Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты



бет2/78
Дата23.10.2016
өлшемі13,49 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

      1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі ( бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараттары (бұдан әрі – уәкілетті орган) тарапынан және осы стандартқа 123-қосымшаларда мекен-жайы көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік қызмет тек орталықтар арқылы көрсетіледі.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы және 5-тармағының 1) тармақшасы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
      2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
      3) ресми ақпарат көздері мен орталықтың орынжайларындағы стенділерінде;
      4) сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат саll-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін;
      5) порталда орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейінгі ұйымдарда орын болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанында кезектіліктің нөмірі көрсетілген кезекке қою туралы хабарлама немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі — мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      Бұл қызмет мектепке дейінгі ұйымдарда бар орындар санымен шектеледі. Бірінші кезекті орынға алуға құқылылар:
      1) мүгедектердің балалары;
      2) ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар;
      3) жетім балалар;
      4) көп балалы отбасынан шыққан балалар;
      5) соғысқа қатысқан және соғыс мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік берілген тұлғалардың балалары.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      Уәкілетті органға жүгінген жағдайда:
      1) мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес;
      3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
      Орталыққа жүгінген жағдайда:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап 3 жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес;
      3) өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      4) анықтаманы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты алу кезінде кезек күту уақытының барынша ұзақтығы – 20 минуттан артық емес.
      Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушының өтініш жасаған уақытынан бастап үш жұмыс күнін құрайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін; қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) орталыққа жүгінген жағдайда – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасы бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электронды кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады.
      Көшпелі орталықтар құжаттар қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем болмайды;
      3) порталда – тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет:
      1) мемлекеттік қызметті алушының тұратын жері бойынша уәкілетті орган мен орталықтың ғимараттарында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін (күту залы, қажетті құжаттар тізбесі бар стенділермен жабдықталған құжаттарды толтыруға арналған орын) жағдай жасалады. Даму мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қолжетімді болуы үшін ғимараттар пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.
      2) Порталда – жеке кабинетте.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілетті өкілі сенімхат бойынша мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:


      уәкілетті органға:
      1) осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлігі;
      4) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
      5) мекен-жайы туралы анықтама немесе тұратын жерін растайтын басқа да құжат.
      Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігінің мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      орталыққа:
      1) жеке тұлғаның – мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің бірінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      2) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда);
      3) жеңілдікті растайтын құжат (ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу);
      4) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
      Мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуі) жеке басын куәландыратын құжаттардың, баланың туу туралы куәлігі туралы мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді орталық қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында алады.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
      порталда:
      1) мемлекеттік қызметті алушының электронды цифрлы қолы қойылған электронды құжаттар нысанындағы сұраныс;
      2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе куәліктің сканерленген көшірмесі түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
      4) жеңілдікті растайтын құжат немесе мәлімет (мүгедектігі туралы мәліметтерді ұсыну; ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке жолдама алу) – құжат сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа тіркеледі;
      5) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
      Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды цифрлы қол қойылған электронды құжаттар нысанында портал арқылы алады.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын бланкілер (өтініші нысандары) уәкілетті органның фойесіндегі үстелдің үстіне орналастырылады немесе уәкілетті органның мамандарында болады.
      Орталықтарда мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылатын өтініш бланкілері күту залындағы арнайы үстелдерде немесе орталықтың қызметкерінде/лауазымды тұлғада болады, сондай-ақ «Орталық» РМК-нің www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электронды сұраныстар нысанын толтыру қажет.
      13. Құжаттар қабылдауды:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – білім бөлімінің маманы жүзеге асырады;
      2) орталықта – құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда;
      3) порталда – электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      14. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін барлық тиісті құжаттарды тапсыру кезінде:
      1) уәкілетті органға жүгінген жағдайда – мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама, мектепке дейінгі ұйымда орын болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтің кезектілігі көрсетілген кезекке қойылғаны туралы туралы хабарлама беріледі;
      2) орталыққа жүгінген жағдайда – мемлекеттік қызметті алушыға барлық тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      сұраныстың нөмірі мен қабылданған күні;
      сұраныс жасалған мемлекеттік қызмет түрі;
      қосымша берілген құжаттар саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
      құжаттарды ресімдеуге сұранысты қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
      3) портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну үшін сұранысты қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беру:
      1) уәкілетті органға жеке өзі жүгінгенде кезектілік нөмері көрсетілген баланы мектепке дейінгі ұйымға есепке қою туралы хабарлама немесе жолдама беріледі;
      2) орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді қолхатта көрсетілген мерзімнің негізінде «терезелер» арқылы орталықтың қызметкері жүзеге асырылады.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы қызмет көрсетудің нәтижесін білуге белгіленген мерзімде келмесе, орталық оларды бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органга жібереді;
      3) порталдағы «жеке кабинетте» – сұранысты өздігінен жіберген жағдайда жүзеге асырылады.
      16. Мынадай жағдайларда, егер:
      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар тапсырылмаса (мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген кемшіліктерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздерде қарастырылады);
      2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарқан жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға жетіспейтін құжаттар тізбесі көрсетілген қолхат береді.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік органда немесе порталдағы «жеке кабинетінде» электронды құжат нысанында осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде алады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:


      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
      2) қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
      3) мемлекеттік қызметті алушылармен жұмыс барысында сыпайылық таныту;
      4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) өтініштерді қарастыру кезінде лауазымды тұлғалар қызметтерінің айқындылығы;
      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттарды қорғау және құпияда ұстау.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру үшін мемлекеттік қызметті алушы телефоны осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген орталық басшысына жүгінеді..


      Сондай-ақ, орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электронды үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет көрсететін орын бойынша уәкілетті орган басшысының атына немесе әкімдікке демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      Уәкілетті органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша беріледі.
      22. Қызметкер/лауазымды тұлға дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда:
      1) орталықтың қызметкеріне шағым орталықтың немесе қарамағында орталық бар «ХҚКО» РМК басшысының атына беріледі. Орталық басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандартқа 1 қосымшада көрсетілген. «ХҚКО» РМК мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А», телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz;
      2) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына шағым уәкілетті органның басшысына беріледі, мекен-жайы мен телефоны осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген;
      3) порталда, саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы.
      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (тұлғаны куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекен-жайы мен күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағымды беру кезінде субъектінің атауы немесе іс-әрекеті шағымдалатын лауазымды тұлғалардың аты-жөні, қызметі, өтініштің себептері мен талаптары көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз ұсынуын растайтын құжаттарды қоса береді.
      25. Тұтынушыға шағымның қабылдану күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетiлген талон беріледі.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      26. Мемлекеттік қызметті алушы порталынан электрондық өтініш жіберілгеннен кейін «жеке кабинеттен» өтініштің мемлекеттік органда пысықталу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қаралуы немесе қаралудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   


жіберу алу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша                 

«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері»
мемлекеттік мекемелерінің тізімі


№ п/п

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекен-жайы

Байланыс телефондары

1

2

3

4

Ақмола облысы

1.

«Ақкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақкөл қаласы, Бегелдинов көшесі, 10

8 (716 38) 228-47

2.

«Аршалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аршалы ауылы, Республика көшесі, 30

8 (716 44) 225-14

3.

«Астрахань ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50

8 (716 41) 236-84

4.

«Атбасар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атбасар қаласы, Уәлихов көшесі, 11

8 (716 43) 242-72

5.

«Бұланды ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19

8 (716 46) 213-87

6.

«Егіндікөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Егіндікөл ауылы, Победа көшесі, н/ж

8 (716 42) 213-51

7.

«Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степняк қаласы, Ленин көшесі, 68

8 (71639) 216-20

8.

«Ерейментау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ерейментау қаласы, Әл-Фараби көшесі, 10

8 (716 33) 216-64

9.

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есіл қаласы, Дружба көшесі, 1

8 (716 47) 214-86, 215-69

10.

«Жақсы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаксы ауылы, Дружба көшесі, 3

8 (716 35) 217-04

11.

«Жарқайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Державинск қаласы, Ленин көшесі, 30

8 (716 48) 929-43

12.

«Зеренді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зеренді ауылы, Ленин көшесі, 43

8 (716 32) 226-02

13.

«Қорғалжын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қорғалжын ауылы Болғанбаев көшесі, 14

8 (716 37) 221-98

14.

«Сандықтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 120

8 (716 40) 917-01

15.

«Целиноград ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақмола ауылы, Гагарин көшесі, 15

8 (716 51) 312-06, 311-33

16.

«Шортанды аудандық әкімінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шортанды ауылы, Абылайхан көшесі, 22

8 (716 31) 215-04, 211-44

17.

«Щучинск ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34

8 (716 36) 458-88

18.

«Степногорск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Степногорск қаласы, 4 мөлтекауданы,1 үй

8 (716 45) 619-09

19.

«Көкшетау қаласы әкімідігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Құдайбердиев көшесі, 57

8 (7162) 401-364

Ақтөбе облысы

1.

«Алға ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Алға қаласы, 4 мөлтекаудан, 7 «а» үй

8 (71337)318-76, 333-46, 541-95

2.

«Әйтеке би ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Комсомол ауылы, Жүргенов көшесі, 52

8 (713 39) 215-35, 216-80

3.

«Байғанин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байғанин ауылы, Қонаев көшесі, 36

8 (713 45) 225-56, 228-50

4.

«Ырғыз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ырғыз ауылы, Әбілхайыр хан даңғылы, 52

8 (713 43) 213-77, 215-63

5.

«Қарғалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бадамша ауылы, Цыбульчик көшесі, 2

8 (713 42) 215-33, 230-02

6.

«Қобда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қобда ауылы, Достық көшесі,53

8 (713 41) 215-33, 214-39

7.

«Мәртөк ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 36

8 (713 31) 216-33, 215-49

8.

«Мұғалжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қандыағаш қаласы Гагарин көшесі,6

8 (713 33) 362-01, 367-22

9.

«Темір ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шұбарқұды ауылы,Киреев көшесі, 4

8 (713 46) 227-48, 227-84

10.

«Ойыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ойыл ауылы, Жолмырзаев көшесі, 3

8 (713 32) 217-44, 217-32

11.

«Хромтау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Хромтау қаласы, Спортивный бұрылысы, 2

8 (713 36) 216-51, 216-52

12.

«Шалқар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шалқар қаласы, Көтібар ұлы көшесі, 84

8 (713 35) 213-36, 231-93

13.

«Ақтөбе қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіе»

Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2

8 (7132) 211605, 211580

Алматы облысы

1.

«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы Қонае көшесі, 50

8 (728 33) 210-33, 225-64

2.

«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір поселкісі, Желтоқсан көшесі, 5

8 (728 32) 215-80, 222-90

3.

«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы,Қонаев көшесі,72

8 (728 73) 913-70, 918-53

4.

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы, Алматы көшесі, 312

8 (728 75) 453-57, 415-50

5.

«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ п, Оразбеков көшесі, 31

8 (728 36) 312-00, 307-74

6.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынағаш ауылы, Мәжітов көшесі, 4

8 (728 70) 228-51, 233-48

7.

«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр п, Титов көшесі, 33

8 (728)52-235-05, 236-94

8.

«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы, Молдағұлова көшесі, 67

8 (728 34) 215-36, 213-82

9.

«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы, Қабанбай батыр көшесі, н/ж

8(728 71) 210-80, 220-37

10.

«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек п, Тимирязев көшесі,1

8 (728 40) 320-68, 314-34

11.

«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би, Мырзабеков көшесі, 38

8 (728 38) 217-61, 202-95

12.

«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 22

8 (728 31) 507-69, 517-75

13.

«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі, 19

8 (728 77) 212-52, 214-50

14.

«Саркант ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саркант қаласы, Тынышбаев көшесі, 8

8 (728 39) 227-39, 213-04

15.

«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65

8 (728 74) 214-00, 236-89

16.

«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы, Исмаилов көшесі, 70

8 (728 78) 228-25, 217-04

17.

«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13

8 (728 72) 422-65, 411-76

18.

«Текелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы, Абылайхан көшесі, 34

8 (728 72) 425-24, 447-70

19.

«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256

8 (728 22) 710-00, 707-08

Атырау облысы

1.

«Атырау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Азаттылық алаңы, 65 А

8(712 23)548-47, 328209

2.

«Жылыой ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлсары қаласы, Әбдрахманов көшесі, 47

8(712 37) 214-85

3.

«Индер ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Индер п, Конаев көшесі, 18

8(712 34) 210-50

4.

«Махамбет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Махамбет ауылы, Махамбета көшесі, 13

8(712 36) 210-21

5.

«Исатай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі,7

8(712 31) 204-57

6.

«Мақат ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мақат п, Железнодорожная көшесі, 5

8(71239)300-13

7.

«Құрманғазы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ганюшкино ауылы, Кушекбаев көшесі, 25

8(712 33) 204-99

8.

«Қызылқоған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Миялы ауылы, Карабалин көшесі, 24

8(712 38) 211-75

Шығыс Қазақстан облысы

1.

«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Карауыл ауылы, Құтжанов көшесі, 1

8 (722)52-918-17

2.

«Аягөз ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аягөз, Момышұлы көшесі, 58

8 (722 37) 315-34

3.

«Бесқарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Большая Владимировка ауылы, Сейфуллина көшесі, 162

8 (722 36) 914-44

4.

«Бородулиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бородулиха, ауылы Түсіпжанов көшесі, 39

8 (722 51) 291-77

5.

«Глубокое ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Глубокое п, Пирогов көшесі, 6

8 (722 31) 215-33

6.

«Жарма ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Георгиевка ауылы, Ленин көшесі, 101

8 (722 47) 619-74

7.

«Зайсан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зайсан қаласы, Жанкелді көшесі, 54

8 (722 40) 217-88

8.

«Зырянов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Зырянов қаласы, Киров көшесі, 54

8 (722 35) 400-69

9.

«Қатон-Қарағай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үлкен Нарым ауылы, Абылайхан көшесі,109

8 (722 41) 214-40

10.

«Көкпекті ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көкпекті ауылы, Раев көшесі, 44

8 (722 48) 273-11

11.

«Курчатов қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Курчатов қаласы, Ленин көшесі, 10

8 (722 51) 257-45

12.

«Күршім ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Күршім ауылы, Момышұлы көшесі, 85

8 (722 39) 331-43

13.

«Ридер қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ридер қаласы Семипалатинская көшесі, 10

8 (722 36) 424-98

14.

«Семей қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8

8 (722 25) 225-40

15.

«Тарбағатай а ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 14

8 (722 46) 220-16

16.

«Ұлан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Молодежный п, 1 үй

8 (722 38) 273-45

17.

«Үржар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үржар ауылы, Жамбыл көшесі, 19

8 (722 30) 213-78

18.

«Шемонаиха ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шемонаиха қаласы, Чапаев көшесі, 35

8 (722 32) 317-04

19.

«Өскемен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Урицкий көшесі, 10а

8 (722 22) 411-91

Жамбыл облысы

1.

«Байзақ а ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, 104

8(726 37) 218-67

2.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аса ауылы, Абай көшесі,121

8(726 33) 211-54

3.

«Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі, 273

8(726 35) 211-70

4.

«Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 273

8(726 36) 210-94

5.

«Мерке ауданы әкімдігінің бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мерке ауылы, Исмаилов көшесі, 146

8(726 32) 217-86

6.

«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Байқадам ауылы, Рысқұлбеков көшесі, 133

8(726 42) 243-36

7.

«Т. Рысқұлов атындағы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі,1

8(726 31) 212-39

8.

«Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратау қаласы, Алексеев көшесі, 3

8(726 44) 609-19

9.

«Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі, 31

8(726 34) 630-32

10.

«Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Төле би ауылы, Төле би көшесі, 240

8(726 38) 321-94

11.

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Аскаров көшесі, 47

8(726 24) 316-79

Батыс Қазақстан облысы

1.

«Ақжайық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Чапаево ауылы, Қонаев көшесі,72

8(711 36) 924-46

2.

«Бөкейорда ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сайхын ауылы, Жароков көшесі, 29

8(711 40) 211-12

3.

«Бөрлі а ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсай қаласы, Шәкенов көшесі, 4

8(711 33) 223-32

4.

«Жаңақала ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақала ауылы, Дружбы народов көшесі, 42

8(711 41) 222-50

5.

«Жәнібек а ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жәнібек ауылы, Ихсанов көшесі, 93

8(711 35) 214-74

6.

«Зеленов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Периметное ауылы, Гагарин көшесі, 71

8(711 30) 231-76

7.

«Казталов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Казталов ауылы, Шарафутдинов көшесі 3

8(711 44) 316-80

8.

«Қаратөте ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, 18

8(711 45) 313-08

9.

«Сырым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жымпиты ауылы, Казахстанская көшесі, 14

8(711 34) 313-06

10.

«Тасқала ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 23

8(711 39) 210-92

11.

«Теректі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федорово ауылы, Бойново көшесі,18

8(711 32) 230-54

12.

«Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 89

8(711 37) 336-37

13.

«Орал қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Дружба көшесі, 145

8(711 25) 086-47

Қарағанды облысы

1.

«Абай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Абай қаласы, К.Маркс көшесі, 43

8(721 31) 437-69, 433-78

2.

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Бөкейхан даңғылы,10

8(721 37) 213-99

3.

«Бұхаржырау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ботақара п, Абылайхан көшесі, 36

8(721 54) 211-43, 212-16, 219-91

4.

«Жаңаарқа ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Атасу ауылы, Сейфуллин көшесі,10

8(721 30) 274-98,265-02

5.

«Қарқаралы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарқаралы қаласы Ленин көшесі, 55

8(321 46) 321-82,

329-22


6.

«Нұра аудандық әкімінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Киевка п, Тәуелсіздік көшесі, 41

8(721 44) 226-40,

7.

«Осакаров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Осакаров п, Целинная көшесі, 3а

8(321 49) 413-73, 41573

8.

«Ұлытау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Улытау ауылы, Бұлқышев көшесі,19

8(721 35) 212-95,

214-27


9.

«Шет ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі,14

8(721 31) 215-11, 215-82, 214-41

10.

«Балхаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балхаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 5

8(710 36) 462-37, 462-38

11.

«Жезқазған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жезқазған қаласы, Алаш хан алаңы, 1

8(710 7) 12-399,

12-787


12.

«Қарағанды қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Мичурин көшесі,3/1

8(7212) 415-079, 424778

13.

«Қаражал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаражал қаласы, 25-ші орам, 23 үй

8(71032) 269-00

14.

«Приозерск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Приозерск қаласы, Пушкин көшесі,7

8(710 39) 530-92

15.

«Саран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 65

8(721 37) 405-55,

239-90


16.

«Сәтбаев қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сәтпаев қаласы, Сатпаев даңғылы,111

8(710 63) 379-34

17.

«Теміртау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Теміртау қаласы, Димитрова көшесі, 11/1

8(721 39) 854-82,

984963


18.

«Шахтинск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шахтинск қаласы, Абай даңғылы, 58б

8(721 56) 550-95,

552-38


Қызылорда облысы

1.

«Қызылорда қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Тажибаев көшесі, н/ж

8(724 22) 762-16

2.

«Арал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арал қаласы, Школьная көшесі, 35

8(724 33) 216-70

3.

«Қазалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әйтеке би ауылы, Жаңақожа батыр көшесі,11

8(724 38) 221-84

4.

«Қармақшы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жосалы ст-ы, Рысқұлов көшесі, 21

8(724 37) 221-84

5.

«Жалағаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жалағаш ауылы, Желтоқсан көшесі, 3

8(727 31) 314-48

6.

«Сырдария ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тереңөзек ауылы, Жамбыл көшесі, 18

8(724 36) 217-78

7.

«Шиелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шиелі п, Рысқұлов көшесі, 19

8(724 32) 414-16

8.

«Жаңақорған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңақорған ауылы, Аманкелді көшесі н/ж

8(724 36) 223-36

Қостанай облысы

1.

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Силантьевка ауылы, Шипин көшесі, 1

8(71445)-2-12-548(71445)-2-11-84

2.

«Аманкелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аманкелді ауылы, Б. Майлин көшесі, 14

8(71440)-2-15-83 8(71440)-2-12-68

3.

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әулиекөл ауылы Ленин көшесі, 29

8(71453)-2-11-40

4.

«Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5

8(71434)-9-13-06 8(71434)-9-26-01

5.

«Жанкелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Торғай ауылы, Алтынсарин көшесі, 4

8(71439)-2-11-62 8(71439)-2-15-77

6.

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жітіқара қаласы, 4 мөлтекаудан, 27

8(71435)-2-30-37 8(71435)-2-49-77

7.

«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабалық ауылы, Ленин ауылы, 9

8(71441)-3-31-76 8(71441)-3-23-22

8.

«Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қамысты ауылы, Ленин көшесі, 22

8(71437)-2-16-52 8(71437)-2-10-71

9.

«Қарасу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарасу ауылы, Исаков ауылы, 68

8(71452)-2-14-80

10.

«Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Затобольск ауылы, Школьная ауылы, 40

8(71455)-2-18-47 8(71455)-2-42-48

11.

«Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Боровское ауылы, Школьная көшесі, 6

8(71443)-2-22-71 8(71443)-2-16-89

12.

«Науырзым ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қараменді ауылы, Ш. Жанібек көшесі, 1

8(71454)-2-14-49

13.

«Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыкөл ауылы, Ленин көшесі, 91

8(71451)-2-17-43

14.

«Таран ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Таран ауылы, Калинин көшесі, 60

8(71436)-3-67-54

15.

«Ұзынкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынкөл ауылы, Абылай хан көшесі, 38

8(71444)-2-42-35

16.

«Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Федоровка ауылы, Ленин көшесі, 14

8(71442)-2-19-04 8(71442)-2-19-50

17.

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29

8(71430)-7-09-36 8(71430)-7-19-50

18.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68

8(7142)-50-30-03

19.

«Лисаковск қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лискаковск қаласы, 2 мөлтекаудан, 8 үй

8(71433)-3-26-918(71433)-3-43-61

20.

«Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Рудный қаласы, Ленин көшесі, 30

8(71431)-4-65-178(71431)-4-67-78

Маңғыстау облысы

1.

«Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы, 4 мөлтекаудан

8(729 23) 365-51

2.

«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, «Шұғыла» мөлтекаудан, қалалық ББ ғимараты

8(729 34) 317-52

3.

«Бейнеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауылы, Тажиев көшесі, Әкімшілік ғимараты

8(729 32) 210-46

4.

«Қарақия ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құрық ауылы, Батыр көшесі, 2

8(729 37) 213-54

5.

«Түпқараған ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев көшесі, 5

8(729 38) 227-49

6.

«Маңғыстау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шетпе ауылы, Орталық алаң, 1

8(729 31) 216-65

7.

«Мұнайлы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауылы, Қоғамдық ұйымдар үйі

8(729 24) 661-62

Павлодар облысы

1.

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25

8(718 23) 209-50

2.

«Ақсу қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы, Камзин көшесі, 14

8(718 37) 512-12

3.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы, Ленин көшесі, 101

8(718 77) 716-92

4.

«Ақтоғай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 77

8(718 41) 215-77

5.

«Баянауыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауылы, Әуезов көшесі, 19

8(718 40) 915-36

6.

«Железин ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауылы, Квитков көшесі, 7

8(718 31) 220-80

7.

«Ертіс ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауылы, Елгин көшесі, 4

8(718 32) 211-40

8.

«Қашыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қашыр ауылы, Ленин көшесі, 236

8(718 33) 215-85

9.

«Лебяжі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауылы, Мир көшесі, 1

8(718 39) 217-86

10.

«Май ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Май ауылы, Абылай хан көшесі, 24

8(718 38) 917-70

11.

«Успен ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауылы, Петровский көшесі, 17

8(718 34) 910-69

12.

«Шарбақты ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты, Советов көшесі, 53

8(718 36) 217-77

13.

«Павлодар қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22

8(718 23) 294-84

Солтүстік Қазақстан облысы

1.

«Айыртау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Саумалкөл ауылы, 20-мөлтекаудан

8(715 33) 271-56

2.

«Ақжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талшық ауылы, Целинный көшесі, 13

8(715 46) 221-74

3.

«Аққайың ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Смирнов ауылы,Труд көшесі, 16

8(715 32) 220-38

4.

«Есіл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Явленка ауылы, Ленина көшесі, 12

8(715 43) 210-37

5.

«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Пресновка ауылы, Шайкин көшесі, 30

8(715 44) 200-01

6.

«М. Жұмабаев атындағы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Булаев қаласы, С.Мұқанов көшесі, 34

8(715 31) 201-66

7.

«Қызылжар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бішкүл п, Молодежная көшесі, 2

8(715 38) 211-63

8.

«Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мамлют ауылы, А.Құнанбаев көшесі, 5

8(715 41) 225-38

9.

«Ғ. Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Новоишим п, Школьная көшесі, 19

8(715 35) 221-02

10.

«Тайынша ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі"

Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 206

8(715 36) 210-75

11.

«Тимирязов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тимирязев ауылы, Уәлиханов көшесі, 25

8(715 37) 205-85

12.

«Уәлиханов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кішкенекөл ауылы, Жамбыл көшесі, 76

8(715 42) 220-83

13.

«Шал ақын ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сергеев қаласы, Желтоқсан көшесі, 14

8(715 34) 220-48

14.

«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 23

8(715 24) 605-61

Оңтүстік Қазақстан облысы

1.

«Арыс қалалық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Арыс қаласы, Ибрагимов көшесі, 35

8(725 40) 217-01, 226-82

2.

«Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Шаян ауылы, Тасболатов көшесі, 1

8(725 48) 215-52

3.

«Қазығұрт аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Қазығұрт ауылы, Қонаев көшесі н/ж

8(725 39) 228-00

4.

«Мақтаарал аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Жетісай қаласы, Яссауи көшесі, 3

8(725 34) 652-65

5.

«Ордабасы аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Темірлан ауылы, Рысқұлов көшесі,17

8(725 30) 221-21

6.

«Отырар аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Шәуілдір ауылы, Жібек жолы, н/ж

8(725 44) 214-51

7.

«Сайрам аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Ақсу ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ж

8(725 31) 214-51

8.

«Сарыағаш аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Сарыағаш қаласы, Ұманов көшесі,10

8(725 37) 214-93

9.

«Созақ аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, н/ж

8(725 46)422-21

10.

«Төле би аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Ленгір қаласы, Төле би көшесі, 294

8(72547) 616-22

11.

«Түлкібас аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Т. Рысқұлов ауылы, Қонаев көшесі, 44

8(725 38) 521-21

12.

«Түркістан аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Түркістан қаласы, Әйтеке Би көшесі, 29

8(725 33) 430-67

13.

«Шардара аудандық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Шардара қаласы, Шардара тұйық көшесі, н/ж

8(725 35) 221-51

14.

«Кентау қалалық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Кентау қаласы, Қонаев көшесі, 10 «а»

8(725 36) 300-50, 325-41

15.

«Шымкент қалалық білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Шымкент қаласы, Жангельдин көшесі, 42

8(7252) 542787

Астана қаласы

1.

Астана қаласы әкімдігінің білім басқармасы

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

8 (7172) 556875

Алматы қаласы

1.

«Әуезов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 23

8(727)-2-298-2831

2.

«Бостандық ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191

8(727)-2 275-24-75

3.

«Жетісу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 115

8(727)-2-279-25-87

4.

«Алатау ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, «Ұлжан»-1 мөлтекауданы, ОШ-152

8(727)-2- 271-10-91

5.

«Алмалы ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 260

8(727)-2-375- 82-37

6.

«Медеу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 72

8(727)-2- 293-91-61, 291-73-01

7.

«Түрксіб ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттiк мекемесі

Алматы қаласы, Шолохов көшесі, 28

8(727)-2-234-10-50

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына   
жіберу алу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа
дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою» 
мемлекеттік қызмет стандартына      
2-қосымша                 



Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдіктерінің жергілікті атқарушы органдарының тізбесі
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізімі
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін берілетін жолдаманың үлгісі
Кесте. сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Кесте. сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына және үйге тегін тасымалдаумен қамтамасыз ету туралы анықтаманың үлгісі
Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдіктердің тізімі
Облыстардың, астана және алматы қалаларының білім басқармаларының тізімі

Каталог: files -> userfiles
userfiles -> 85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі
userfiles -> Пайдаланған әдебиеттер
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> «елінің ерке серісі» (Ақан сері Қорамсаұлы)
userfiles -> Қазақстан тарихы
userfiles -> КӨгілдір экран – терең тамырлы өнер (Ж. ТӨлендинов – 85 жыл)
userfiles -> «Ұлы жеңіске – МӘҢгілік тағзым» кітап көрмесі
userfiles -> «сарыарқа самалы» атты облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармалар жинағы тұсаукесерінің сценарийі
userfiles -> «Қасиетті ана тілім, бал тілім» атты мақал-мәтелдер сайысының ережесі жалпы ереже Осы ереже «Қасиетті ана тілім, бал тілім»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу