Пәннің оқу процесіндегі мақсаты, міндеті мен орны Пәнді оқытудың мақсаты – «Құрылыс материалдары» пәнін оқытудың мақсаты-оқытудың құрылыста тиімді пайдалану үшін құрылыс материалдары мен бұйымдарының технологиясын және оларды құрылыста ұтымды пайдалану үшін номенклатурасын меңгерген жоғары санатты бакалаврларды дайындау.
1.2. Пәнді оқытудың міндеттері: Бұл пәнді оқу нәтижесінде студенттер Дублин дескрипторларынын талабына сәйкес төмендегі құзырлықтарға жүгінулері керек:
-құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын білу;
-құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының номенклатурасын білу;
-құрылыс материалдары мен бұйымдарының қасиеттерінің және оларды бағалау әдістерін білу;
-құрылыс материалдарының құрамы, құрылысы мен қасиеттерінің өзара байланысын түсіну;
-тағайындалуы әртүрлі құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіру технологиясының негіздерін білу;