Оңтүстік Қазақстан облысы,Шардара ауданы Қ.Тұрысбеков ауылы «Кәусар» балабақшасы екінші сәбилер «Түймедақ» тобының тәрбиешісі Алимжанова Жанар Жұмаділлақызы
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»
Білім саласы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Сабақтың мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тианақтау. Таным үрдісін (қабылдау, зейін,ес,ойлау,сөйлеу) дамыту.Өз ойын дәлелдей білуге дағдыландыру.үй жануарларына деген сүйіспеншілікке, қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары: Үй жануарлары және олардың төлдерінің суреттері, құрт, айран, сүт ,май .
Сабақтың барысы.
1.Ән ұран
2.Жылуылық шеңбері
3.Үй жануарларымен таныстыру.
4.Жұмбақтар
5. «Кім жылдам» ойыны
6.Тақпақтар
7.Сергіту сәті
8.Мақал – мәтелдер
9. «Төлін тап» ойыны
10.Тыйым сөздер
11.Қортынды
Сабағымызды ән ұранмен бастаймыз.
Жылулық шеңбері
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн ! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн ! Біз сүйкімді боламыз!
Балалар бүгінгі бізде ерекше сабақ болады.Бүгінгі сабағымызда үй жануарлары жайлы білетін боламыз.үй жануарларына сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі, жатады. Үй жануарларының пайдасы көп. Олардың еті тамақ, сүті сусын, жүнімен терісінен – төсеніш пен киім болады.
Балалар жұмбағымды жасырайын
1.Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар (қой)
2.Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар (түйе)
Тәрибеші: Мен сендерге үй жануарларының суретін көрсетемін сендер маған қандай жануар екенін, төлін айтсаңдар, немен қоректенетіндерін атайсыңдар.
Балалар осы үй жануарлары туралы тақпақтарымызды айтамыз.
Ақниет: Қой баласы қоңырым
Қойдан жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Тасмин: Жолға шықсам көлігім
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген
Құлыным менің қайдсасын.
Арай: Екі көзі танадай
Екі өркеші баладай
Ойсыл қара бабасы
Ботақаным қайдасың
Сабина: Жауын жауса бақырған
Ешкі атасын шақырған
өріске өскен жануар
шекетайым қайдасың
Достарыңызбен бөлісу: |