Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



бет11/45
Дата26.01.2023
өлшемі0,57 Mb.
#166550
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
2 PISA, TIMSS халықаралық зерттеу талаптарын ескерумен білім берудің жалпы білім беру мекемелерінің білім беру сапа мониторингісі: құрылымы, технологиялық карталары, процедуралары, нәтижелері

Оқытудағы мониторинг – бұл педагогикалық процесске және педагогикалық қызметтің нәтижесіне қатысты жинау, өндеу, сақтау және кез-келген мағлұматты беру жүйесі.


Білім берудегі мониторингтің мақсаты педагогикалық қызметтің тиімділігі мен нәтижелігін шығару мақсатында мәліметтер базасын құру болып табылады.
Сонымен қоса мәліметтер базасы бөлімдерден, тараулардан құралып, берілген ақпараттың мерзімі көрсетілген технологиялық карталарда тіркеледі.
Педагогикалық қызметтің нәтижелігі алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалу дәрежесінінің бағасымен түсіндіріледі. Келтірілген құрылымның сапасы қойылған мақсаттардан алынған нәтижелерімен анықталады. Педагогикалық қызметтің тиімділігі қабілеттіліктің берілген ресурстардың аз шығындарымен міндеттерді орындауымен бағаланады, шығыс және кіріс мәліметтерінің мөлшерімен өлшенеді.
Сәйкесінше, педагогикалық қызметтің нәтижелігі мен тиімділігінің мониторингтің негізгі міндетіне кірмейді, бірақ барлық мәліметтер базасы осы қызметтің осы немесе басқа аспектілердің кешенді немесі локальді бағасы ретінде қолданылады.
Педагогикалық қызметтің сапасымен көрсеткіштерді айқындау қиын және көпөлшемді үрдісті болып табылады, сондықтан ол жеке (арнайы) есептеу әдісін, сонымен қоса индикаторлар жүйесін, бағаның өлшеуіштер мен критерийлерін болуын қажет етеді.
Мониторинг мәліметтер базасын және мәліметтер банкының негізгі функцияларын құрайды, соған сәйкес мониторингтің толық құрылымы, технологиялық картасы және оның технологиялық шаралары өнделеді.
Бұл мониторингтің технологиялық картасы және құрылымы толық педагогикалық үрдістің спецификасының есебінен өнделеді, педагогтар мен оқушылардың субъект-объект-субъект әрекеттестігінде негізделеді.
Бұл педагог пен оқушылармен өзара байланысы арқылы түсіндіріледі, олардың қызметтерін басқармайды, педагогикалық үрдіс педагогикалық арақатынастың объектісі ретінде түсіндіріледі.
Осыған орай оқыту тапсырмаларының жүйесі оқыту құралы ретінде: оқытушы тапсырманы өндейді, оларды орындау технологиясын ойластырады, ал оқушылар осы тапсырмаларды орындайды. Сонымен қоса нақты тақырыпқа және нақты пән бойынша қарапайым оқу тапсырмаларынан бастап үлкен ғылыми жоба немесе бизнес-жоба құруға дейін оқушылардың қабілеті жеткілікті.
Сонымен қоса, мектептің білім беру үрдісінің сапасының бағасы және анализі үшін халықаралық салыстырмалы зерттеулердің БҒИ, PISA, TIMSS, талаптарының есебінен, ақпараттылық деңгейін анықтау, педагогтардың, сонымен қоса оқушылар мен олардың ата-аналарын да осы ақпараттармен қамту қажет.
Мониторинг құрылымы 2 бөлімнен тұрады:

  1. Оқушылардың математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған оқу тапсырмаларының жүйесі,

  2. ХСЗ ақпараттарымен қамту (9-кесте).

Технологиялық карта мониторингтік зерттеулердің әдістеріне сәйкес өңделеді.

9-кесте– Мониторинг құрылымы жалпы білім беретін мектептердің білім беру үрдісінің сапасымен БҒИ, PISA, TIMSS халықаралық зерттеулердің талаптарын ескере отырып құрылады







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет