Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімі Шу қаласы Антон Семенович Макаренко атындағы Шағын орталықты орта мектеп



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі0,79 Mb.
#34590
1   2

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ.

басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.



Ұлттық «Алаш» партиясының құрылтайшылары (солдан оңға қарай): Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов. 11



1917 жылғы желтоқсанда, Барлық-қазақ Құрылтайында (құрылтайсъезі) Бөкейхановтың бастамасы мен Алаш автономиясы жарияланды. Ең жоғары органның–«Алаш Орда» үкіметінің төрағасы болып Бөкейханов сайланды.



Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанайоблысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер, білімді тұлғаның бірі болған.



12
Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.

Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.




Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында-ақ халыққа ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік, ақындық, журналистік қызметімен кеңінен таныс болды. Ол ғылым мен ілімнің, әдебиет пен жалпы мәдениеттің салаларында ондаған жылдар бойы ел игілігіне айналған және қазір де оған қызмет етіп келе жатқан асыл мұра қалдырды.

Ахмет Байтұрсынұлы азамат болып қалыптасқан кезең Қазақстанның Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс келді. Патша үкіметінің 1867-1868 жане 1886, 1891 жылдары Қазастанда жүзеге асырған көп салалық реформалары (әкімшілік, сот, салық, т. б. мәселелерге байланысты) өлкеміздің империяньң отарлы аймағы, ал халқымыздың отаршылдардың боданына айналғандығын заңдастырды. Осыған орай патшаның жергілікті әкімшіліктері тарапынан әлеуметтік-

13

саяси тұрғыдан езу, оның жекелеген намысқой өкілдерін жәбірлеу мен қорлау жаппай орын алды. Мұны Байтұрсыновтар әулеті де бастан кешірді. XIX ғасырдың сексенінші жылдарында өз ауылында жәбірлеп, қорлағаны үшін Торғай уезінің бастығы Яковлевті Ахметтің әкесі Байтұрсын соққыға жыққан. Сол үшін ол ұзақ мерзімге Сібірге жер аударылған. Бала Ахмет осындай озбырлықтың талайын көріп, тез есейген. [№15,28-29б.]. XX ғасыр басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпы ұлттық-демократиялық мақсат-міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында екі ғасыр тоғысында қалыптасқан қазақ зиялылары болды. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан зиялылар, ең алдымен, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов, өздерінің әдеби шығармаларының беттерінде демократиялық мәндегі ұлттың тең құқықтылық, халықтың мәдениетін көтеру, отаршылдардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты әлеуметтік-саяси мәні бар мәселелерді көтерді. Бұған Ахмет Байтұрсынұлыньщ «Масасы» (1911 ж.), Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» (1909 ж.) дәлел бола алады және олардың авторларының сол кездің өзінде-ақ коғамдық-саяси мәні үлкен әрекеттерге барғанын көрсетеді.



Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық биресми «Қазақ» газеті шыға бастады. Оның бірінші санында жарияланған оқырмандарға арнаған мақаласында Ахмет Байтұрсынұлы газетті «халықтьң көзі, құлағы һәм тілі» деп анықтай келіп, оның «жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады», — деген тұжырымы арқылы газеттің қоғамда алатын орнын, оның саяси маңызын барынша айқындап берді. Газет 1917 жылы шілде айында дүниеге келген ұлттық-демократиялық партияны дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыстар атқарды. Партия Россияда 1917 жылы ақпан революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі елде орын алған саяси хал-ахуал берген мүмкіндіктер жағдайында 1917 жылы 12—26 шілдеде Орынбор қаласында өткен бірінші бүкілқазақтық съезде құрылды. Бұл партияға «Алаш» деген ат беріледі. Съезді шақыру мен оны өткізуде Ахмет Байтұрсынұлы үлкен белсенділік көрсетгі. Ол съездің хатшылар тобын (құрамында М. Дулатов, Ә. Көтібаров, А. Сейітов бар) басқарып, оның маңызды құжаттарын жасауға жетекшілік етті. Сьезд өткеннен кейінгі екі-үш ай бойы оның шешімдеріне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жасау ісіне қатынасты. Партия бағдарламасының жобасын жасауға, Ахаңмен бірге Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғүмаров, Есенғали Тұрмұхамбетов, Ғабдулхамит Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов қатынасты. Петроградта қазан революциясы жеңіске жетіп, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнау процесі жүріп жатқан кезде Ахмет Байтұрсынұлының

14

белсенді араласуымен дайындалған «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылы 21-қарашадағы санында жарияланды.



Ахмет Байтұрсынұлы 1917 жылы 5—17-желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақтық екінші съез жұмысына да белсенді түрде ат салысты. Съез күн тәртібі Алаш партиясы бағдарламасы жобасының талаптарынан және орталықта социалистік революцияның жеңіске жетуіне байланысты орын алған қоғамдық-саяси өзгерістерден туындады. Съез талқылап, шешім қабылдаған 10 мәселенің ішіндегі ең маңыздылары бүкіл қазақ жерлерін біріктіретін Алаш автономиясын (қазақ мемлекеттігін) құру оны басқаратын үкімет — Әлихан Бөкейханов басқарған — Алаштың Ордасы (Алашорданы сайлау) және «халықтық милиция» аталған Алаш автономнясының қарулы күштерін жасақтау жөнінде қабылданған шешімдер болды.

Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуын қазан төңкерісі мен большевиктік билік әкелген анархияға қарсы тосқауыл ретінде түсінген А.Байтұрсынұлы большевиктік үстемдіктің Казақстандағы алғашқы адамдарына мынандай баға берді; «Россияның орталық аудандарында большевиктік қозғалыстың қалай өткендігі қазақтарға белгісіз, шет аймақтарда ол барлық жерде зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық үкімет билігімен қатар жүргізіледі. Егер бұрын патша чиновниктері аталған адамдар тобы халықтарды ешбір шектеусіз езіп-жаншыған болса, енді мұндай әрекеттерді большевиктер — коммунистердің тобы жүргізіп отыр».

Сондықтан да Алашорда Кеңес өкіметін мойындамай, 1918 жылы жазда басталған азамат соғысы жағдайында оған қарсы ашық күреске шыққан күштермен (атаман Дутов басқарған Орынбор казачествосымен, адмирал Колчак басқарған Сібір үкіметімен, Орал казачествосымен, т. б.) одақтасты.

Жауласушы күштердің (Қазақстандағы) ара салмағы 1919 жылдың басынан Кеңес өкіметі мен Қызыл Армия жағына ауысуы Алашорданың жағдайын қиындатып жіберді. Сондықтан 1919 жылы көктемде Алашорда, бір жағынан Колчак үкіметімен байланысты түгелдей үзбей отырып, екінші жағынан, Кеңес өкіметімен байланысын жандандыруға мәжбүр болды. Бүл жолы Алаш басшылығы (1918 жылы көктемдегі жағдаймен салыстырғанда) Кеңес өкіметімен байланыс орнату бүкіл Алашорда атынан емес, оның торғайлық тобының атынан жүргізілген жөн деп шешеді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы, алдымен, Казақстанның Далалық өлкесіндегі Кеңес өкіметінің комиссары Әліби Жанкелдинмен байланыс орнатып, одан кейін Москваға барып, Ресей Федерациясының ұлт істері жөніндегі халық комиссары (министрі) И. Сталинмен келіссөздер жүргізеді.

1919 жылы сәуір айында Торғай қаласында азамат соғысы жағдайьнда қоғамнвң бір-біріне қарсы екіге бөлінуінің нәтижесінде Аманкелді Имановтың опат болуы Алашорданың торғайлық тобының Кеңес өкіметімен ымыраға келіп жақындасуын күрделілендіріп жіберді. Саяси

15


хал-ахуалдың дамуындағы осындай өзгерістер келіспей жүргізу ушін Москваға барған А. Байтұрсынұлының жағдайын айтарлықтай қиындатты. Осыған қарамастан А. Байтұрсынұлы большевиктердің Алашордамен байланысқа барып, қазақ халқының тағдыры жөнінде келіссөздер жүргізу қажеттігін дәлелдеуге көп күш жұмсады. А. Байтұрсынұлының табандылығы аяқсыз қалған жоқ. Кеңес үкіметі қазақ халқының Ресей Федерациясы құрамындағы автономиялық мемлекеттік ұйымдастыру ісін басқаратын орган құру туралы шешімге келді. 1919 жылы шілденің 10-ы күні В. И. Ленин «Қырғыз (қазақ — Н. К.) өлкесін басқаратын революциялық комитет жөніндегі уақытша ережеге» қол қойды. Казревкомның мүшелігне алғашында А. Байтұрсынов, С. Меңдешев, С. Пестковский (төрага) енгізіліп, кейін әр кезде оның құрамында Б. Қаратаев, М. Тұңғаншин, Б. Каралдин, Т. Седельников, Т. Әлібеков, т. б. болды.
Ахмет Байтұрсынұлы Қазревком төрағасының орынбасары әрі оның ішкі істер бөлімінің меңгерушісі ретінде 1920 жылы 4—12-қараша күндері Орынбор қаласында өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық құрылтай съезін шақыру және оның басты саяси құжаты «Қазақ АССР еңбекшілері праволарының Декларациясын» дайындауға үлкен үлес қосты. Бүл съезде Ресей Федерациясының құрамындағы Казақ Кеңестік социалистік автономиялың республикасы құрылғаны белгілі. А. Байтұрсынұлы осы республиканың үкіметі — Халық коииссарлар Кеңесінің құрамына өтіп, оқу-ағарту комиссары (министрі) болып саяланды, ол 1922 жылдан оқу-ағарту комиссараты жанындағы ғылыми орталықты басқарды. Сонымен қатар ол Бүкіл россиялық Орталық Атқару комитеті мен Қазақ Республикасы Орталық Атқару комитетіне мүше болды.
1921—1928 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы», «23 жоқтауы» (құрастырушы), Телжан Шонановтың «Қазақ жер мәселесі тарихы», Көшке Кемеңгеровтың «Қазақ халқының тарихы», К. Сатбаев құрастырып, өзінің алғысөзімен шығарған «Ер Едігенің» нұсқасы, М. Әуезовтің «Әдебиет тарихы», «Қилы заман» мен «Караш-қарашы», Досмұхамедовтың «Аламаны» мен «Исатай-Махамбеті», Мұхаметжан Тынышбаевтьң тарихи зерттеулері, т. б. жарық көріп, халық игілігіне айналды. Бұл еңбектердің басым көпшілігі 20-жылдардың ортасынан бастап елде тоталитарлық жүйенің күшеюіне орай ресми саясатта және әлеуметтік (коммунистік) тапсырысымен жазылған зерттесымақтарда қазақтардың арығ-бергі тарихы мен мәдениетінің өзекті мәселелері, ең алдымен, Қазақстанның Россияға қосылу тарихы, ұлт-азаттық қозғалыстар мәселесі, жер-су мен үлттық мәдениет тарихы өрескел бұрмалануына қарсы бағытталған рухани күрестің жарқын көрінісі болды.

Егер 1917 — 1920 жылдар аралығында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай және олардың сенімді серіктері Кеңес өкіметіне сөзбен де, қараумен де қарсы шықса, 20-жылдары ұлттың

16

демократиялық қазақ зиялыларының Ахмет Байтұрсынұлы бастаған серкелері тоталитарлық жүйеге қарсы рухани майданда бетпе-бет келді.


1917 жылы шілде айында Орынбор қаласында бірінші Жалпы қазақ съезі өтеді. Съезде Жетісу облысындағы жағдай жеке мәселе ретінде арнайы қаралып, съезд біріншіден соғыс және Ішкі істер министрлігіне жедел телеграмма жолдап «Жетісудағы қазақ-қырғызды атып, жаншып жатқан мұжықтардың һәм соғыстан қайтқан солдаттардың қолынан қару-жарағын сыпырып алып, халықты зорлықтан қорғауларын талап етеді; екіншіден, «Жетісу облысындағы ашаршылықтан қырылып жатқан қазақ-қырғызга Алаш баласы жәрдем беруін» өтінеді «Қазақ», 1917, № 238. Бұл шараны іске асыруда да М. Тынышбаевтың шешуші роль атқарғандығы даусыз.
2.2 Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары.
«Қазақ» газеті, белгілі бір дәрежеде сол кездегі ұлт азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А.Байтұрсынов және М.Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді. 1905-1907 жылдардағы қазақтарды да қамтыған саяси толқуларға басшылық жасап белсенділік көрсеткен келешек газет шығарушылар патша жандермериясы тарапынан саяси қуғын сүргінге ұшырады. «Алаш» көсемдерінің үшеуі де әр түрлі уақыттарда тұтқындалып, бірінен кейін бірі Семей түрмесіне жабылды. Аса қауіпті саяси қылмыскерлер ретінде Қазақстаннан тыс жерлерге жер аударылды. Тек, сондай тар жол тайғақ кешулерден кейін ғана, 1910 жылдан бастап, олар газет шығару ісімен тікелей айналысуға мүмкіндік алды. «Қазақ» газетінің пайда болуы және оның қайта шығуы туралы Тіней оразайдың Мұртазасының Файзолласы «Газеттің 80 жылдығына арнап баяғы 265 санынан 266 санын шығаруға ниет етіп отырмыз.Жалпы бұлай етуге Оразай әулетінің моральдық хұқы бар деп білеміз. Өйткені «Қазақ» газетін шығару идеясы Ахмет Оразаев аулына Міржақып Дулатов барғанда осы екі кісі тарапынан идеяның мақұл тапқанын және Оразаев Ахметтің газетті шығаруға қаржы беріп, құрылтайшылық еткенін газет тігіндісі де, Орынбор губернаторлығының құжаттары да дәлелдеп отыр.»
«Қазақ» газетін үзбей шығарып тұру үшін қазақтың кесек сома шығарарлық байлары аз еместігіне сенген А.Байтұрсынов пен М.Дулатов, 1913 жылдың соңына қарай «Азамат» серіктігін құрмақ болғандығы туралы,аталған газеттің 42-санында «Алаш азаматтарына» деген мақалада жарияланды. 1914 жылдың басынан бастап «Қазақ» газетін

бастырушы міндетін атқарған «Азамат» серіктігінің іс әрекеттері туралы мәліметтер апталық бетінде жариялана бастады. Ол туралы «Айқап» журналы Орынборда шығатын «Қазақ» газетасының басқарушысы М.Оразаев бастырушылықтан шығып, орнына «Азамат» есімді серіктік жасады. 17

Бұл серіктік 2-ші декабрьде ашылды. Бастап ашушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Мұнан былай «Қазақ» газетін сол «Азамат» серіктігі бастырып тұрмақшы Бұл «Азамат» серіктігіне азаматтықпен қосыламын деген Алаш азаматтары болса салатын жарнамасының ең азы 100 теңге. Аталған серіктіктің бас мақсаты Алаш азаматтарының серіктескен пұлыменен ең әуелі «Қазақ» газетінің аяғынан нық бастырып жүргізіп тұрмақ. Онан соң істің ұлғаюы ақшаның көбеюіне қарап қазаққа пайдалы қазақша кітаптар бастырмақ. Бұл ерлік істің ілгері басуын тілейміз» -деп жазды. «Азамат» серіктігі. Айқап, 1913,№12,448б.
1915 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақ» газетінің аптасына екі рет шыға бастағаны белгілі. Газетті аптасына екі рет шығару үшін ресми орындарының, газеттің бағдарламасын бекіткен арнайы куәлігі қажет болған. Сондықтан «Қазақ» газетінің шығарушысы және редакторы, «Азамат» серіктігінің билеушісі А.Байтұрсынов 1914 жылдың 8 желтоқсанында Орынбор генерал губернаторының атына арыз жазған. Көп ұзамай А.Байтұрсыновқа қайта бекітілген бағдарлама бойынша «Қазақ» газетін аптасына екі рет толық көлемде шығаруға рұқсат етілген №7021 куәлік тапсырылған Жаңа бекітілген бағдарлама алғашқы бағдарламамен толық сай келеді.

1907 жылы 13 қаңтардағы «Дала дауысы» газетінің кезекті саны, редакторы Әлихан Бөкейханов болды.



18


1914 жылдың басында «Қазақ» газетінің алғашқы жылы таралу географиясы мен таралымы саны туралы Басқарма, «Орынбор.9 январь» деген редакциялық мақалада: «Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласының 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандарының есебі мынау:




Таралым аумағы

Таралым саны

1

Торғай облысы

694

2

Семей облысы

612

3

Ақмола

584

4

Сырдария

327

5

Орал

301

6

Жетісу

157

7

Ішкі ордалық

136

8

Ферғана

30

9

Самарқан

8

10

Закаспий

5

Бәрі «3007», деп жазды.

1913 жылы газет бетінде жарияланған материалдардың «жер мәселесі», «Оқу жайы», «Жер аудару», «Білім жарысы», «Қазақ һәм дума», «Сайлау», «Земство не нәрсе», «Шаруа жайы» т.б. атлған мақалалардағы көтерген мәселелердің шешілу жолдарын халыққа ұсынуы соның дәлелі. Осылай шыға бастаған бірінші, яғни 1913 жылдың өзінде –ақ газет ұлт өмірінің барлық жағын қамти білген. Ү.Суханбердина өзінің «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде газеттің жарияланған мақалалары мен хат-хабарларын тақырыптарына және мазмұныына қарай: «Россиядағы имперализм дәуіріндегі Қазақстан», «Самодержавиенің аграрлық саясты және қоны аудару қозғалысы», «Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы», «Қазақстанның әлеуметтік экономикалық дамуы», «Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті» т.б. деп, барлығы 20 топқа бөліп көрсеткен.

19

«Қазақ» газетінің бірінші күнінен бастап ерекше көңіл бөліп, өз бетінде үздіксіз көтерген мәселелердің бірі оқу ағарту, білім беру, жалпы халықтың рухани өмірі туралы мәселесі болды. 1913 жылы ғана апталықта оқу ағарту ісі бойынша 30 астам арнаулы мақалалар басылған. Оқу жайы «Тілшілер сөзінде», «Ішкі хабарларда» айтылып тұрған. Ақмола, Петропавл, Қостанай,Қарқаралы, Баянауыл, Катонқарағай, Шымкент, Қапалда оқу ағарту ісі, мектеп медресе салу жұмыстары туралы мағлұматтар сол хабарларда басылған. Осындай хабарлардың бірінде: «Қапал уезінде Тұрысбеков Мамановтардың мектебінде осы күні 130 дан артық қазақ баласы оқиды екен. Оқытушы бесеу.Маманов, Тұрысбековтер келісіп өз ауылында қыздар оқитын мектеп салмақшы болыпты. Ақсу деген жерде тағы да қазақтарға үлгі аларлық іс», деп жазған. «Оқу кітабы хақында» Азамат Алашұғлы Айқап журналының 1911ж. санынының №7. Міржақып қазақ жұртында бастаушы мектеп жоқ екенін айтады. Соның үшін Уфадағы Ғалия Медресесіндегі шәкіртті «Әлифбә» тәртіп етіп қирағат кітабын шығару үшін өзінің мойынына алғанын айтады. Міржақып ағамыз кітапты мазмұнды шығару үшін көптеген материалдар жинап, орыс педагогтарының оқу кітабымен хрестоматияларын Ы. Алтынсарин мен Александровтың қазақша материалдарын өзінің мұғалімдік тәжірибесіне қоса отырып жазуға кіріскенін көреміз. «Қирағат» кітабын әлифбәдан соң 3 жылда оқитын қылып 3 бөлімге бөлдім де әлгі материалдардан үш дәптергі бір бөліміне лайық сөздерді таратып жаза бастадым деп жазды. Бірақ бұл еңбегі ақталмай елдегі жағдай кедергі болып ісін бітірмей тастады.


«Қазақ» газетінің басты ерекшелігі сонда, ол алдымен большевизмге қарсы бітіспес күрес жүргізді, сол күрестің барысында тарихи деректерді дүниеге келтірді. Бұл ретте мына пікірге баса назар аударғымыз келеді. Егер большевизмнің халық аралық сипатқа ие болғандығын, демек оған қарсы «Қазақ» сол күрестің, әлемнің прогрессивті бөлігінің большевизм індетіне қарсы күресінің алдыңғы шебінде болды деп айта аламыз. Орыс большевиктерінің, өздерінің сандырақ идеяларын іс жүзіне асыру мақсатымен, көшеге шыққан 1917 жылдың 3-4 июльдегі Петроградтағы бүліншілігі туралы айтқан Қыр баласының (Ә.Бөкейхан) «Мемлекет халі» деген мақаласы басылған, «Қазақтың» 237 санынан бастап газет бетінде большевиктер туралы «Олардың көсемі, серкесі, - жазушы Ульянов, жұртқа мәшһүр аты «Ленин» туралы жазыла бастады. Өзінің соңғы 1918 жылы шыққан сандарында, «Қазақ» большевиктерге, олардың жергілікті ұлттан шыққан жақтастарына қарсы белсенді күрес жүргізді. Олардың айуандық іс-әрекеттерін, екі жүзділіктерін әшкереледі, түпкі ниеттері мен уақытша жеңіске жету себептерін ашып көрсетті. «Аттан Алаш азаматтары!» -деп ұран тастап, большевиктерге қарсы жалпы халықтық күресті ұйымдастыруға тырысты. «Аттан Алаш азаматы!» -деген ұран мақалада: «Ау, алаш! Сен кім? – Сен жауынгер түріктің орнын басып қалған үлкен ұлысың. Бабаларың ат

үстінде жүріп, қылышпен өздерін дүниенің жартысына ие қылған,

20

Стамбулды алған, Карпат тауларының қалың қамалын бұзған. Ер түріктің ер жүректі ұлдары, сілкін, аттұрманыңды даярлап атқа мін, жауға аттан! Жауың кім? Жауың большевик. Ортақ жау –большевикке қарсы жорыққа аттану кеудесінде жаны, денесінде бабалары түріктің титтей де қаны болған алаш азаматына парыз»- деп, жазылған.«Қазақ» газетін шығарушылар бастаған қазақ жауынгерлерінің әртүрлі майдандарда большевиктермен жүргізген бетпе-бет соғыстары «Қазақ» бетінде бейнеленді.


Сол жылғы апталық бетінде жарияланған материалдарға талдау жасау оның деректік ерекшеліктері болғандығын көрсетеді.

Біріншіден, газетте басылған мақалалар ел өмірінің барлық жағын дерлік қамтыған. Сондықтан біз олардан ұлтымыздың аласапыран алдындағы бейбіт өміріне, күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты өздерін қызықтыратын мағлұматтар ала алады.

Екіншіден, газетте жарияланған мақалалардың басым бөлігін, ел жағдайының терең белгілері, халқымыздың ойларын озық, қаламдары жүйрік азаматтары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы және М.Дулатұлы үшеуінің жазғандығы.
Соңғы жылдары алаш ардагерлерінің еңбектерін жеке жинақ етіп бастыруда ұлт басылымдары материалдарының ғылыми зерттеу жұмыстарына көптеп тарылу барысында дерек авторларын қате көрсету бірінің еңбегін екіншісіне таңу сияқты осы бастан абай болатын фактілер де кездесіп жүр. Мысалы, 1994 жылы М.Қойгелдиевтің құрастыруымен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан тұратын, «Шығармалары»жарық көрді. Сол жинақтың 96-99 беттерінде , «Үшінші Дума һәм қазақ » деген басылған, осы мақала ,1997 жылы шыққан Міржақып Дулатұлының шығармаларының ІІ томының 64-67 беттерінде, соңына «М.Д.» деген белгі қойылған, М.Дулатұлының мақаласы ретінде басылған. Автор ын анықтау мақсатында түпнұсқамен салыстырып қарау бұл мақаланың «Қазақ» газетінде ,1913 жылы 2 , 13 сәуірдегі, 9-10 сандарында жарияланғандығын көрсетті.Ал, «Қыр баласы» Ә.Бөкейхановтың баршаға белгілі бүркеншік аты.

21

Қорытынды



Алаш партиясы — қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917 — 20). 20 ғ-дағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының өмірге келуі, біріншіден, қазақ елінің қоғамдық дамуының жаңа экономикалық, саяси және рухани негізде қайта құру қажеттілігінің пісіп жетілгендігін, екіншіден, Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесінің терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсетті.
Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында (1905 —1907) қолға алды. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемлекеттік Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Сайлау науқанына араласқан қазақ зиялылары отарлық тәуелділіктегі қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қоғамдық үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, депутат сайлап, оған аманат тапсыру ісіне мұрындық болатын саяси ұйымның қажеттігін айқын аңғарды. 1905 жылдың соңына қарай Орал қ-нда өткен қазақ облыстары өкілдерінің съезі “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын” құру туралы шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар “Фикер” (Пікір) газетінде жарияланды.

Шайқалды сан мәрте, Елімнің тұнығы.

Қазағым, асылым – Көк түрік сынығы.

Торлап ап тұрғанда, ұлтымды азап-мұң,

Оятпақ болыпты, ұлдары қазақтың.

Әлихан, Мұстафа, Ахмет, Міржақып

Орнатпақ болыпты .Халқына нұр бақыт.

Күресті атсын деп, елінің ақ таңы.

Алаштың айбынды, асылдай ұлдары,

Зиялы, жүректі, қорғаны тұлғалы

Сын жерде елінің намысын сатпады.

Бақытқа жетсін деп келешек ғасырлар,

Елінің ертеңін ойлады асылдар.

Еске алса ұрпағы, кеудеге өрт толды.

Алаштың ұлдары - Ақ жолда мерт болды.

22


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жұртбай Т. Алаш идеясы және Ораз Жандосов. //Саясат. 1999. №10, [№1,85б.]; [№1,87б.].


2. Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек. 1995. 256б. [№2,153б.]; [№2,27б.].
3. Актюбинский обл.гос. архив д-681 опись-1 дело-4.[№3,1-7б.].
4. Сайлаубай Е. Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары. //Абай. 1999. №36, [№4,44-47б.]; [№4,6-9б.]; [№4,45б.]
5. Алаш қозғалысы. Құжаттар мен материалдар жинағы. Алматы: Алаш, 2005. Т-2.496б.[№5,187б.]; [№5,295-297б.]; [№5,149б.]; [№5,158б.]; [№5,96б.]; [№5,76б.]
6. http:// www. Egemen.kz\? act. Ж.Самрат. «Қазақтың мемлекеттік думаға сайлануы», http://www. iie freent kz\ gazag tarih 8html Қойгелдиев М. «Тарих ғылымы Мемлекеттік Думада қызмет еткен қазақ зиялыларының еңбегін талдап, терең зерделеуі керек». [№6б.]

23

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет