Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімі Шу қаласы Антон Семенович Макаренко атындағы Шағын орталықты орта мектеп



бет1/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#34590
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімі

Шу қаласы Антон Семенович Макаренко атындағы

Шағын орталықты орта мектеп

Ғылыми жоба

Жоба тақырыбы: «Алаш партиясы және Ұлы дала ұлағатын танытқан кемеңгер тұлғалар»

Жас ізденуші: 10 "А"сынып оқушысы

Әбдиева Аяжан Жомартқызы

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Ускембаева Зауре Болатовна

Шу ауданы, Төле би ауылы. 2016-2017 оқу жыл

МАЗМҰНЫ

Абстракт(аннотация)……………………………………….....….……................3

Кіріспе……………………………………….........................................................5

Негізгі бөлім............................................................................................................7

Қорытынды ...........................................................................................................22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................23



Зерттеудің мақсаты: Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің құрылуын, саяси тарих процесіндегі рөлін тарихи зерттеулер тұрғысынан көрсету. Алаш арыстарының бұған дейін ғылыми айналысқа түспей келе жатқан жазба еңбектерін жариялап, олардың саяси көзқарасымен отаршылдыққа қарсы күрес жолындағы өсу эволюциясын айқындау. Көрнекті қоғам қайраткерлері мен қазақ зиялыларының атқарған еңбектеріне, өмір жолына және қызметіне деректік мазмұн беру.

Гипотезасы: Алаш партиясы мүшелері Алаш құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.

Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты.


Кезеңдері:

1. «Алаш» Идеясы

2. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.

3. Алашорда үкіметінің қызметі

4. Алаш зиялыларының өмірбаяны мен еңбектері

5. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары.


Тәжірибенің әдістемесі: Білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттей келе, тек дидактикаға (білім беру, оқыту) ғана емес, ғылым мен тәрбиеге әрі саясат пен мәдениет саласына сүйендік.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Алаштың беймәлім қайраткері Биахмет. Семей өңірінде дүниеге келіп, бар-жоғы отыз алты жыл өмір сүрген, алайда халқы үшін көп істі жасап үлгерген ұлт азаматының бірі – Биахмет Шигедекұлы Сәрсенов. Ол 1885 жылы Семей облысына қарасты Зайсан уезінің Нарын болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ақсуат ауданы) дүниеге келген. Биахмет 1905-1909 жылдар аралығында Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып, оны бітіргеннен кейін ел ішіне барып бес жылдай бала оқытып, 3 жылдай болыс­тық кеңесте қызмет атқарған. 1917 жылы патша өкіметі құлаған кезде ел азаматтарымен бірге әлеумет жұмысына араласты.

Биахметтің өмірі Алаш партиясымен тығыз байланысты. Алаш партиясына

3

белді мүше болып, Орынборда өткен бірінші жалпықазақ (1917 ж. 21-26 шілде) және екінші жалпықазақ (1917 ж. 5-13 желтоқсан) съездерін ұйымдастырушылардың бірі, әрі осы съездерді өткізуге белсене қатысады. Бұл съезде жалпы он төрт мәселе қаралып, соған орай шешім қабылданған болатын. Биахмет Сәрсеновтың Құрылтай жиналысына депутат болуын Әлихан Бөкейханов лайықты көрген. 1917 жылы шыққан «Қазақ» газетінің 235 санындағы «Қазақ депутаттары» деген мақаласында Құрылтайға лайықты депутаттардың арасынан оның да есімі аталады. Биахмет Семейдегі атты әскер, милиция құруды бірден-бір қолдады. Алаш атты партизан полкін ұйымдастырушы 38-дің ішінде Биахмет пен оның ағасы да болған. Ол жалпы қазақтың басын қорғайтын әскери күштің, милицияның қажеттігін насихаттай отырып, оған қазақ жігіттерін тартуды қалады. 1918 жылдың маусымына қарай Семей қаласындағы Алаш әскери жасағының саны 300-ден 500-ге дейін өскен. Бұл әскери күш уақытша Сібір үкіметінің құрамында кеңестік билікке қарсы күрескен. Биахметтің бірнеше мақаласы «Қазақ» және «Сарыарқа» газеттеріне жарияланып, сол кездегі өзекті мәселелерді қозғай білді.


Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Алаш партиясы мен Алаш зиялыларының тарихтағы орнын қайта сипаттау, зерттеу барысында олардың есімі тарихта обьективті түрде бағаланған. Соның салдарынан тарих ғылымының кеңестік 1953 жылы КОКП ХХ сьезі олардың есімдерін ақтау ісі жүргізіліп, ғалымдар олар туралы ғылыми зерттеулер жазылды. Алаш немесе Алашорда қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстың өзегі өзінің бастау көздерін 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы әкелген өзгерістерден алған, ал саяси ұйым ретінде 1917 жылғы жазда құрылған Алаш партиясы болды.
Нәтижелерді практикада қолдану салалары: Зерттелген обьект ғылыми-теориялық негіздерді нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады.

4

Кіріспе


Зерттеу жұмысының өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады. Биыл «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толмақ. Төл ұлттық мемлекеттігіміздің бастауы болған осы ғасырлық тойға орай Алаш қозғалысы мен көрнекті Алаш зиялыларына қатысты барша дерек, ақпараттар жарық көрмек. Мәдени мұраға иек арту жаһандануға жақындау мен ұлттардың өзін – өзі сақтауы болып табылады. Ұлы тұлғалар туралы жинап зерттеу, оны таныту көп ізденісті және жауапкершілікті қажет етуі және ерекше мән беруі жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

1.Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу.

2.Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде мәнін ашып көрсету.

3.Алашорда үкіметінің заңдары мен іс-қағаз құжаттарына тарих, саясат тұрғысынан баға беру.

4.Қазақ зиялыларының қазақ мүддесін көтерген қызметтеріне тоқталу.

5.Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу



1.1 «Алаш» Идеясы

Рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты.


«Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш — халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. 5

Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды.


Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.
Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.

Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.


Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі.

Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» де­ген еді.


6

Негізгі бөлім:



1.1 Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.
Бірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі — қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Жаңадан құрылған партия "Алаш" деген атқа ие болды. Бүкілроссиялық мұсылмандар кеңесше (шорои-ислямға) съезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Танашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқаев, Ферғанадан Ғабдалрахым Оразаев сайланды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интеллигенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері — М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Жаһанша Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.
Съездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі кейінірек, 1917 жылғы "Қазақ" газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.

Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақ буржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия деуден гөрі коғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді.


Осындай жағдайда 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-шы жылға дейін Алаш немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұйым еді.
Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу (айналу) "кезеңін" бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соңына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі қүрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізілді. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған.

7

1.1 Алашорда үкіметінің қызметі


1917 ж. желтоқсандағы II жалпықазақ съезі ұлттық мемлекеттік құруға байланысты негізгі мәселелерді қозғағаны мәлім. Съездің күн тәртібіне қойылған он мәселенің арасында мынадай аса маңызды мәселелер де бар еді: 1. Қазақ автономиясы; 2. Милиция; 3. Ұлт кеңесі; 4. Ұлт қазынасы;

5. Халық соты: 6. Ауылдық басқару. Съезд бұл мәселелер бойынша Әлихан Бекейхановтың Х.Ғаббасов, М.Шоқаев, Ж.Досмұхамедовтің баяндамалары мен жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады.



Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы - Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.

Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы) Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. 8

Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды: "1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан етуге ерікті. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін"'. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды.
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның құрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.
Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі «Алашорданың» дүниеге келгені мәлім болды. Бүкіл қазақ қауымының басын ұлттық-территориялық автономия аясында біріктіру мақсатында автономияның өзін жариялау 1918 жылдың қаңтар айының 20-нан кейін іске асырылды. Алашорда өзінің уақытша орталығы Семей қаласына қаңтар айының соңына қарай кетіп орналасқанға дейін бұл өңірдің қоғамдық-саяси жағдайға қатысты өз көзқарастарын анықтап жатты. Қалалық Думаның 5-қаңтардағы (1918 ж.) мәжілісінде Гласный Кузин Дума мүшелерінің назарына қазақ комитетінің өтінішіне аудартады. Онда Қазақ Комитетінің Қазақстанда ұлттық-территориялық автономияның толықтай жүзеге асуы мүмкін деген саяси көзқарасы келтірген болатын. Бұл факті қалалық Дума мүшелеріне саяси күштің дүниеге келгенін анық байқатты. Бұдан Семей облысында қалыптасқан саяси хал-ахуалдың аса шиеленіскенін көреміз. Саяси қарама-қарсылықта Алашорда, облыстық комиссариат, облыстық шаруалар Кеңесі, Қазақ Комитеті бір жақта болса, екінші жақта облыстық жұмысшы және солдаттар депутаттары Кеңесінің большевиктік ағымы болды.
Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.
9

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің соғыс жағдайына бет алуына қарай Алашорда әскерін жасақтау ісі қазақ өлкесінің әр аймағында әр түрлі уақытта жүзеге асырылды.

"Свободная речь" газетінің 1918 ж. 162, 164, 165 сандарындағы хабарламалары Алашорда атты әскерін ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов пен Х.Тоқтамьшевтың басшылық қызметін жақсы қырынан көрсеткен.

Сонымен, 1918 ж. қаңтар-маусым айлар аралығында Семейдегі Алашорда әскерінің шағын жасағына Алаш атты әскер полкін құру деңгейіне жету қиын-қыстау заманға қарамастан іске асырылды. Алаш атты әскер полкінің Уақытша Сібір үкіметі қолдауымен жасақталуы Алашорда әскері тарихының ерекше кезеңін бастайды. Семейде Алаш атты әскерінің тез арада құрылуын, біріншіден, осы аймақта Ресейдегі азамат соғысыныа жаңа майданы ашылуымен байланыстырсақ, екіншіден, әскер құру арқылы Алашорда одақтастарын өзімен санасуға икемдеуге тырысты. Қолайлы саяси жағдай іздеген Алашорда үкіметі іске кіріседі.


Алашорда Алаш комитеттерімен Семейдегі облыстық қазақ комитеті және оның уездік, болыстық бөлімшелері түгелдей саяси күштер ретінде бірігіп әрекет етуте көшетіндігі мәлімделеді. Ендігі жерде қазақ өлкесінің нақты билігін қамтамасыз ету мәселесін шешу қажет болды. Яғни, Уакытша Сібір үкіметімен саяси қарым-қатынасты күшейтті. 1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі өз арасынан Ә.Ермековты Уақытша Сібір үкіметімен байланыс жасауға жібереді. Шілде айында Алашорда өкілдерінің бір тобы Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметіне келіп, автономия мәселесін анықтауға кіріскен. Онда мәдени, жергілікті автономия мәселесін шешу керек болды.

"Мемлекет билеу түрі" мәселесінде II бүкілқазақтық съезд өкілдерінің екі пікірде болғандығы байқалады. Оған "Қазақ" газетіндегі "Учредительное собрание һәм оның істейтін ісі", деген дерек Богачов А. және С.Зиманов пен К.Нұрпейісовтың Алаш һәм Алашорда пікірлері дәлел. Солай бола тұрса да, съезд "Қазақ облыстары ұлттық-территориялық автономия алуға тиіс" деген шешімге келді.

Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфа директориясына сенім артып, біртұтас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөнінде өтініштер жасап, әр түрлі деңгейде көмек беруді сұрайды.

Алашорда мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы келіссөздерге қатысты құжаттардан байқайтынымыз, ол Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі тарапынан ресми мойындауын талап етуі болды. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің қайраткерлері саяси мәселеде Алаш автономиясын мойындауды бірінші орынға қойды, Алашорданың позициясын көрсете білді. 10



2.1 Алаш зиялыларының өмірбаяны мен еңбектері

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет