Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


-кесте – Қазақстан экономикасының ғаламдық бәсекеге қабілеттілік Рейтингісі [8]



бет7/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

1-кесте – Қазақстан экономикасының ғаламдық бәсекеге қабілеттілік Рейтингісі [8]





жылдар

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі

позияция
өзгерісі

рейтинг

баға

тренд

2007-2008

66







2008-2009

67

4,08

-1

2009-2010

72

4,12

-5

2010-2011

72

4,18

0

2011-2012

51

4,38

+21

2012-2013

50

4,41

+1

2013–2014

50

4,42





2-сурет – Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік Индекс көрсеткіштерінің динамикасы


Айта кететіні, былтырғы жылмен салыстырғанда Жоғары білім беру және кәсіби даярлау (62; -8) факторы бойынша республикамыздың позициясы 8 пунктке нашарлады. Сонымен қатар, Макроэкономикалық орта (27; -4) және Технологиялық даярлық (61; -4) факторлары бойынша да позициялар төмендеді [9].


ҒБИ 12 құраушыларының екеуі білім беруге қатысты (2-кесте).

2-кесте – Білім беру бойынша ҒБИ құраушылары





БАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАР

Құраушылар 4: Денсаулық сақтау және бастауыш білім беру

А. Денсаулық сақтау

8 позиция

В. Бастауыш білім беру

4.09 Бастауыш білім беру сапасы

4.10 Бастауыш біліммен қамту (%)

ТИІМДІЛІК КҮШЕЙТКІШТЕРІ

Құраушылар 5: Жоғары білім беру мен кәсіби даярлық

A. Білімен қамту

5.01 Орта біліммен қамту (%)




5.02 Жоғары біліммен қамту (%)

В. Білім беру сапасы

5.03 Білім беру жүйесінің сапасы

5.04 Математика мен жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасы

5.05 Менеджмент мектебінің сапасы

5.06 Оқу мекемелеріндегі Ғаламторға қолжетімділік

С. Жұмыстағы кәсіби даярлық

5.07 Зерттеушілік және білім беру қызметінің қолжетімділігі

5.08 Қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру

ҚР Үкіметінің отырысында, 2014 жылдың 4 қарашада өткізілген, білім және ғылым министрі А. Саринжипов БЭФ бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінде білім және ғылым көрсеткіштерін жақсарту саласында іс-шаралар жағдайы туралы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында Бүкіл әлемдік экономикалық форумның ЖБИ-де білім жүйесі 13 көрсеткіш бойынша ұсынылғанын атап көрсетті. «Орта біліммен қамтуда біз 42 орындамыз. Алайда, бізде жақсартуға әлеует бар, оған қоса статистика 9 сыныптан кейін колледжге баратын балаларды есепке алмайды. Жоғары біліммен қамту бойынша 62-ші орында, бірақ мұнда да индикатор ТжәнеКБ оқитындарды есепке алмайды. Т және КБ жүйесі үшінші білім беру ретінде есепке алуымыз керек. Осыған байланысты біз ЮНЕСКО статистика институтымен жұмыс жасаймыз» [10]. Сонымен қатар, қазіргі таңда «Менеджмент мектебінің сапасы» (+12, 92-шіорын) және «Қызметкерлердің біліктілігін арттыру» (+36, 62-ші орын) көрсеткіштері бойынша еліміздің позициясы жоспарлы түрде жақсарып келеді [11].
Негізінен, қазақстандық білімді дамытудың стратегиялық мақсаты халықаралық салыстырмалы зерттеудің негізгі принциптеріне жауап береді. Сондықтан, білімдік парадигмадан (білім, білік, дағдыны беру) құзыреттілікке өту назарды мазмұннан мақсатты болжауға ауыстырады. Практикалық бағыттылығы бар, күтілетін білім берудің нәтижесі пәнделген мақсат болып табылады. Бұл білім беру тұрғысынан, оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамытуға, функционалды сауаттылықтарын дамытуға бағытталған [12]. Практикаға бағдарланған іс-әрекеттер барлық білім беру процесінің негізінде болады.
Осы мағынада халықаралық зерттеулердің нәтижелері білім беру сапасының индикаторы болып табылады. Көрнекілік үшін әлемнің 50ден астам елінде білім беру сапасына аналитикалық зерттеу жүргізгенде Pearson корпорациясымен пайдаланылған әдістемелік сызбаны ұсынамыз (3-сурет).
3-суретте көрсетілген сызбада бар әлемнің тиімді білім беруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларын жетерліктей жақсы ашып көрсеткен.

3-сурет – Learning Curve аналитикалық зерттеу жүргізуде Pearson корпорациясымен қолданылатын, білім сапасын бағалау өлшемдерінің жалпы сызбасы


Халықаралық салыстырмалы зерттеулер, өздерінің оқыту циклына сәйкес әр елдің мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін анықтай отырып, қатысушы құрамның негізінде сол немесе басқа сауаттылық шеңберінде дағдыны дамыту деңгейін анықтау: математикалық, жаратылыстану ғылымы және оқушылық. Зерттеуді қорытындылай, алынған нәтижелерге әсер ететін факторлар туралы қорытынды жасалады, жеке алғанда:

  • пән бойынша оқу бағдарламалар;

  • пән-мұғалімдерінің даярлығы, олардың қызметтерінің тиімділігі және оқыту технологиясының ролі;

  • білім мазмұнына оқулықтардың әсері;

  • оқушылардың үлгерімі, олардың мұғалімдермен қарым-қатынастары;

  • ЖОО-ға түсу үшін даярлық курсына оқушылардың қатысу деңгейі;

  • Ұлттық мониторинг тәсілдерінің әсері және т.б.

Қазақстанда PISA және TIMSS халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізу мен ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі жұмыс жасауда.
TIMSS Мектептің математикалық және жаратылыстану ғылыми білім беру сапасын зерттеудің Халықаралық мониторингісі (англ. TIMSS – Trends in Mathematics and Science Study) – бұл бағдарлама, оқу жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық ассоциациясымен (IEA)ұйымдастырылған.
TIMSS білім беру тиімділігін бағалаудың мақсаты: білім беру тиімділік дәрежесін анықтайтын, факторларды көрсету, білім беру жүйесі әр түрлі елдерде математика және жаратылыстану пәндері бойынша орта мектеп оқушыларының даярлығын салыстырмалы талдау.
Зерттеулер циклді түрде жүргізіледі – төрт жылда бір рет, және осы күнге дейін бес рет жүргізілді: 1995, 1999, 2003, 2007 және 2011 жылдарда.
Зерттеу жүргізуде және оның құралдарын әзірлеуде келесідей халық аралық танылған ғылыми-зерттеу орталықтары мен кәсіби ұйымдар, білім беру саласындағы тестілеу Қызметі ретінде (ETS – Educational Testing Service, США), білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық ассоциацияның Секретириаты (IEA, Нидерланды), білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық ассоциацияның мәліметтерін өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing Center IEA, Германия) және т.б. Әр елдің мамандарының координацияларын күшейту үшін әлемнің алыңғы қатардағы мамандары жиналған кеңесетін комитеттер құрылды. Барлық зерттеудің координациясы Бостон колледжіндегі Халықаралық координация орталығымен (ISC – International Study Center, Boston College, АҚШ) жүзеге асырылып отырды.
TIMSS Мектептің математикалық және жаратылыстану ғылыми білім беру сапасын Халықаралық салыстырмалы зерттеудің мониторингісі орта мектептер бойынша аса көрініс тапқан зертеулердің бірі болып табылады, оган 59 елдің 425000 оқушылары қатысқан.
Зерттеуде бастауыш мектептің бітіруші сыныптары мен 8 сынып оқушыларының білім жетістіктері бағаланады. Қосымша қатысушы-елдердегі мектептік математикалық және жаратылыстану білім мазмұнының ерекшеліктері, оқу процесінің ерекшеліктері, сонымен қатар білім беру мекемелерінің сипаттамаларымен байланысты факторлары, мұғалімдер, оқушылар мен олардың отбасылары зерделенеді.
Зерттеудің мұндай дизайны келесілерге мүмкіндік береді:

  • әр түрлі елдердің негізгі және бастауыш мектеп оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін салыстырмалы бағалау жүргізу;

  • негізгі және бастауыш мектептегі математикалық және жаратылыстану білім беру сапасының өзгеру тенденцияларын көрсету;

  • бастауыш мектептен негізгі мектепке ауысу барысында математикалық және жаратылыстану білімінде болатын өзгерістерді іздеп табу (бір кешен оқушылары зерттеледі, себебі 4 жылдан кейін бастауыш сынып түлектері 8 сынып оқушылары болады;

  • әр түрлі елдегі білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы, сонымен қатар математика және жаратылыстану пәндері бойынша бағдарлама мазмұнының ерекшеліктері туралы ақпарат алу;

  • негізгі және бастауыш мектептегі математикалық және жаратылыстану білім беру сапасына әсер ететін факторларды анықтау [13].

Математика мен жаратылыстану бойынша тереңдетілген бағдарламамен сәйкес оқыту процесінің тиімділігін бағалау үшін 12 жылда бір рет орта мектептің бітіруші сыныптың (11-13 сыныпта әртүрлі елде) оқушыларынан қосымша тест алынады. Негізгі мектеп оқушыларынан тест алу зерттеуге қатысушы елдердің барлығына міндетті.
Математика мен жаратылыстану пәндері бойынша тест 75-80 тапсырма бойынша 8 нұсқадан ашық және жабық түрде болады, орындау үшін 1,5 сағат беріледі. Мектепте алынған білімді практикада пайдалану бойынша білім беру тиімділігін бағалау, тестілеумен қатар жүргізіледі.
Сабақта алынған білімді практикада пайдалануға оқушылардың даярлық деңгейін бағалау үшін,тапсырмалардың көбісі осы түрде қалыптастырылған. Тапсырманың басқа тобы (25% тест) еркін жауапты болжайды: өз көзқарасын дәлелдеу, құбылысты түсіндіру. Басқаша айтқанда екінші топтың тапсырмалары тек қана оқу емес, оқушылардың коммуникативті дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тест бөлімінің жаратылыстану құрылымы, 146 тапсырмадан құрылады, 3-кестеде көрсетілген [14].
3-кестеден көргендеріңіздей, TIMSS тек қана нақты пәндер бойынша ғана емес, пәнаралық байланыс (экологияи, танымның жаратылыстану әдісімен) бойынша да даярлық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Тесттен басқа оқушылар сауалнамалар толтырады, оны оқуға деген ынталары мен қызығушылықтарын, олардың пәнге деген қарым-қатынасын анықтау үшін дайындаған. TIMSS тек қандай да бір елдегі мектеп материалын меңгеру денгейін қарастырып қанақоймай, әлемдегі әртүрлі елдердегі мектеп бағдарламасын, оқу мекемелері мен оқу процестерінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін талдайды. Оқытушылардан сауалнама алу да зерттеудің бір бөлімі болып табылады, сонымен қатар мектептегі оқу процесінің тиімділігіне әлеуметтік факторлардың әсер ету дәрежесін қарастырады (зерттеу оқушылардың отбасылық материалдық жағдайының дәрежесін және оқу мекемелеріндегі материалды-техникалық базаның деңгейін ескереді).

3-кесте – жаратылыстану сауаттылығы бойынша TIMSS тапсырмаларының құрылымы







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет