Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата24.09.2023
өлшемі234,82 Kb.
#182273
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
esengaliev

Кіріспе 
Шет мемлекеттермен экономикалық қарым - қатынастардың ұлғаюына 
орай жұқпалы аурулардың, әсіресе, малшаруашылығы үшін аса қауіпті 
экзотикалық індеттердің әкелінуі мен таралу мүмкіндігі арта түсті. Осы 
жайлар мемлекеттік ветеринарлық бақылауды қатаң жүргізуді қажет етеді. 
Жанураларды, мал өнімдері мен жануартектес шикізаттарды шет 
мемлекетке шығару және шет мемлекеттен әкелу кездеріндегі мемлекеттік 
ветеринарлық-санитарлық 
бақылауды 
жүзеге 
асыру 
үшін, 
Республикамыздың мемлекеттік шекарасында, негізінен, кедендік бекеттер 
бар жердің бәрінде шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау бекеттері 
ұйымдастырылған.
Шекаралық ветеринарлық-санитарлық бақылау бекетінің негізгі міндеті 
елімізді сырттан, яғни, басқа шет мемлекеттер аумағынан тарайтын 
жануарлардың жұқпалы ауруларының қоздырушыларының енуінен қорғау, 
сондай-ақ Республикамыздан шығарылатын жануарлардың аурудан таза 
болуы. 
Оқу жоспарында «Ветеринарлық санитария» мамандығының 3 курс 
студенттерімен «Шекара мен көліктегі ветеринарлық - санитарлық бақылау» 
пәнінен курстық жұмыс орындау қарастырылған. 
Шекара мен көліктегі ветеринарлық санитарлық бақылау пәнінен 
курстық жұмыс студенттерді өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыруда, 
оларға ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементтерін үйретуде, оның 
ветеринарлық санитарлық маман ретінде қалыптасуына септігін тигізеді.
Курстық жұмыс теориялық білімді нығайтуға, студенттердің шығармашылық 
жұмысы мен өз бетімен тәлімдік дағдылануына, өндіріс жағдайында малды, 
мал өнімдерін, жануартектес шикізаттарды мемлекеттік шекара арқылы 
тасымалдау кезінде, ветеринарлық - санитарлық және карантиндік 
ережелерді бұзудың алдын алуын және жою туралы дұрыс шешім 
қабылдауына мүмкіндік туғызады. 
Осыған байланысты, курстық жұмысты орындау барысында, студенттер 
алдында келесі міндеттер қойылады: 
-
Республикамыздың мемлекеттік шекарасындағы ветеринарлық - санитарлық 
бақылау бекетінің жұмыс ережесімен танысу
-
малды, мал өнімдерін және жануартектес шикізаттарды шет мемлекеттерге 
шығару мен шет мемлекеттерден әкелу кезіндегі ветеринарлық - санитарлық 
бақылауды жүргізуді үйрену; 
-
малды, мал өнімдерін және жануартектес шикізаттарды шет мемлекеттерге 
шығару мен шет мемлекеттерден әкелу кезіндегі қойылатын ветеринарлық-
санитарлық талаптарын игеру; 
-
жануарларды және басқа да мал шаруашылығы жүктерін экспорттық - 
импорттық тасымалдау кезінде рәсімделетін негізгі ветеринарлық 
құжаттармен танысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет