65
VI
ТАРАУ. БАЛАЛАРДЫ ЖҮЙЕЛІ СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
6.1.
Әңгімелесу
–
балаларды жүйелі диалогтық сөйлеуге үйретудің
негізгі құралы ретінде
Әңгімелесу үйрету әдісі ретінде
–
тәрбиешінің балалар тобымен белгілі
бір тақырыпта мақсатты, алдын ала дайындалған әңгімелесуі. Балабақшада
жалпылау
және
елестету
әңгімелері пайдаланылады. Бірінші және екінші
жағдайда
–
бұл балалардың бар білімін жүйелендіретін, бұрын жинаған
фактілердің талдауын жүзеге асыратын қорытынды сабақ. Әңгімелесу
–
сөздікті белсендірудің тиімді әдісі, себебі тәрбиеші балаларды жауап үшін
анығырақ, жақсы сөздерді іздеуіне түрткі болады [11]. Алайда, педагог пен
баланың сөйлеу белсенділіктерінің дұрыс байланысы бұл үшін қажетті шарт
болып табылады. Тәрбиешінің сөйлеу реакциясы барлық айтылған пікірдің
тек 1/4
-
1/3, ал қалғаны балалардың үлесіне тиесілі болғаны жөн.
Әңгімелесудің мағынасы зор. Ол балалардың бұрын алған білімін,
нақтылайды, толықтырады, бекітеді және жүйелендіреді. Өз ойын қарапайым
және анық білдіруді, тақырыптан ауытқымай дәйекті ойлауды үйретеді.
Әңгімелесу арқылы тұрақты зейін, басқалардың сөйлеуін тыңдау және түсіну
білігі тәрбиеленеді. Айқайламай, жеткілікті жоғары дауыспен сөйлеу әдетін
тәрбиелейді. Еңбекке, үлкендердің еңбегіне, Отанға деген сүйіспеншілік пен
құрметке деген қарым
-
қатынасты, өсімдіктерге, жануарларға қамқорлық
көрсету дағдыларын және т.б. тәрбиелейді. Әңгімелесу тәрбиелік мағынаға
ие. Идеялық
-
өнегелік қуат сөйлесудің дұрыс таңдалған мазмұнын атқарады
(Біздің қала несімен танымал? Автобуста, трамвайда неге
қатты сөйлеуге
болмайды? Біз балаларымызды немемен
қуанта аламыз?). Әңгімелесудің
ұйымдастырушылық нысанын да тәрбиелейді. Балалардың бір
-
біріне деген
қызығушылығы арта түседі, білуге құмарлық, көпшілдік, сондай
-
ақ
табандылық, өнегелілік және т.б. секілді қасиеттер дамиды. Әңгімелесудің
көптеген тақырыптары балалардың мінез
-
құлқына, әрекетіне әсер ету үшін
мүмкіндік береді. Әңгімелесу үйрету әдісі ретінде жоғары және дайындық
топтарда
Достарыңызбен бөлісу: