Кіріспе
ЮНЕСКО- ның 1996 жылғы баяндамасына орай заманауи тенденциялар, қазіргі заманғы даму бағытына сәйкес, «Білім: жасырын қазына», 2000-шы жылғы Дакардағы білім беру бойынша әлемдік форумда және басқа да мемлекет аралық құжаттаманың негізін салушылардың қатарымен, мемлекет президенті Н. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050» стратегиясында: «Мектеп түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілін білулері керек. Оқушылардың оқу нәтижесі ретінде тілдерді меңгеру және критикалық ойлау, жеке дара іздену және ақпаратты тереңнен анализдеу дағдыларын қалыптастыру болып саналу тиіс» [1]. Аталған дағдылар БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕО мемлекет аралық құжаттарда және басқа да барша мойындаған беделді ұйымдар мен бірлестіктер қатарында көрсетілген.
Іс жүзінде БҰҰ барлық қатысушы-Мемлекеттері бір ауыздан білімді келесідей бағытталуын мойындады:
− баланың тұлғалық, таланттық, ой-өріс және дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға;
− БҰҰ-ң Жарғысында айтылған, қағидаларымен қатар, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сыйлауға тәрбиелеу;
− баланың ата-аналарын, оның өзіндік мәдениетін, тілін және құндылықтарын, бала өмір сүріп жатқан мемлекеттің ұлттық құндылықтарын, оның ата-тегінің елі және өркениетін сыйлауға тәрбиелеу;
− баланы шынайы өмірге еркін ортада түсіністікпен, татулықпен, шыдамдылықпен, ерлер мен әйелдердің тең құқығы және барлық ұлттардың достығы, этникалық, ұлттық және діни топтар, сонымен қатар тұрғылықты халықтың тұлғалық ерекшелігімен дайындау;
− қоршаған табиғи ортаны сыйлауға тәрбиелеу.
Концептуалды көрініске орай, білімді, сапалы білім беруді қабылданған Халықаралық комиссия бойынша келесі жағдайларға бөлуге болады:
1) әр нәрсені оқып тану дегеніміз - күнделікті оқу барысында өзінің жеке білімін қалыптастырады, ақпаратты өзінің тереңде жатқан ішкі ойымен байланыстырады;
2) әрқашан білгенін практикада акцент түрінде қолдана білуді үйрену керек;
3) маңызды әлеуметтік дағдылар қоғмында, дискриминациядан алшақ, барлығы өзін-өзі, өзінің отбасын және қоғамын дамытуға бірдей мүмкіндігі бар жерде бірге әрі татулықта өмір сүруді үйрену;
4) оқыту барысында өміріндегі максималды өзін-өзі дамытуға керек жеке даралық дағдыларына акцент жасау керек.
Халықаралық салыстармалы зерттеу PIRLS, TIMSS және PISA даму бойынша білім сапасындағы әлемдік мойындалған құралдары болып саналады. Аталған зерттеулер оқырмандардың қалыптасу, математикалық, қатысушылардың ғылыми сауаттылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеуде бастауыш және негізгі орта буын білімі, оқу процесс ұйымдары, сонымен қатар ұйымдағы білім, оқытушылар, оқушылар мен олардың отбасыларының мінездемесіне сәйкес факторлар меңгеріледі. Білім жетістіктерін анықтау үшін тестілеу жүргізіледі, ал оқудың нәтижесіне әсер ететін факторлар туралы ақпарат алу үшін – зерттеуге қатысатын оқушыларды, мұғалімдерді және мектеп әкімшілігін анкеталау жүргізіледі [2-3].
Қазақстан Республикасындағы 2005-2010, 2011-2020 жылғы білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасына [4], оқушылардың сауыаттылығын дамыту бойынша 2011-2016 жылғы Ұлттық жоспар әрекетін сәйкес, біздің еліміз TIMSS және PISA зерттеулеріне қатысты.
Халықаралық зерттеулердің (ҒБИ, PISA, TIMSS) нәтижесі білім беру сапасының жоғарылауына үлкен септігін тигізеді. 2014-2016 жылғы ҚР-ның білім және ғылымды дамыту басымды бағытында білім беруді жаңартуға нысандалған жұмыс болып табылады [5].
Осы жаңартылған білім беру халықаралық салыстырмалы зерттеулерінде көкейкесті және мақсатты, жаһандық мемлекеттің даму шартына сәйкес жалпы тұрғыда әлеуметтік – экономикалық дамудағы сұрақтар көрсетілген. Әрбір қатысушы мемлекет негізгі білім беру, әлемдегі дамуы туралы жағдайлар жөніндегі мол ақпарат алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |