Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі кЗертханалық сабақтың тақырыбы
2.Оқу сабақтарын өткізу түрлері: Лекциялар: онлайн-форматта, бейне-дәрістер, тренингтер, қонақ лекциялары, вебинарлар, бейнеконференциялар, белсенді интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы, дискуссиялар, университеттің ПОҚ және ҚР жетекші жоғары оқу орындары мен шетелдік жоғары оқу орындары әзірлеген ЖАОК; Зертханалық сабақтар: виртуалды зертханалық жұмыстар, зерттеу, эксперименттік, зертханалық жұмыстарды жеке орындау, зертханалық жұмыстарды топтық орындау, кәсіпорындардағы сабақтар, далалық зерттеулер және т. б. Практикалық (семинар) сабақтар: стартаптарды, жобаларды әзірлеумен практикалық-бағдарланған тәсіл, практикалық жағдайларды талдау (case-study), виртуалды практикалық тапсырмаларды орындау және т. б. СӨЖ: Тапсырмаларға жатады: лекция конспектілерін құрастыру, есептерді шешу, бақылау жұмыстарын орындау, глоссарий, эссе, реферат, портфолио жазу, презентациялар дайындау және т.б. *СӨЖ тақырыптары СӨЖ орындау бойынша әдістемелік нұсқауларда берілген. 3.1 Студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білімдерін бақылауды қамтиды: лекциялардағы сұрау, практ (семин. сабақтарындағы сұрау және сабақ айту, үй тапсырмасын орындау, зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау, СӨЖ және курстық жұмысты (жобаны) қорғау; 3.2 Аралық бақылау - коллоквиумдарды тапсыру, ауызша сұрау жүргізу, жазбаша жұмыстарды, тест тапсырмаларын қорғау және т.б. үлгілер. (оқытушының қалауы бойынша); 4. 1 Оқытушының талаптары: 4.1.1 Студент өз бетінше және уақытында тапсырмаларды орындауға міндетті, тізімі мен санын пән бойынша кредиттер санына сәйкес кафедра анықтайды. 4.1.2 Дедлайнның бұзылуымен тапсырылған тапсырмалар белгіленген бағадан 20% төмен бағаланады; 4.1.3 Сабаққа қатаң түрде кесте бойынша қатысу; 4.1.4 Ауырған жағдайда сабақта болмағаны үшін анықтама ұсыну; 4.1.5. Жіберілген сабақтарды студент кафедрада бекітілген ОСӨЖ кестесі бойынша тапсырады. 4.1.6 Онлайн-сабақтарда міндетті түрде дресс-кодты және сөйлеу этикетін сақтау; 4.1.7. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда оқытушы студентті аудиториядан шығарады (онлайн сабақтар кезінде – студентті осы сабақтан блоктайды) және сабақтан себепсіз қалу фактісін тіркейді. 4.1.8 Академиялық адалдық ережелерін сақтау: жазбаша жұмыстарды ұсыну кезінде плагиатқа, көшіріп алу және алдаудың өзге де түрлеріне жол бермеу; 4.1.9 Жазбаша емтихандарда плагиатқа тексеруден өтпеген жауаптар есептелмейді, бұған қанағаттанарлықсыз деген баға қойылады; жүктеу/скачать 239 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |