Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет5/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
1 ҒБИ, PISA, TIMSS Халықаралық салыстырмалы зерттеу: әдіснамасы, процедуралары және Қазақстанның қатысу нәтижесі
«Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық» [6].


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Жыл сайын Бүкіл әлемдік экономикалық форум Ғаламдық бәсекеге қабілетті индексі бойынша зерттеулер қорытындысын шығарады (ҒБИ). Ұлттық бәсекеге қабілеттілік Бүкіл әлемдік экономикалық форумның түсінігінде – бұл елдің өнімділік деңгейін анықтайтын саяси, экономикалық және әлеуметтік факторлардың жиыны. Өнімділіктің артуы қолжетімді ресурстар мен факторларды тиімді пайдалануды білдіреді, олар экономиканың жалпы өсірудің жүргізуші күші болып табылады.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Форум бәсекеге қабілеттілікті бағалау үшін Джеффри Сачс және Джонн Макартермен дайындалған бәсекеге қабілеттіліктің өсу Индексін (Growth CI) пайдаланды. өз уақытында бұл индекс алдыңғы қатарда болды, экономика саласын соңғы зерттеуінде, сонымен қатар есепте қарастырылатын мемлекеттің санының өсуі әдіснамаға өзгерістер әкелді. Жаңа Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (GCI) алдында қолданылған бәсекеге қабілеттіліктің өсу Индексінің концепциясына кең және тереңірек келеді.

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі (TheGlobal Competitiveness Index) – бұл, экономикалық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша ғаламдық зерттеулер және әлем елдерінің рейтингісін алып жүруші. Есепте талданатын, елдердегі алдыңғы қатарлы зерттеу институттары мен ұйымдары – серіктес ұйымдар желісімен Бүкіл әлемдік экономикалық форуммен бірлесіп өткізетін, кең көлемді жылсайынға зерттеулер – ғаламдық компания жетекшілерінің сауалнамаларының нәтижелері мен жалпы қолжетімді статистикалық мәліметтер комбинациясына негізделген Бүкіл әлемдік экономикалық форум (World Economic Forum) әдістемесі бойынша есептелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет