Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет8/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Тапсырма түрі

тапсырма үлесі

Мазмұнды сала бойынша

география

15%

биология

27%

физика

27%

химия

14%

экологиялық проблемалар

9%

танымның жаратылыстану әдістері

8%

Іс-әрекет түрлері бойынша

оңай ақпаратты меңгеру

39%

күрделі ақпаратты меңгеру

19%

теориялық білімді пайдалану, проблеманы талдау және шешу

31%

стандартты шараларды қолдану

7%

зерттеу жүргізу

4%



TIMSS 50 ден астам мемлекеттің жүргізуші мамандардың күштерін біріктіреді, ол тек қана оқыту процесінің тиімділігін бағалау сапасын артып қана қоймай, сонымен бірге халықаралық стандарттар негізінде білім беру саласында инновациялық тұрғыда дайындамалар жасауға мүмкіндік береді.
2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасымен сәйкес біздің еліміз TIMSS зерттеулеріне 2007 жылы алғаш рет қатысты, кездей соқ таңдау әдісімен қазақ және орыс тілінде оқытылатын 141 мектептің тек қана 4 сыныптың 3990 оқытушысы зерттелді.
Қазақстанның төртінші сынып оқушылары математика, биология, география мен астрономия пәндері бойынша сұрақтарды меңгерудің жеткілікті жоғары нәтижелерін көрсетті. Дәстүрлі түрде берілген тапсырмаларды оқушылардың 70% дан 90% дейін сәтті орындады. Оқу бағдарламасынан тыс (50% дан 80% дейін), оқушыларға тансық мәтіндік түрде берілген жеке тапсырмаларды орындаудың жақсы деңгейін көрсетті, ол тапсырмалар көбінесе суреттермен, сызбалармен, кестемен, ережесі сипатталған ойындармен келтірілген.
Тек математика пәні бойынша ғана гендерлік ерекшелік байқалды: қыздар 553 балл жинаған (орташа көрсеткіш), ол қлдардың жинаған көрсеткіштерінен орташа нәтижесінен жоғары (545 балл).
Қазақстан оқушыларының жартысынан көбісі, үй кітапханасында 25 кітаптан аспайтынын көрсетті. Қазақстан оқушыларының 28%-да ғана үйлерінде компьютер бар, ал олардың ішінде 16% Ғаламтор желісіне қосылған. Бұл көрсеткіштердің мәні, оқушылардың 72% үйлерінде компьютердің болмағандығынан компьтері бар оқушыларға қарағанда математика, жаратылыстану, пәндері бойынша нәтижелерінің статистикалық көрсеткіштерін аса төмен екендігін көрсетті.
Айта кететіні, Қазақстанның оқушылары TIMSS зерттеулеріндегі қатысушы елдердің арасында, математика мен жаратылыстану ғылымдарына деген жағымды қарым-қатынасының өте жоғары екендігі көрсетті (сәйкесінше 89% бен 90%). Оқушылардың 71% жаратылыстануды, ал 66% математиканы оқуда өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейін көрсетті. Негізінде бұл жалпы педагогикалық заңдылықтарға жауап береді, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес білуге құмарлықтары жоғары болғандықтан оқуға деген ынталары да сәйкес болады.
Және де қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының 80% өз мектептерінде өздерін қауіпті сезінеді. Тест тапсырмаларын орындау барысында осы индекстің орта және төменге ие болған оқушылардың аса төмен нәтиже көрсеткендері тегін емес.
Білім берудегі үрейлі үрдістер арасында 4 сынып оқушыларына үй тапсырмалары шамадан көп берілуі бақылануда. Қазақстан осы жағдайда зерттеуге барлық қатысушы-елдерден асып түсті.
Оқытушы құрамына қатысты, осы зерттеу педагогикалық кадрдың қартаю үрдісін, сонымен қатар зерттеуге қатысушы елдердің басым көпшілігіне тән бастауыш мектептегі білім беру феминизациясының күшеюін айқындады.
Санымен қатар, Қазақстанның бастауыш мектеп оқушыларының 39%-ң ғана жоғары деңгейде материалды-техникалық жабдықталған мектепте оқу мүмкіндіктері бар. Бұл халықаралық орташа көрсеткішпен (36%), бірақ дамыған елдердің көрсеткіштерінен анағұрлым төмен (Сингапур (84%), Австрия (73%), Жапония (58%). ТМД елдерінің арасында тек Ресейдің (45%) ғана көрсетікіші Қазақстаннан жоғары.
Қазақстанның бастауыш мектептерінің оқу бағдарламасына TIMSS-2007 халықаралық тест тапсырмаларының жартысынан көбісі кіріктірілген, қалған тапсырмалары бағдарламадан тыс материалдардан құрастырылған. Біздің еліміздің жалпы бастауыш білім беру мазмұнының міндетті минимумы халықаралық деңгейде оқушылардың дамуын мойындау үшін маңызды бір қатар сұрақтарды қарастырмаған.
Жалпы, халықаралық зерттеуге алғашы қатысуымызды сәтті деп есептеуге болады, себебі қазақстандық төртінші сынып оқушылары ақпараттандырылған және танымдық әрекеттің жоғары деңгейін, сонмен бірге ерекше зияткерлік потенциалдарын көрсетті.
Қазақстан TIMSS-2011 халықаралық салыстырмалы зерттеулерде екінші рет 2011 жылдың сәуір айында қатысты.
Қатысушылардың жалпы контингенті республикамыздың 154 жалпы білім беру мектептерінің 4-ші және 8-ші сыныптарының 8774 оқушысынан құралған.
4-ші сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану даярлықтарын зерттеуге қатысу үшін республикамыздың барлық аймақтарының 4385 оқушылары іріктеліп алынды.Зерттеуге қатысқандардың көпшілігі Оңтүстік-Қазақстан (754), Алматы (486), Қарағанды (366), Жамбыл облыстары (329) және Алматы қаласының (405) оқушылары болды. TIMSS-2011 зерттеуіне қатысушылардың елеулі үлесін құраған 60,7% (2660 адам) – қазақ тілінде оқытылатын мектеп оқушылары (4-кесте).
Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның 4-ші сынып оқушыларының математикалық даярлығы (501 балл) статистикалық халықаралық орташа балдан (500) бір деңгейге жоғары, 50 елдің ішінен 27 орынға сәйкес келеді. Ғылыми жаратылыстану пәндері бойынша – 495 балл, халықаралық орташа балдан (500) бір деңгейге төмен, 50 елдің ішінен 32 орынға сәйкес келеді.

4-кесте – Зерттеуге қатысушылар құрамы / 4 сынып / адам / аймақ





Облыс атаулары

барлығы

оқыту тілі

ұлдар

қыздар

қазақ

орыс

Ақмола

142

71

71

77

65

Ақтөбе

232

192

40

115

117

Алматы

486

309

177

251

235

Атырау

193

56

137

93

100

ШҚО

278

101

177

155

123

Жамбыл

329

257

72

170

159

БҚО

98

98

0

51

47

Қарағанды

366

82

284

186

180

Қостанай

197

69

128

94

103

Қызылорда

252

234

18

130

122

Маңғыстау

217

169

48

117

100

Павлодар

168

95

73

84

84

СҚО

78

0

78

46

32

ОҚО

754

624

130

377

377

Алматы қ.

405

194

211

192

213

Астана қ.

190

109

81

91

99



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет