Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясы



бет7/7
Дата28.01.2018
өлшемі1,82 Mb.
#34195
1   2   3   4   5   6   7
«Құқықтану негіздері» орта білімнің базистік оқу жоспарына мемлекеттік компоненттің құрамдас бөлігі ретінде кіреді. Пәннің мазмұны жалпымәдени және жалпымемлекеттік маңыз алатын мазмұнда құрылған. Негізгі мектептің 9-сыныбында пән жылына 68 сағатқа шақталған «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсы шеңберінде оқытылады. Құқықтану материалдары бұл курстың 1/3 бөлігін құрайды.
  • “Құқықтану негiздерi” пәнiнiң негiзгi зертеу объектiсi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесi, құқық салалары негiздерi, адам құқығы, соттың, прокуратураның және өзге құқыққорғау органдарының қызметi, құқықтық қоғам ұғымы, құқықтық мәдениет, адам мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар тақырыптарын қамтиды.

    БМЖМС-2002 бойынша «Құқықтану негіздері» «Қоғамтану» базалық білім аймағына енетін, өзінше жеке оқу пәні болып қалыптасты. Оның жалпы орта білім берудегі рөлі демократиялық және құқықтық қоғамды орнату және дамыту заңдылықтарын танумен шарттастырылған.

    Мектепке арналған «құқықтану негіздері» пәнінің мазмұны құқықтанушылық білімнің әр азамат игеруге мiндеттi білім топтарын құрайды. Қазіргі замандық құқықтық шынайылық және құқықтық мемлекет құру ниетін көздеп отырған жағдайында әр азаматтың жеткілікті құқықтық білімі болуының, сонымен қоса, ол білімдерді олардың іс жүзінде қолдана білуінің маңызы зор. Жастар өздерінің құқықтық мәдениетін көтере отырып, сол білімдері негізінде, қай тараптан болмасын, өзін қорғай алуы керек. «Құқықтану негіздерін» мектепте оқытудың басым бағыты адам құқықтары мен еркіндіктері, олардың қоғамдық практикада жүзеге асырылуы болып табылады.

    Мектепте бағдарлы бiлiм беру шеңберінде таңдап оқытылатын және қолданбалы курстар ұйымдастрылады.

    «Құқықтану негіздері» пәнiнiң мақсатына орай, жалпы орта мектептi бiтiрген оқушы мынадай түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзуi керек:

    - өзінің саяси, әлеуметтік құқықтары мен еркіндіктерін біледі, оларды қоғамдық практикада жүзеге асырады, міндеттерін орындайды;

    - саяси-құқықтық кеңістікте қалыптасқан ахуалдарда дұрыс бағдар ұстанады;

    - айналаны қоршаған дүниеге ғылыми көзқарапен қарайды;

    - ұлттық және жалпыадамзаттық құқықтық құндылықтарды игеру негiзiнде өзге адамдармен мәдени қатынас жасай алады;

    - құқықтық нормаларды сақтай отырып, отбасын құрады, оны материалдық қамтамасыз етедi, жеке бизнеспен айналысады;

    - құқыққа сиымды өмiр салтын ұстанады, денсаулығын қадағалайды.


    Курстарға қысқаша сипаттама

    1. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 10 сыныбы. Курстың аты – «Құқықтану»

    Курсты оқытуға қолданыстағы БМЖМС және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.



    2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 11 сыныбы. Курстың аты – «Құқықтану»

    Курсты оқытуға қолданыстағы БМЖМС және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.



    3. Жаратылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 10 сыныбы. Курстың аты – «Құқық негіздері»

    Курсты оқытуға қолданыстағы БМЖМС-2002 және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.

    Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарындағы бағдарлы мектептiң 10-11 сыныптарына арналған “Құқықтану негiздерi” курстары 9-сыныпта оқытылған “Адам. Қоғам. Құқық” курсының жалғасы болып табылады. Мұнда құқық салаларының негіздері – конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасы, еңбек, қылмыстық құқықтар, азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері туралы әр саналы адам бiлуге тиiстi қажеттi бiлiм топтары келтiрiлген. Тақырыптар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі даму мысалдарымен ашылады.

    Оқулықтың мазмұны уақыт тынысына сай, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтарды меңгерген, айналада болып жатқан оқиғаларға саяси және ғылыми дұрыс баға бере алатын, азаматтық және құқықтық қоғам мүшесiн тәрбиелеуге бағытталған. Бiлiм құрамы адамның кәсiбiне немесе өзге әлеуметтiк жағдайларына қарамастан, барлық адамға қажеттi ғылыми ақпараттарды қамтиды. Бағдарлы мектептi бiтiрушiлер материалды Конституция мен заңдардың негізгі баптары дейгейiнде ғана игерiп қоймай, сонымен қатар мәселенiң мәнiне үңiле бiлуге, құбылыстың себебiн анықтауға, үрдiстерге анализ жасай алуға тиiстi.

    Құқықтық, азаматтық және демократиялық қоғам орнату – Қазақстан Республикасы алдына қойып отырған басты саяси мiндет болып табылады. Осы жағдай Қазақстан Ресспубликасының жалпы орта білім беретін мектептерінде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде оқыту қажеттігін тудырып отыр. Өйткені, ұлттың келешегін білім мазмұнындағы демократиялық және құқықтық құндылықтарға берілетін басымдықтар айқындайды, өрекениетті қоғам орнату жалпыға құқықтық білім берудің бүгінгі жағдайына тәуелді.

    Қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептiң 10-11 сыныптарына арналған “Құқықтану” курсы кеңейтілген көлемде (68 сағат), А.Ибраева жетекшілiк еткен авторлық ұжым дайындаған, құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулықтарымен және ОӘК-мен оқытылады.

    Жаратылыстану-математика бағытындағы бағдарлы мектептiң 10 сыныбына арналған «Құқық негіздері» курсы шақталған көлемде (34 сағат), Ө.Қопабаев жетекшік еткен авторлық ұжым дайындаған, құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулықтарымен және ОӘК-мен оқытылады.

    11-сыныпқа арналған оқулық пен ОӘК Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде сынақтан өткен. Сынақтан кейiн авторлар мұғалiмдер мен сарапшылардың сын ескертпелерi мен ұсыныстары бойынша жұмыс iстеп, жетiлдiрдi. Олардың толықтырылған және өңделген нұсқалары “Мектеп” баспасынан 2007 жылы қайта жарық көрiп, жалпы орта бiлiм беретiн оқу орындарында пайдалануға ұсынылып отыр. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 11 сыныбына арналған “Құқықтану” курсының хрестоматиясында ҚР азаматтық кодексінен, ҚР қылмыстық кодексінен, ҚР соттар және соттардың мәртебесі туралы заңынан, ҚР прокуратурасы туралы заңынан, ҚР ішкі істер органдары туралы заңынан үзінділер келтірілген. Хрестоматияда халықаралық құық туралы матрериалдарға ерекше орын берілген. Хрестоматияға енген материалдар оқулықтың негiзгi мазмұнын ашуға септiгiн тигiзетiн қосымша ақпараттар көздері ретiнде қолданылады, мазмұны жағынан оқулықтың құрылымына сай орналастырылған.

    Курс бойынша ОӘК-нiң құрамына, мұғалiмге арналған әдiстемелiк нұсқау енедi. Оны тиiмдi пайдалана отырып, мұғалiм талапқа сай сапалы сабақ өткiзу мүмкiндiгiне ие болады. Әдiстемелiк нұсқаудан мұғалiм курстың қысқаша сипаттамасын, пәннiң мақсаты мен мiндеттерiн таба алады, педагогикалық технологиядағы жаңалықтармен қауышады.

    ОӘК-нiң құрамында сонымен қоса, дидактикалық материалдар бар. Дидактикалық материалдарды оқушылардың санына шақтап, қажетiне қарай ақпараттық-көшiру техникасының көмегiмен көбейтiп пайдалану керек.

    4. Құқықтану негiздерi бойынша факультативтер. Мектеп өз ынтасымен немесе оқушылар мен ата-аналардың сұрауымен құқықтық бiлiм берудi ұйымдастыруы мүмкiн. Азаматтық және құқықтық бiлiмдер оқушылардың өмiрлiк компетенцияларын қалыптастыруға, азаматтық құқықтарын жүзеге асырып, мiндеттерiн орындауына, саяси-құқықтық санасын өсiруге, сыншыл ойлауға бағыттауы және тәрбиелеуi керек. Құқықтанудан (немесе азаматтанудан) факультативтiк сабақтарды жылына 34 сағаттан, 5-9 сыныптарда ұйымдастырған жөн.

    5. Бағдарлы оқыту таңдап оқытылатын және қолданбалы курстардан тұрады. Оқушылардың құқықтық бiлiмiн кеңейту, қоғам өмiрiне қатысуға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында құқықтану саласынан курстар оқытылады. Базистiк оқу жоспарының вариативтiк бөлiгi 10-11 сыныптарда аптасына бiрнеше сағатқа дейiн қолданбалы және таңдап оқытылатын курстарды жоспарлауға мүмкiндiк бередi.

    Бағдарлы оқыту – жоғары сынып оқушыларының мүдделерiн, икемдiлiктерiн, қабiлеттерiн, кәсiптiк мүдделерiн, оқуды жалғастыру ниетiн ескере отырып бiлiм беру үшiн оқу процесiн ұйымдастырғанда құрылымдық, мазмұндық өзгерiстер жасай отырып, оқытуды ажыратымдау және индивидуалдандыру құралы болып табылады. Бағдарлы бiлiм арқылы тұлғалық бағдарлы оқу процесi жүзеге асырылады. Бағдарлы бiлiм беру арқылы оқушының жеке, индивидуалды бiлiм алу көкжиегi маңыз аларлықтай кеңейедi.

    Таңдалатын курстар – оқушылардың өздерiнiң ата-аналарымен келiсiп отырып таңдап оқитын курстары. Мектептiң жоғары сатысында оқыту бағдарының құрамына енетiн, таңдалатын курстар үш негiзгi функция атқарады: бағдарлы курстың мазмұнын толықтырады; базалық курстардың бiрiнiң мазмұнын дамытады және кеңейтедi, таңдаған кәсiп шеңберiнен шыға отырып, адам қызметi аясында жекелеген оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырады. Бағдардың құрамында таңдауға ұсынылатын курстардың саны оқушы таңдап алуға мiндеттi курстардың санынан артық болуы керек.

    Бағдарлы бiлiм бұрынан практикаланып келе жатқан жекелеген мектептерде мамандықты тереңдетудi жүзеге асыруға бағышталған жеке пәндердi тереңдетiп оқытуға қарағанда бiлiмдi жеке бағдарлар бойынша кең ауқымда құру идеясынан туындаған. Мұндай жағдайда, әр бағдардың iшiнде қосымша бағдарiшiлiк мамандыққа бейiмдеу жүзеге асырылуы мүмкiн.

    Төмендегiдей курстар оқыту ұсынылады:

    Қазақстандағы құқықтық қоғам – 34 сағат;

    Негізгі адам құқықтары – 34 сағат;

    Адам және заң – 34 сағат;

    Құқықтық этика негiздерi – 34 сағат.


    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.



    БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРI
    «Бейнелеу өнерi» пәнiн мектепте оқытудың неiзгi мақсаты оқушылардың өнер шығармалары мен әлемдi бейнелi қабылдаудағы дербес шығармашылық қабiлетiн дамыту; сезiмдiк-эмоционалды өрiсiн тереңдету және байыту; көркемдiк-шығармашылық қабiлеттерiн қалыптастыру болып табылады. «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң негiзгi қызметі мектеп оқушыларын көркем-эстетикалық тұрғыдан бiлiм берiп тәрбиелеуден, оның табиғи көркем шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк беруден көрiнедi. Мектепте бiлiм берудiң алғашқы деңгейінде оқушылардың композиция, кескiндеме, графика, мүсiн, сәулет және сәндiк-қолданбалы өнер бойынша бiлiм, бiлiк, дағдыларының негiзi қаланады.

    «Бейнелеу өнерi» пәнiнiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi: оқушылардың көркемдiк шығармашылық қабiлеттерiн және ой-қиялын, көрермендiк-бейнелi ойлауын, дербес шығармашылық iс-әрекетiн қалыптастырып, дамыту; композиция, түстану, тепе-теңдiк, көлем, перспектива заңдылықтарын, түс-жарық және орындау техникасының әртүрлiлiгiн бiлуге қажеттi алғашқы бiлiктiлiктердi, яғни өнер саласы бойынша компотенттiлiгiн қалыптастыру; оқушылардың кеңiстiктiк ұғымын, шындықты көркем-бейнелi қабылдауын, оның әсемдiгi мен түстiк байлығын түсiнiп, реңдiк сезiмдiк қабылдауын дамытуды қалыптастыру; Отандық және әлемдiк көркем мәдениет мұраларын сақтауға, көбейтуге баулу.

    Мектептің негізгі деңгейінде композиция, кескіндеме, графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер бойынша оқушылардың дағдыларының практикалық негізі қаланады.

    Оқу жүктемесінің көлемі әрбір сыныпта аптасына 1,5 сағат, оқу жылы бойынша 51 сағатты құрайды.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.
    Бейнелеу өнерi. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 5-6 сыныптарына арналған оқу бағдарламалары – Алматы: РОНД, 2003.

    Оқулықтар мен оқу - әдiстемелiк құралдар.


    МУЗЫКА
    «Музыка» пәнiн мектепте оқытудың мақсаты оқушылардың дербес музыкалық-шығармашылық қабiлеттерiн, олардың шығармашылық ассоциативтi ойлау фантазиясын дамыту болып табылады.

    Музыкалық-шығармашылық әдiс жолы дамыта оқыту идеясымен тығыз байланыста болып олардың әртүрлi музыкалық ойындар, импровизация, мелодия, ән, музыка орындаудағы тембрлiк-ритмикалық аккомпонемент құрастыру сабақтарында басқа өнер түрлерi арқылы өздерiнiң музыкалық әсерленуiн көрсетуде пайдаланылады.

    Мектептегi «Музыка» пәнiнiң мiндеттерi: музыкаға деген қызығушылығын тәрбиелеу, әуезге эмоционалды үн қату қабiлетiн дамыту. Музыка жайлы, музыкалық алғашқы мәлiметтерге ие болу, практикалық бiлiм, бiлiк, дағдыларды қалыптастыруда тыңдау, ән айту, музыкалық-ритмикалық қозғалыстарға, музыкалық аспаптарда ойнау, импровизациялай бiлуге, яғни музыкалық-шығармашылық компетенттiлiгiн қалыптастыру. Мұндай музыкалық iс-әрекеттер түрiн бiрiктiрудiң басты шарты қабылдау процесiн дамыту болып табылады. Басқа өнер түрлері арқылы (сурет салу, билеу және пантомиа, ертегі мен өлең құрастыру) музыкалық әсерленуді көрсетуге пайдалануды ұсынады.

    Оқу жүктемесінің көлемі: әрбір сыныпта 51 сағаттан, аптасына 1,5 сағат (бірінші жарты жылдықта аптасына 2 сағаттан, екінші жарты жылдықта –аптасына 1 сағаттан оқытылады).

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

    Музыка. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 5-6 сыныптарына арналған бағдарламалар – Алматы: РОНД, 2003.


    ӨНЕР

    Бағдарлама мақсаты – әртүрлі өнер түрлерінің әсер ету күшімен оның заңдылықтарына сүйене отырып жоғары сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру.

    «Өнер» (отандық, шетел және қазіргі заман көркем мәдениеті) пәнін оқыту міндеті - оқушыларды отандық және шетел өнерімен таныстыру, олардың рухани ішкі дүниесін байытып өнерді қабылдап, түсінуін арттыру, тыңдаушы, көрермен, оқырмандық қабілетін дамыту. Көркемдік мәдениеттің даму үрдісінің заңдылықтарын ашатын білім, білік, дағдыларын жетілдіру; өнер тілін меңгеруге, өз Отанын мақтан тұтып, әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу.

    Отандық, шетел және қазіргі заман көркемдік мәдениеті әдебиет, тарих бейнелеу өенрі және сәндік қолданбалы өнер, музыкадан алған білімдерін кешенді түрде пайдалануды талап етеді және әрі қарай тереңдетуге мүмкіндік береді.

    «Өнер» пәнінің идеясы қазақтың көркемдік мәдениетін құндылық құбылыс ретінде оқыту болып табылады. Курстың негізгі өзегі номадтар мұралары, Шығыс өнері, Батыс Европа мен Ресей халықтарының көркемдік мәдениеті мен өнерін әлемдік көркемдік жүйемен салыстыра отырып тұтастықта зерделеуге бағытталған. Бағдарлама ұстанымы оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі- эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әртүрлі өнер түрлерінің кешенді түрде қарастыру мақсатын көздейді. «Өнер» білімдік аймағының мазмұны қоршаған ортаны өзгертуге қабілетті шығармашы тұлға тәрбиелеуге бағытталған болуы тиіс.

    10 сыныпта «Өнер» пәнін оқытуда жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныбына арналған «Өнер» бағдарламасын - Алматы: КАО им. Ы Алтынсарина, 2006. пайдалану қажет.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

    «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
    ТЕХНОЛОГИЯ

    2009-2010 оқу жылында «Технология» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен (13.08.2002 жылғы №693 бұйрық) «Технология» пәнiнiң (бiлiм саласының) жалпы орта бiлiм берудің мемлекеттiк стандарты және ҚР БжҒМ-нің 11.03.2003ж. № 148, 12.05.2004 ж.. № 405, 18.10.2005ж. № 672 бұйрықтарымен бекітілген оқу бағдарламалары негізінде оқытылады:

    1. Жалпы білім беретін мектептің 5-7-сыныптарына арналған «Технология» пәнінің бағдарламасы.– Алматы: РОНД, 2003.

    2. Жалпы білім беретін мектептің 8-9-сыныптарына арналған «Технология» пәнінің бағдарламасы.– Алматы, ҚБА, 2004.

    3. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған «Технология» пәнінің бағдарламасы.– // Технология. 10-11-сыныптарына арналған «Технология» пәнінің бағдарламасы – Алматы, ҚБА, 2006.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.



    5-7 сыныптар

    1. Технология. К.Өстеміров, Б.Қалназаров, Г.Чимекеева, М.Ирсимбетов. – Алматы: Атамұра, 2005.

    Ал 8-9 сыныптарда ҚР БжҒМ-нің 2009 жылдың 3 сәуіріндегі № 160 бұйрығына сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендер ұсынылады:

    8 сынып

    Технология (қыз балаларға арналған). Е.Ермилова, И.Товченик. – Алматы: Мектеп, 2008.

    Технология (қыз балаларға арналған). Әдістемелік нұсқау. Е.Ермилова, И.Товченик. – Алматы: Мектеп, 2008.

    Технология (қыз балаларға арналған). Жұмыс дәптері. Е.Ермилова, И.Товченик. – Алматы: Мектеп, 2008.

    Технология (ер балаларға арналған). Ю.Моряков, Г.Жарымбетова, А.Халендеров. – Алматы: Мектеп, 2008.

    Технология (ер балаларға арналған). Әдістемелік нұсқау. Ю.Моряков, Г.Жарымбетова. – Алматы: Мектеп, 2008.

    Технология (ер балаларға арналған). Дидактикалық материалдар. Ю.Моряков, Г.Жарымбетова. – Алматы: Мектеп, 2008.

    9 сынып

    Технология (қыз балаларға арналған). Е. Ермилова, И.Товченик. – Алматы: Мектеп, 2009.

    Технология (қыз балаларға арналған). Әдістемелік нұсқау. Е.Ермилова, И.Товченик.– Алматы: Мектеп, 2009.

    Технология (қыз балаларға арналған). Дидактикалық материалдар. Е. Ермилова, И.Товченик.– Алматы: Мектеп, 2009.

    Технология (ер балаларға арналған). Е.Ермилова, И.Адамкулов, И.Товченник. – Алматы: Мектеп, 2009.

    Технология (ер балаларға арналған). Әдістемелік нұсқау Е.Ермилова, И.Адамкулов, И.Товченник. – Алматы: Мектеп, 2009.

    Технология (ер балаларға арналған). Дидактикалық материалдар. Е.Ермилова, И.Адамкулов, И.Товченник. – Алматы: Мектеп, 2009.

    «Технология» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына екі сағатты, яғни оқу жылында 68 сағатты құрайды. Мектептер ҚР «Технология» пәні бойынша білім беру стандартында көрсетілген 7 оқу курстарының бірін таңдап алып, әр түрлi кәсiби-бағдарланған курстарды ұйымдастыра алады, олар келесі бағыттарды қамтиды:

    1. «Шаруа қожалығы: құрылысы, күту, жөндеу». Аталған курсты ауыл мектептерiмен қатар қала мектептерiнiң оқушылары да оқып үйренедi. Мұнда қала мектептерiнiң оқушылары оқып-зерделеуге негiз етiп шаруа қожалығының орнына пәтерлердi күту мен жөндеудi алады.

    2. «Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң технологиясы» курсы ауыл мектептерінің оқушыларына ғана емес, қала мектептерінің де оқушыларына арналған. Бұл курсты оқып-үйренуде оқушылар ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргiзудiң теориялық және практикалық негiздерiмен, еңбектi ұйымдастыру формаларымен, еңбек нормаларымен, ауыл шаруашылығында нарықтық экономиканы дамыту ерекшелiктерiмен танысады.

    3. «Компьютерде iс қағаздарын жүргiзу және басу» курсы өндiрiс орындарындағы әр түрлi қызмет салаларына бiлiктi хатшылар дайындауға негiзделген. Бұл курс кiрiктiрiлген және iс-қағаздарын жүргiзу, еңбектi ғылыми ұйымдастыру, компьютермен жұмыс iстеу бiлiктіліктерi мен дағдыларын игеру әдiстемесi салалары бойынша берiлетiн бiлiмдi үйлестiредi.

    4. «Өндiрiстiк технологиялар негiзiнде конструкциялық материалдарды өңдеу» курсында қыздар тiгін бұйымдары бойынша өндiрiстiк технологиялар негiздерiн оқып-үйренедi.

    5. «Өндiрiстiк технологиялар негiзiнде конструкциялық материалдарды өңдеу» курсында ұлдар ағаш және металл өңдеу бойынша өндiрiстiк технологиялар негiздерiн оқып үйренедi.

    6. «Кәсiпкерлiк негiздерi». Бұл курсы оқыту мен үйретудiң мақсаты – оқушылардың шағын және орта бизнес саласы бойынша сұраныстарын барынша қамтамасыз ету. Бұл шағын және орта бизнес бойынша өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық қызмет негiздерiн оқытып үйретудi көздейдi. Курс ауыл және қала мектептерiнiң ұл-қыздарына арналған.

    Оқу пәнi ретiндегі осы курстардың базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсiптерiн анықтау қабiлеттерiн дамытады, олардың өздерiн-өздерi танып-бiлулерiне, әр түрлi кәсiби салалар бойынша қабiлеттіліктерiн, бiлiктіліктерін шыңдауларына мүмкiндiк жасайды.

    спубликасының жалпы білім беретін мектептерінің(стандартты(у;

    белгілерідайындайтын және арнайы жаттығулардың әр түрлі қосқанда

    ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ
    «Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті жалпы орта білімнің мемлекеттік стандартының негізгі ережелеріне» сүйене отырып, «Дене шынықтырудың» білім беру саласындағы негізгі мақсаты денсаулықты нығайту, білім, өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту болып табылады.

    Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:



    • өмірлік маңызды қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін

    арттыруды қалыптастыруға себепкер болатын дене жаттығулардың негізгі түрлерімен оқушыларды таныстыру;

    • қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру мен денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс іс-әрекеті және дене жаттығуларының негізгі түрлерін оқушылардың меңгеруіне көмектесу;

    • дене тәрбиесі мен салауатты өмір саласындағы білімді қалыптастыру;

    • бұқаралық спорттың маңызды негізін құрайтын жаттығулар техникасын жетілдіру есебінен дене қасиеттерін тәрбиелеу.

    Әр сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағатты, оқу жылы ішінде 102 сағатты құрайды және топтардағы оқушылар саны 10-12 ден кем болмаған жағдайда 5-11 сыныптарда ер балалар мен қыз балалар бөлек оқытылады (ҚР БҒМ-нің 2001ж. 27.06. №505, 2002ж. 30.04. №352, 2003 ж. 29.05. №351 бұйрықтары).

    Сабақтарда бәрінен бұрын іс жүзінде педагогикалық міндеттердің барлық көлемін қамтитын оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Дайындайтын және жетектейтін сипаттағы, сондай-ақ денені арнайы шынықтыратындай жаттығуларға үйрету технологиясын бөлек-бөлек және жүйелі түрде құрастыру қажет. Оқушыға білікті түрде жәрдем көрсетілу тиіс. Білім беру міндеттерін жүзеге асырудың практикалық құрылымы ретінде қателерді көрсету мен түсіндіру, қателерді жою жолдары ұстаздың оқушымен жүргізетін жеке жұмысының тиімділігін қамтамасыз етеді, өзінің білімін көтеруге ынталандыру секілді көп нәрсеге себепкер болады.

    Дене тәрбиесінің базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық, себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуды көздейді.

    Бағдарламаның өзгермелі мазмұны оқушылардың тұратын жерлерінің ерекшеліктерін, мектептің материалдық базасын, мұғалім мүмкіндіктерін және оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып құрылған. Сондай-ақ оқушылармен жеке сабақтар өткізу мәселесі де қарастырылған. Бағдарлама материалдарының өзгермелі бөлігін жаңарту мұғалімдерді сабақтың көлемі мен тақырыптың мазмұнын кеңейте түсуге, оқушыларға функционалды ықпал етудің оңтайлы стратегиясын жасауға, дамыта оқытудың және оқу процесін жетілдірудің танымдық мәнін түсіндіруге бағыттайды.

    Бағдарлама жеке материалдардың оқыту ерекшелігін ескере отырып, үйретудің неғұрлым белсенді, ізденісті әдістерін, топқа және жеке тұлғаға түсетін дене жүктемесін нормалауды, сондай-ақ сабақтардың жеке бөліктерін шебер қолдануды талап етеді. Мұндай талапты жүзеге асыру үшін мұғалім сабақ берудің әдеттен тыс тәсілдерін еркін меңгеруі тиіс. Сабақтың әдеттен тыс түрін ұйымдастыру нұсқасы оның құрылымдық өзгерісінің өзіндік, яғни мән-мағынасы бойынша ерекшеленуі қажет. Мұнымен бірге оқушылардың оқудағы саналы белсенділігін, дербестігін қалыптастыруға, жеке мүддесін дамытуға ықпал ететін сабақтар да ерекше маңызға ие.

    Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

    – мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылып отырылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге асуы тиіс;

    – «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

    – қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

    – оқушылардың тактикалық ойлануын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге қозғалыс ойындарының әсерін есептей отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының тізімі мен мазмұны болуы қажет;

    – оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау – сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

    – ырғақты гимнастика кәдімгі «аэробика» түрінде жеке сабақ ретінде немесе гимнастика сабағының қосымша бөлімі ретінде де өткізілуі мүмкін;

    – дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі мұғалімнің өзі көптеп қолданылатын жекелеген бақылау нормативтерін және Президент сынамалары нормативтерін орындау нәтижелерімен бағаланады.

    Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 1-11 сыныптарында «Дене тәрбиесі» пәні 2009-2010 оқу жылында «Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және ҚР БжҒМ-нің 2003ж. 11.03. №148, 2004 ж. 12.05. №403, 2005ж. 18.05. №627 бұйрықтарымен бекітілген бағдарламалар негізінде оқытылды.

    Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған бағдарлама. – Алматы: РОНД, 2003.

    Жалпы білім беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған бағдарлама. – Алматы: РОНД, 2003.

    Жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған бағдарлама. – Алматы: КБА, 2004.

    Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған бағдарлама. – Алматы: КБА, 2006.

    «Дене тәрбиесі» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

    1.Дене тәрбиесі. 1-2 сыныптар. Әдістемелік құрал Г.Маковецкая, Т.Васильченко, О.Меркель.Алматыкітап 2009ж.

    «Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

    «Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет өткізіледі және каникул кезінде ұйымдастырылады.


    АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ
    2009-2010 оқу жылында жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында «Алғашқы әскери дайындықты» оқыту ҚР БжҒМ-нің 27.05.2004 ж. № 443 бұйрығымен бекітілген «Алғашқы әскери дайындық» пәні бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде іске асырылады. Мұнда мектептің жоғарғы сатысы бағдарлануы көзделеді. Алғашқы әскери дайындықты оқытуда жалпы білім беретін мектептердің барлық типіне БжҒМ-нің 28.09.2005 ж. № 653 бұйрығына сәйкес бағдарламаларды пайдалану ұсынылады.

    Алғашқы әскери дайындық.. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11сыныптарына арналған бағдарлама. К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К. Майхиев, Б.К.Аманжолова. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:

    1. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова, Қ.Ашкеев. – Алматы: Мектеп, 2006.

    2. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал. (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова. – Алматы: Мектеп, 2006.

    3. Алғашқы әскери дайындық. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, Д.К.Майхиев (қазақ, орыс тілдерінде) – Алматы: Мектеп, 2006.

    4. Алғашқы әскери дайындық. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Д.Майхиев. – Алматы: Мектеп, 2006.

    5. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова, Қ.Ашкеев. – Алматы: Мектеп, 2006.

    6. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова. – Алматы: Мектеп, 2006.

    7. Алғашқы әскери дайындық. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, Д.К.Майхиев (қазақ, орыс тілдерінде) – Алматы: Мектеп, 2006.

    8. Алғашқы әскери дайындық. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін мектептердің 10-сыныбына арналған (жаратылыстану-математикалық бағыт). Д.К.Майхиев – Алматы: Мектеп, 2006.

    9. Бейнеқұрал: Фильм 1. «Отанды қорғау-мемлекеттің маңызды қызметі» хронометраж. Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 2. «Қарулы күштер ҚР-ның тәуелсіздік күзетінде» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 3. «ҚР-ның қарулы күштерінің жалпыәскери жарғысы. Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 4. «Тактикалық дайындық» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 5. «Атыс дайындығы» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 6. «Атыс қаруынан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері және жарықшақты қол гранаталарын лақтыру» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 7. «Саптық дайындық» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 8. «Әскери топография» Алматы: Мектеп, 2004. Фильм 9. «Азаматтық қорғаныс» Алматы: Мектеп, 2004.

    Оқыту бағытына қарай 11-сыныптарда БжҒМ-ң 2008 жылдың 10 сәуіріндегі №187 бұйрығына келесі оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану ұсынылады:

    1. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова. – Алматы: Мектеп, 2007.

    2. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал. (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев,. – Алматы: Мектеп, 2007.

    3. Алғашқы әскери дайындық. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). К.Р.Аманжолов, Д.К.Майхиев (қазақ, орыс тілдерінде) – Алматы: Мектеп, 2007.

    4. Алғашқы әскери дайындық. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Д.Майхиев. – Алматы: Мектеп, 2007.

    5. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев, Б.К.Аманжолова. – Алматы: Мектеп, 2007.

    6. Алғашқы әскери дайындық. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып мұғалімдеріне әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, А.Б.Тасболатов, Д.К.Майхиев. – Алматы: Мектеп, 2007.

    7. Алғашқы әскери дайындық. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған (жаратылыстану-математикалық бағыт). К.Р.Аманжолов, Д.К.Майхиев (қазақ, орыс тілдерінде) – Алматы: Мектеп, 2007.

    8. Алғашқы әскери дайындық. Жұмыс дәптері. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбына арналған (жаратылыстану-математикалық бағыт). Д.К.Майхиев. – Алматы: Мектеп, 2007.

    Алғашқы әскери дайындық пәнінен

    1.Өмір қауіпсіздігі негіздері. Оқу құралы.С.Тайжанов.– Алматы: «Дәнекер» баспасы, 2004. қосымша оқу құралы ретінде ұсынылады.

    Алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін оқытушылар қосымша қолданбалы курстар мен таңдау курстарын ұйымдастыра алады, мысалы, «Әскери қару тарихы», «Қазақстандық әскердің құрылу тарихы», «Медициналық білім негіздері» және т.б.






    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет