«Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім
беру ұйымдарына білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1, 2 және 3-тармақтары;
2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2 және 3-тармақтары;
3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;
4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;
5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;
6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналасқан.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе электрондық цифрлы қолмен расталған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап:
1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда – 15 жұмыс күнін;
2) лицензия және лицензияға қосымша қайта ресімдеу кезіндее – 10 жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
«Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады:
1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде – төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткіш;
2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Төлем тапсырмасы ақының төленгенін растайтын құжат болып табылады.
Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады.
Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:
1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;
4) Жарғы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;
5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
Құжаттардың деректері:
өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде өздігінен алады.
Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.
Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға косымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.
Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезіндегі бүлінген бланк (уәкілетті органға қайтарылады).
Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.
Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.
13. Порталда электрондық өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.
14. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Көрсетілген қызметтің нәтіжесін порталда жеткізу тәсілі – «еке кабинетте».
16. Егер:
1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);
2) лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға, білім беру қызметін жүргізу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;
3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі:
1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;
2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;
4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;
5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындылығы;
6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;
2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;
3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:
1) осы стандарттың 21-тармағының 3) тармақшасында мекенжайы мен телефоны көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;
2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.
23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына
білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік қызметінің стандартына
1- қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні
|
Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақытылық
|
1.1. құжат тапсырылған кезден белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапа
|
2.1. қызмет көрсету барысының сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. қызмет көрсету сапасы және қызмет көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. ақпарат электрондық түрде қолжетімді қызметтер % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану барысы
|
4.1. осы қызмет бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылылық
|
5.1.персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен
қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына
білім беру қызметін жүргізуге лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын
беру» мемлекеттік қызметінің стандартына
2- қосымша
Лауазымды тұлғалардың байланыс деректері
№
|
Аты-жөні
|
Лауазымы
|
Мекен-жай
|
Телефон
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы
|
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары
|
Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 841-бөлме
|
74-15-43
|
2
|
Бөлебаева Ләззат Кайдирбекқызы
|
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары
|
Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 946-бөлме
|
74-22-14
|
3
|
Гаипов Зұлфұхар Сұлтанұлы
|
ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары
|
Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 837-бөлме
|
74-23-75
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1119 қаулысымен
бекітілген
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат
нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (толық атауы, заңды мекенжайы құрылтайшылық құжаттарында көрсетілген) негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Экстернат нысанындағы оқытуды ұйымдастыру «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 27-бабына, 6-бабының 3-тармағының 25-7) тармақшасына, 4-тармағының 21-3) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
10. Мемлекеттік қызмет аудандық (қалалық) білім бөлімінің (басқармасының) анықтауымен мемлекеттік қызметті алушы экстернат нысанында білім алуға өтініш білдірген білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады.
Ғимараттың ішіндегі қызмет көрсетілетін орынжайлар көлемі, орналасуы және кескіні жағынан сапалы қызмет көрсетуге арналған талаптарға сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы болуы үшін креслолар мен орындықтар қойылған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркін үлгіде ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына береді.
Өтінішке қоса:
1) білім алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптаманың анықтама-қорытындысын;
2) білім алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде білім алғандығын растайтын құжатты;
3) білім алушылардың соңғы оқыған сыныбында берілген үлгерім табелінің көшірмесін (нотариалды расталған) ұсынады.
12. Экстернді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы шешім білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қабылданады.
Тұлғаларды экстернат нысанындағы аттестаттауға жіберу туралы бұйрықты білім беру ұйымы шығарады.
13. Мемлекеттік қызметті алушылардың құжаттары білім беру ұйымының кеңсесіне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметті алушыға алынған күні туралы белгі қойылған тізімдеме беріледі.
15. Көрсетілген қызмет нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті алушының жеке қатысуымен болады.
16. Мынадай:
1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда;
2) денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беру ұйымдарында оқуға мүмкіндігі жоқ тұлғаларға;
3) шетелде уақытша тұратын немесе тұрақты тұруға кеткен, немесе оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде білім алушыларға;
4) негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында уақытында оқуын аяқтамаған тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Білім беру ұйымының қызметі:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышты орындау барысында заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) құжаттарды қорғау және олардың құпиялығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1- қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапалық және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын білім саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Білім беру ұйымдары қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының басшысынан алуға болады.
21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада мекенжайлары көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне жүгіне алады.
22. Шағымдар жазбаша нысанда поштамен не білім беру ұйымының немесе мемлекетік органның немесе басқа да ұйымдардың кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
24 Азаматтардың өтініштері, оның ішінде шағымдары еркін нысанда, жазбаша түрде қабылданады. Қажет болған жағдайда мәселенің сипатына байланысты қосымша құжаттар ұсынылуы мүмкін.
25. Қабылданған шағымдар кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарында экстернат нысанында
оқытуға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |