4.
«Қарағайлы ормандағы аю» дидактикалық жаттығуы
Ойын мақсаты.
Балалардың сөйлеу белсенділігін, өлең сөзімен өз
қимылын сәйкестендіре білу икемділігін дамыту,
р
дыбысын дұрыс айтуға
жаттықтыру.
Ойын барысы.
Балалар орындықтарына отырады. Тәрбиеші балаларға
қарсы отырады да: «Балалар, біз бүгін «Қарағайлы ормандағы аю»» деп
аталатын ойын ойнаймыз. Мына суретке қараңдаршы (аю бейнеленген
суретті көрсетеді). Орманда жүрген аю үлкен екен. «Р
-
р
-
р» деп гүрілдейді.
Осы аю туралы өлеңді тыңдаңдар:
Аю жүрген орманнан,
Жидек тере мен барғам.
Аю отыр гүрілдеп,
Жарамайды мұның деп.
Аю қалай гүрілдейді? Келіңдер ойнайық. Қазір біз аюды таңдаймыз.
(Санамақтың көмегімен аюды таңдайды. Балаларды ұзақ күттірмеу үшін
санамақ әрқашанда өте қысқа болуы тиіс. Тәрбиеші аю
-
балаға бет
-
перде
кигізеді.) Міне, аю қандай! Ал ол гүрілдеп дыбыс шығара ала ма? Аю
-
бала:
«Р
-
р
-
р» деп гүрілдейді.
«Балалар, аю осы жерде, орманда тұрады (аюды бір орынға
отырғызады). Біз орманға барып, жеміс
-
жидек теріп келейік. Аюдың
гүрілдеген дауысы шыққанда, біз барлығымыз мына үйімізге қашамыз»,
-
деп
тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді.
Сөзі: Қимылы:
Аю жүрген орманнан, Тәрбиеші және балалар жеміс
-
жидек теріп
мен жидек тере барғам деп жүргендей қимыл көрсетеді де, аю тұрған
орманға қарай жақындайды.
Аю отыр гүр
-
р
-
рілдеп, Тәрбиеші және балалар қашады, аю оларға
жарамайды мұның деп. қуады. «Р
-
р
-
р!»
Тапсырма:
1. 3-
6 жастағы балалар үшін 2
-
3 грамматикалық жаттығу құрастыру.
2. Балаларды грамматикалық дұрыс сөйлеуге
үйрету бойынша конспект
құрастыру.
|