Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы



бет26/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
#48
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Үлгі

Аудан (қала) әкімінің қаулысына


қосымшадан үзінді

елді мекен _______________________


20__жылғы «___ » _________ № _____

Қорғаншылық (қамқоршылық)


белгілеу туралы

      «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 120 және 121-баптарына сәйкес, (Т.А.Ә.)_________________өтініші және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, облыстық, Алматы, Астана қалалары білім басқармаларының құжаттары негізінде ________________________ ауданының (қаласының) әкімі


      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленсін

Р/с №

Қорғаншы (қамқоршы)

Қорғаншылыққа алынушы

Қорғаншылық пен қамқоршылықты ресiмдеу негiзi




Т.А.Ә.

Қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған баланың Т.А.Ә., туған жылы




      2. Қолда бар тұрғын үй ____________________________ бекітіліп берілсін
      Әкім                               _____________ қолы (Т.А.Ә.)

М.О.


«Жетімдерді, ата-анасының    
қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға   
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-қосымша           

Жеке тұлғаға арналған үлгі

Жолдама
Қамқоршының (бала асырап алушының) денсаулық жағдайы туралы
қорытынды

Т.А.Ә.____________________________________________________________


Туған жылы _______________________________________________________
Үйінің мекенжайы _________________________________________________
Психиатр _________________________________________________________
Нарколог _________________________________________________________
Дерматовенеролог _________________________________________________
Кеуде қуысының рентгеноскопиясы __________________________________
Терапевт _________________________________________________________
Қорытынды ________________________________________________________

«Жетімдерді, ата-анасының    


қамқорлығынсыз қалған балаларды
әлеуметтік қамсыздандыруға   
арналған құжаттарды ресімдеу» 
мемлекеттік қызмет стандартына 
4-қосымша           

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік
қызметінің стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет) жоғары оқу орындары жүзеге асырады.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтына орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдік азаматтарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті алушылар осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бастап 30 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет жоғары оқу орындарында көрсетіледі. Жоғары оқу орнының ғимаратында күтуге арналған жұмсақ орындықтар, ақпараттық стенділер, жұмыс үстелдері және құжаттардың ресімдеу үлгілері орналастырылады. Мемлекеттік қызметті алуға дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталған ұстайтын тұтқалар, пандустар қарастырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) ЖОО-ға қабылдау туралы өтініш;
      2) білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
      3) 3x4 көлеміндегі 2 фотосурет;
      4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
      5) ҰБТ немесе кешенді тестілеудің сертификаты;
      6) мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) конкурстық іріктеуге жіберілгендігі туралы ақпарат;
      2) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
      3) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері;
      4) құжаттарды қабылдау шарттары көрсетіле отырып, осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызметтен бас тартуға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Жоғары оқу орындарының қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігінің мақсатты көрсеткіштері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ЖОО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ЖОО қабылдау комиссиясының бастығынан алуға болады. Шағымдар ауызша немесе жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе жоғары оқу орнының кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.


      21. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылар апелляция инстанциясы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне хабарласа алады, мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, тел: +7 7172 742362 (интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz).
      22. Азаматтарға тиісті деңгейде қызмет көрсетілмеген жағдайда азаматтардың өтініштері ректордың атына жазбаша түрде демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері қабылданады.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде, шағымдары еркін үлгіде жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

«Жоғары білім алу үшін білім беру


гранттарын беруге арналған   
конкурсқа қатысу үшін     
құжаттарды қабылдау»     
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша            

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың % (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)5.1. % (доля) получателей государственной услуги, удовлетворенных вежливостью персонала










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына
құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. ««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 18) тармақшасына және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 235 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ЖОО-ның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында (www.edu.gov.kz, «Жоғары білім» бөлімінде) орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 есе айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік грант немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет ЖОО-ның штаттық оқытушысы болып табылатын, конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 20 минуттан аспайды;
      2) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш жасаған сәттен бастап – 3 айдан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-тен 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақтандырылған күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар). Ғимараттар дене мүмкіндіктері шектеулі мемлекеттік қызметті алушылардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталуы тиіс.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша өтінім, сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер, жұмыстың жылдық жоспар-кестесі;
      2) жоо Ғылыми кеңесінің ұсынымы;
      3) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;
      4) жеке куәліктің көшірмесі;
      5) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
      12. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнама нысандары ЖОО-ның және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ЖОО-ның Конкурстық комиссиясына тапсырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      1) сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) атаулар мен қосымша құжаттардың саны;
      4) күні (уақыты) мен құжаттарды беру орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған ЖОО өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері;
      6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, байланыс деректері жазылған барлық құжаттардың алынғаны туралы қолхат беріледі..
      15. Мемлекеттік қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негізде қарастырылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. ЖОО-лар қызметі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің сақталуына негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның сақталуы, қорғалуы және құпиялығы қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері сапа көрсеткіштері мен осы стандартқа қосымшаға сәйкес қолжетімділігімен өлшенеді.


      19. Сапа көрсеткіштері мен мемлекеттік қызметтің тиімділігінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. ЖОО қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсету жоо Конкурстық комиссиясының хатшысында жүзеге асырылады. Шағымдар ауызша және жазбаша түрде телефонмен, поштамен немесе ЖОО кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.


      21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне бекетілген жұмыс кестесіне сәйкес, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, мекенжайы бойынша шағымдана алады.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
      23. Уәкілетті органға немесе ЖОО-ға шағым беру үшін мемлекеттік қызметті алушы өз қолымен еркін нысанда жазылған өтінішті тапсырады.
      25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараттары журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымды қарастыру нәтижелері туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

««Жоғары оқу орнының үздік      


оқытушысы» мемлекеттік грантына  
құжаттар қабылдау және тағайындау»
мемлекеттік қызмет стандартына   
қосымша               

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1. 1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










3.2. Электронды форматта қол жеткізуге болатын ақпараттық қызметтер %-ы (үлесі)










4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)










Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен   
бекітілген     

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет