жағымсыз динамикасы бақылануда: сынып жоғары болған сайын, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамытуға оқу тапсырмалардың үлесі төмендеуде.

12-кесте – Биология бойынша оқулықтардағы TIMSS типі бойынша оқу тапсырмаларының үлесі (%-да)








«Білім»

«Қолдану»

«Ойлау»

6-шы сынып

41,2

30

28

7-ші сынып

75

19

4,6

8-ші сынып

41

30

28




7-сурет – Биология бойынша оқулықтардағы TIMSS типі бойынша тапсырмалардың бар болуы бойынша салыстырмалы мәліметтер (%-да)


Ескеретіні, TIMSSбарлық тапсырмалары, PISA сияқты интеграцияланған сипатта болады. Бірақта, екінші бағдарламаның тестік тапсырмаларының негізі басқаша топтастырылған. Мұнда тест тапсырмасының төрт тобы бар: «Контекст», «Құзыреттіліктер», «Ғылыми жаратылыстану білімі», «Ғылым туралы білім категориясы».


Сонымен, 9-11 сыныпқа арналған биология бойынша оқулықтардың талдауы қазақстанның жоғары сынып оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған интеграцияланған тапсырмаларды орындау мүмкіндіктері бар, «Контекст» блогында 3%-ға, «Құзыреттілік» блогында 24%-ға, «Ғылыми жаратылыстану білімі» блогында 34%-ға және «Ғылым туралы білім категориясы» блогында 38%-ға (9-шы сынып).
Сонымен, 9-11 сыныпқа арналған биология бойынша оқулықтардың талдауы қазақстанның жоғары сынып оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған интеграцияланған тапсырмаларды орындау мүмкіндіктері бар, 10-шы және 11-ші сыныптарға арналған биология бойынша оқулықпен тура осындай көрініс келтірілген (сурет 8).



8-сурет – Биология бойынша оқулықтардағы РISА типі бойынша тапсырмалардың бар болуы бойынша салыстырмалы мәліметтер (%-да)


Егер РISА типі бойынша оқу тапсырмаларының үлесін салыстырсақ 10-шы және 11-ші сыныптардың биология бойынша оқулықтарында, келесі көрініс бақылануда: 11-ші сынып оқулықтарында жаратылыстану-математикалық бағытының ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру тапсырмаларының үлесі жалпы гуманитарлы бағыттағы оқулықтардан анағұрлым төмен (9-сурет), 10-шы сынып оқулықтарында мұндай парадоксты жағдай «Ғылыми жаратылыстану білімі» және «Ғылым туралы білім категориясы» топтарына қатысты байқалады (10-сурет).



9-сурет – Жаратылыстану-математикалық оқыту бағытының биология бойынша оқулықтарда РISА типі бойынша оқу тапсырмаларының үлесі (%-да)





10-сурет – Жалпы-гуманитарлық оқыту бағытының биология бойынша оқулықтарда РISА типі бойынша оқу тапсырмаларының үлесі (%-да)


Екі жағдайда да, оқытудың білімдік парадигмасына бағытталған, оқу тапсырмалардың деңгейң басым.
Химия бойынша да оқу материал тура осындай жағдайда тұр.
Сонымен, 8-ші сыныпқа арналған химия бойынша оқулықтарда (авторлары Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Джексембина, 2012 жылы баспадан шыққан, «Мектеп» баспасы) PISA типі бойынша тапсырмалар «Контекст» бөлімінде 5,1%, «Құзыреттілік» бөлімінде 34,9%, «Ғылыми жаратылыстану білімі» бөлімінде 37% және «Ғылым туралы білім категориясы» бөлімінде 23%.
9-шы және 10-шы сыныптардың жалпы-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математикалық бағыттарға арналған химия оқулықтарда (авторлары Н.Н. Нурахметов, К.М. Джексембина, Н.А. Заграничная, год издания 2013 жылы баспадан шыққан, «Мектеп» баспасы) PISA типі бойынша тапсырмалар тек жеке тақыраптарда ғана қолданылады, метталдар мен металл емес қасиеттерін оқытуда, және олардың құрамы 4,4%.
Жалпы-гуманитарлық бағыты бойынша 11-ші сыныптың химия оқулығында (авторлары Н. Нұрахметов, К. Жексембина, Н. Заграничная, 2011 жылы баспадан шыққан, «Мектеп» баспасы) PISA типі бойынша тапсырмалар 9,4 %; 36,3%; 23,5% және 29,4% (жоғарыда көрсетілген бөлімдерге сәйкес) құрайды. Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша 11-ші сыныптың химия оқулығында (авторлары А. Темирбулатова, Н. Нұрахметов, Р. Жумадилова, С. Алимжанова, 2011 баспадан шыққан, «Мектеп» баспасы) PISA жалпы көрсеткіштеріне сәйкес тапсырманың 3%; 45,2%; 31% және 2% құрайды (11-сурет).



11-сурет – Химия бойынша оқулықтарда РISА типі бойынша тапсырмалар үлесі (%-да)


Көрсетілген гистограммадан ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, химия оқулығындағы оқу тапсырмаларының жағдайы жұбанышты, биология оқулығының жағдайына қарағанда, себебі бірінші жағдайға қарағанда ғылыми жаратылыстану «Құзыреттілігін» қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар үлесін анықтау («Ғылыми жаратылыстану білімі» тобындағы тапсырмаға қарағанда көбірек). Сонымен бірге, «Ғылым туралы білім категориясы» тобының тапсырмалары жұбанышты жағдайда, «Контекст» тобының тапсырмаларымен салыстырғанда көбіректігі оқу материалдарының қолданбалы түрінен айрықша іреглігін көрсетеді.
Егер екі бағыттағы (ЖГБ және ҒЖМБ), ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, оқу тапсырмаларының үлесін бақыласа, онда химия оқулықтарына қарағанда биология оқулықтары ғылыми жаратылыстану бағытынан жалпы-гуманитарлы бағыттағы қағидалы ерекшеліктердің анықсыздығын көрсетті. Әсіресе, ол 11-ші сыныпқа арналған биология оқулықтарына қатысты, себебі оқытудың ғылыми жаратылыстану бағытын таңдаған оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмаларының үлесінің шұғыл түрде төмендеуін байқадық (12-сурет).



12-сурет – Оқытудың ғылыми жаратылыстану және жалпы-гуманитарлық бағытында, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған, оқу тапсырмаларының үлесі (%-да)


Биология және химия бойынша оқулықтардың мазмұнына сәйкес келуі жағынан талдауы, халықаралық салыстырмалы зерттеу тапсырмаларының оқу материалы мониторингтік технологиялық картаны толтыру жолымен жүргізілді. Мысал ретінде, төменде жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-шы сыныпқа арналған химия пәні бойынша оқулықтардың (авторлары Габриелян О.С., Шокыбаев Ж.А., «Атамұра» баспасы, 2014 жыл) талдамасының технологиялық картасы (13-кесте) келтірілген.


Мониторинг бөлімі: 1. РISА типі бойынша ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесі.
13-кесте – Мониторингтің технологиялық картасы (ғылыми жаратылыстану сауаттылығы, РISА)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет