Пәннің міндеттері:
- химиялық өндірістің құрамы және құрылымымен танысу;
- өнеркәсіптік өндіріс жағдайларда химиялық процестердің типтік заңдылықтарын оқып үйрену;
- типтік химия-технологиялық процестер мен жүйелерді талдау, зерттеп дайындау және тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін оқып үйрену;
- химия-технологиялық жүйелерді талдау және синтездеу барысында қолданылатын ассоциативтік инженерлік ой-өрісті және білімдарлықты дамыту;
- алдыңғы қатарлы өндірістер мысалында химия-технологиялық жүйелер құру негіздерін оқып үйрену.
Басқа пәндермен байланысы: «Химиялық технология» пәнін оқып үйрену Бейорганикалық химия, Органикалық химия және Аналитикалық химия пәндерін оқып үәрену нәтижесінде алынған білімдерге негізделген..
Пререквизиттері: Бейорганикалық химия, Органикалық химия және Аналитикалық химия.
Постреквизиттері: Мамандық бойынша кешенді емтихан, дипломдық жұмыс.
Пәнді оқыту нәтижелері:
химия-технологиялық процестердің физика-химиялық заңдылықтарын және теориялық негіздерін тұжырымдау;; химиялық кинетика шеңберінде біртекті, әртекті және әртекті-катализдік процестерді шергермелеу;
технологиялық үлгілердің элементтерін сипаттау үшін негізгі кинетикалық параметрлерді қолдану
химия-технологиялық процестердің матриалдық және жылулық баланстарын есептеу және талдау;
ХТЖ-ң моделдері мен технологиялық байланыстарын талдау және синтездеу;
виртуалды зертханалық жұмыс орындау арқылы технологиялық процесті бағалау.
2.Курстың тақырыптық жоспары
Достарыңызбен бөлісу: |